Мазмұнға өту
Шымкент жаңалықтары
112 жазбалар4 тіркелуші

Шымкент — Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі, оңтүстікте орналасқан. Қала өзінің ежелгі тарихымен, мәдениетімен және қонақжай халқымен ерекшеленеді. Жасыл саябақтары, заманауи сәулеті мен көркем табиғаты Шымкентті еліміздің ерекше шаһарына айналдырады.

ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРАН АУДАНЫНДА ҚОС ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Ақтас және Ақтас-2 елді мекендеріне табиғи газ берілді. —Газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, биыл аяқталды. Нәтижесінде 16,7 шақырым газ құбыры тартылып, 1 380 абонент көгілдір отынды тұтынуға мүмкіндік алды. Жақында Арғымақ елді мекенін де табиғи газға қосамыз. Сөйтіп Тұран ауданындағы газдандыру көрсеткіші 98 пайызға жетеді. Ендігі жерде Құрсай және Жаңаталап елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп қойдық. 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталады. Сонда 2025 жылға газбен қамтамасыз етілмеген тек Айкөл елді мекені ғана қалып отыр. 2025 жылы Айкөлге де газ жеткізсек, Тұран ауданында газ мәселесі толық шешіледі, — деді Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков. Көгілдір отынға…

0
0
210

БАЗАР МАҢЫНДАҒЫ ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛДЕРІ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Қаладағы «Алаш», «Бекжан» базарлары көлік ағыны жоғары, халық көп шоғырланатын аумақ болып саналады. Сондықтан, биыл сауда орындары маңына А-2 автомобиль жолы мен Темірлан тас жолы бойында 3 жер асты өткелінің құрылысы қолға алынған болатын.Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Алаш» базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде болып, жаңа нысандардың сапасын тексерді. Құрылысы жарты жылда жүргізілген жер асты өткелдері бүгін қолданысқа берілді. Енді осы аумақтағы жаяу жүргіншілердің қатынауы жеңілдеп, көлік кептелісі азаятын болады. Темірлан тас жолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің ұзындығы 42,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Жобаға сәйкес, А-2 автомобиль жолындағы өткел ұзындығы — 36,5 метр, ені 6,8 метр, биіктігі 2,6 метрді құрайды. Қала басшысы аудан әкімі…

0
0
187

ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН КЕҢЕЙТУДЕ ЖОЛ КАРТАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәжілісте Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасының мәселелері талқыланды. Жиында зауытты ұлғайтуға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру тетіктері мен өзекті мәселелер қаралды.Мәжілісте қала әкімі зауытты кеңейту жобасын жүзеге асыру барысындағы жұмыстарға тоқталды. – Шымкент мұнай өңдеу зауыты – еліміздегі жетекші 3 кәсіпорынның бірі. Үкімет аталған зауыттың жылдық қуатын 12 млн тоннаға дейін ұлғайту бойынша тапсырма берген болатын. Осы мақсатта Энергетика министрлігі мен кәсіпорын басшылары Қытай еліне іссапарға барып, өндірістік қуатты ұлғайту бойынша CNPC стратегиялық әріптестерімен бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Жобаның маңыздылығы мен ауқымдылығы ескеріліп…

0
0
178

Үшінші мегаполисте екі елді мекен көгілдір отынға қосылды

Шымкент қаласының Тұран ауданына қарасты Ақтас және Ақтас-2 елді мекендеріне табиғи газ берілді.«Табиғи газ тарту бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, биыл аяқталды. Нәтижесінде 16,7 шақырым газ құбыры тартылып, 1 380 абонент көгілдір отынды тұтынуға мүмкіндік алды. Жақында Арғымақ елді мекенін де табиғи газға қосамыз. Сөйтіп Тұран ауданындағы газ тарту көрсеткіші 98 пайызға жетеді. Ендігі жерде Құрсай және Жаңаталап елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтарын табиғи газ тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп қойдық. 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталады. Сонда 2025 жылға газбен қамтамасыз етілмеген тек Айкөл елді мекені ғана қалып отыр. 2025 жылы Айкөлге де көгілдір отын жеткізсек, Тұран ауданында газ мәселесі толық шешіледі», — деді Тұран ауданының әкімі Боранбай Бола…

