Олжас Бектенов пен Юн Сок Ёль бірлескен қазақ-корей жобаларын іске асыру жайын талқылады
Астанада Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен кездесу өткізді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Президенті Юн Сок Ёльдің келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, өнеркәсіп, энергетика, авиация және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды күшейтуге назар аударылды. «Қазақстан сауда-экономикалық әріптестікті дамытуда үлкен перспективаларды көріп отыр. Екіжақты ынтымақтастықтың серпінді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды жүзеге асыруға бірден кірісуге дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Қазақстан энергетика, сирек кездесетін жер металдары…


