"Жетісу" футбол клубының директоры ұсталды
"Жетісу" футбол клубының директоры әрі жергілікті әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаев бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді.

Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі.
Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, бұрынырақ оның 1,8 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені туралы хабарланған еді.
https://t.me/antikornews
