Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Мәскеу биржасына салынған санкция Қазақстанға әсер ете ме?

Мәскеу биржасы – KASE-нің (Қазақстан қор биржасы) акционері.

undefinedФото: kapital.kz


Кеше АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің Мәскеу биржасына санкциялар салды.  Осыдан кейін онда доллар мен еуро саудасы тоқтады. Ал бұл биржа KASE акцияларының 13,1 пайызын иеленіп отыр (2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша).

Бүгін еліміздің Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовке «Қазақстан ресейліктердің сол үлесін сатып ала ма?» деген сұрақ қойылды. Жауап мынадай болды:

«Біз халықаралық кеңесшілерімізбен ақылдаса отырып, түрлі нұсқаларды қарастырамыз. Жағдайға барынша терең мониторинг жасаймыз».

Бұл жерде ең алдымен «осы жағдай Қазақстан қор биржасына әсер ете ме?» деген сұрақ туындайтыны хақ. KASE-дегілер оған «әсер етпейді» деп кесімді жауап айтты.

Олардың сөзінше, акциялардың тек 50 пайыз және одан көп үлесін иемденетіндерден ғана қауіп төнеді. Ал Мәскеу биржасының KASE-дегі үлесі 13,1 пайыз екенін жоғарыда айттық.

0
0
205

Осы тақырып бойынша