Мазмұнға өту

Жаңа

Мәсімовке рақымшылық жасала ма?

Бұл сұраққа бүгін Парламент кулуарында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина жауап берді. Назгүл Рахметуллинаның айтуынша, Жоғарғы сотқа Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс келіп түспеген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы басшысының кешірім жасау туралы Президентке өтініш жолдағанын бұрын хабарлағанбыз. Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған еді. 2023 жылы сәуірдің аяғында Астана соты оны мемлекетке сатқындық жасағаны, билікті күшпен басып алуға талпынғаны, билік пен қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды. Қазір Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде ҰҚК тергеу қапасында отыр. Өйткені оған қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігінің 3-пу…

0
0
311

Елімізде судьялардың 350-ден астам жұмыс орны бос тұр - Денис Шипп

Қазақстанға қазір осынша судья қажет екен.

undefined

Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 3 жылдан аса уақыттан бері судьялар жоқ. Онда ешкім жұмыс істегісі келмейді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп мәлімдеді.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

0
0
301

Байден мен Зеленский Украинаны қорғауды көздейтін келісімге қол қойды

АҚШ және Украина президенттері Джо Байден мен Владимир Зеленский қауіпсіздік туралы екіжақты он жылдық келісімге қол қойды.

undefined

Фото: president.gov.ua

Келісім Украинаны қорғауды күшейтуге бағытталған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл құжат Киевтің НАТО-ға мүше болу мүмкіндігіне салынған көпір болмақ.

Бұрынырақ Польша президенті Анджей Дуда Украинаны НАТО-ға қабылдаудың ресми рәсімін мүмкіндігінше тезірек бастау керектігін мәлімдеген еді. Оның ойынша, Киевті әскери блокқа ресми түрде шақыратын уақыт келді.       

0
0
608

Қоқысқа батқан қайран Балқаш!

undefined

Жетісу облысының сүңгуірлері Балқаш көлін 360 келі қоқыстан тазартты.

ТЖМ сүңгуірлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұзындығы 10 шақырым және тереңдігі 5 метрге дейінгі Балқаш көлінің аумағы түрлі тұрмыстық қоқыстардан тазартылды.

Құтқарушылар Жетісу өлкесінің бірегей су айдындарының жағалау аймақтарын тазартуға ниетті.

0
0
377

Алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен Молдовада ұсталған қазақстандық әйел елге әкелінді

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Молдова Республикасынан қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін азаматшаны экстрадициялады.Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге материалдық баю мақсатында жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтықты жүзеге асырған.Оның рөлі - қаланың белгілі бір банктерінде шоттар ашу, бүркеме мәмілер бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттарда тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді көрсету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру.Қылмыстық топтың салық төлемеу түріндегі заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 1,4 млрд теңгеге жуық сомада залал келтірілген.Бұл қылмыстық…

0
0
410

Түркістан облысында блогерлер ұсталды

Түркістан облысында полиция бопсалау дерегіне қатысы бар деген күдікпен 2 блогерді қолға түсірді.

Облыстық ПД ҰҚҚКБ және Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады.
Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоқы жасап, ақша бопсалаумен айналысқан көрінеді.
Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотталған.

t.me/POLICE_of_KZ

0
0
361

Қазақстан жағдайға қарап тірлік жасауы керек – Сенат спикері

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Үкіметті Ұлттық қордан үнемі ақша ала беретіні үшін сынады.

undefined

Фото: parlam.kz

Әшімбаевтың айтуынша, біздің ел жағдайға қарап тірлік жасап жатқан жоқ. Яғни ақшаны аз тауып, көп жұмсаймыз.

Сенат төрағасының ойынша, егер қарызға ақша алына бермегенде, бүгінде Ұлттық қорда 150 млрд доллар тұрар еді. Бірақ қазір оның жартысынан да азы, яғни 60 млрд доллар бар.

«Қазақстанның тәуелсіз қорындағы 60 млрд доллар салыстырмалы түрде көп ақша емес. 30 жыл бойы мұнайды, шикізатты экспорттап отырған ел үшін бұл – тым аз қаражат», – деді Мәулен Әшімбаев.

0
0
263

Ресейде қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбейіп жатыр (видео)

Алайда қазақ тілі мұғалімдері тапшы болып тұр. Ресей өңірлерінде қазақ тіліне деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. 40 мың қазақ тұратын Түмен облысының бірнеше ауданында ана тілін міндетті пән ретінде оқытатын мектептер бар. Бірақ қазақ тілінен сабақ беретін мамандар аз. Түмен облысындағы мектептерде қазақ тілі үйірмелері де бар. Балаларының ана тілін білуін қалайтын ата-аналар да көбейген. "Осыдан 5-10 жыл бұрынғымен қазіргі кезді салыстыратын болсақ, қазіргі кезде қатарымызға келіп жатқан жастар, 10-15 бала ғана болатын. Қазіргі кезде 100-ден аса баламыз бар. Олар биімізге, домбырамызға келіп дайындалады. Жастарымыздың көбі өзіміздің тілге патриот деуге болады", - дейді Түмен қаласының тұрғыны Асқар Үбітайұлы. Аймақта қазақ тілін міндетті пән ретінде оқыту мүмкіндігі тек соңғы жылда…

0
0
334

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльді әуежайдан өзі шығарып салды (видео)

undefined

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, оны елорда әуежайынан шығарып салды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
305

Мәскеу биржасына салынған санкция Қазақстанға әсер ете ме?

Мәскеу биржасы – KASE-нің (Қазақстан қор биржасы) акционері.Фото: kapital.kzКеше АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің Мәскеу биржасына санкциялар салды.  Осыдан кейін онда доллар мен еуро саудасы тоқтады. Ал бұл биржа KASE акцияларының 13,1 пайызын иеленіп отыр (2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша).Бүгін еліміздің Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовке «Қазақстан ресейліктердің сол үлесін сатып ала ма?» деген сұрақ қойылды. Жауап мынадай болды:«Біз халықаралық кеңесшілерімізбен ақылдаса отырып, түрлі нұсқаларды қарастырамыз. Жағдайға барынша терең мониторинг жасаймыз».Бұл жерде ең алдымен «осы жағдай Қазақстан қор биржасына әсер ете ме?» деген сұрақ туындайтыны хақ. KASE-дегілер оған «әсер етпейді» деп кесімді жауап айтты.Олардың сөзінше, акциялардың тек 50 пайыз және одан көп ү…

0
0
247