0
0
204

Шымкентте су басу қаупі бар аумақтарға тікұшақпен бақылау жүргізілді

Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаевпен бірге Шымкент қаласының су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды мониторинг жүргізді.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ ЕС-145 тікұшағымен ұшу барысында Бадам өзенінің бойында орналасқан Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері, Текесу, Бадам, Тоғыс су қоймалары, жоғары Бадам су реттегіші және Сайрам-су өзенін барлау жұмыстары жүргізілді.Аэровизуалды мониторинг кезінде 6 гидротехникалық құрылыс зерделенді. Сонымен қатар, 2 өзеннің су ағысына шолу жасалды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта су тасқынына қарсы жол картасындағы 9 і…

0
0
203

Футбол алаңы жаңартылып, пайдалануға берілді

Шымкентте «Ордабасы» футбол орталығының алаңы заманауи талапқа сай жаңартылды.Озық үлгіде қайта жабдықталған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан қала басшысы Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов нысанның тұсауын кесіп, спортшыларға ізгі тілектерін жеткізді.Бұл туралы Шымкент әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Игілікті іс федерация мен «Ордабасы» футбол клубы арасында нысандарды жаңарту мақсатында қолға алынған «Алаң» жобасы аясында қолға алынған. Бір айда атқарылған құрылыс барысында футбол алаңына италиялық үлгідегі газон төселіп, жаңа қақпалар орнатылды.Қала басшысы мегаполисте бұқаралық спортты қолдау бағытындағы жұмыстардың ауқымды жүргізіліп жатқанын, осындай шаралардың бұқаралық спортты дамытудағы рөлі зор екенін ата…

0
0
359

Жас кәсіпкерлер 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиенің игілігін көріп отыр

Шымкент қаласында жеке кәсібін ашып, бизнесін дамытқысы келетін жас кәсіпкерлерге арналған шағын несие қаражаты толық игеріліп бітуге таяу.Бүгінгі таңға 462 өтінім қаралып, 262 азамат комиссияның оң шешімін алды. Бұл туралы жеңілдетілген несие беру бойынша кезекті комиссия отырысында мәлім болды. Жобалары мақұлданған азаматтардың басым көпшілігі өз кәсіптерін ашып, табыс табуда.Бұған мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық кәсіпкерлікті, оның ішінде жас кәсіпкерлерді қолдауға үнемі мән беріп келеді. Мемлекет басшысы 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа жолдауында «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынас түбегейлі өзгертіліп, мемлекет ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататынын айта келіп, жаста…

0
0
195

Шымкентте қуыршақ және жасөспірімдер театрына қолдау көрсетіледі

Шаһар басшысы театрды жабдықтау мәселесін шешуді тапсырды.Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков биыл 40 жылдығын атап өткен қуыршақ және жасөспірімдер театрына барып, оның жұмысымен танысты.Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Екі бағытта қызмет көрсететін мәдениет ошағында балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылымдар қазақ, орыс тілдерінде ұсынылады. Өзіндік тарихы бар театрда қырық жылдың ішінде 500-ден астам қуыршақ жасалып, 160-тан астам қойылым қойылған. Жыл сайын 103 мың көрерменге 414 қойылым, 10 премьера көрсетіледі. Мұнда бүгінде 87 қызметкер жұмыс істейді, оның 38-і шығармашылық мамандары.Театр әртістері 40 жылдық мерейтойына орай «Шымкенттен шашу» атты гастрольдік сапары аясында 40 қалада өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым VІ Халықаралық «Ортеке», Халықаралық…

0
0
386

Шымкентте 400 жұмыс орыны болатын озық үлгідегі базар салынды

Енді озық үлгідегі автостанция да бой көтергелі жатыр.Шаһарда кәсіпкер өз қаражатына жалпы ауданы 5100 шаршы метр болатын заманауи талапқа сай базар салған. Алматы А-2 тас жолындағы осы сауда орталығында жалпы 400 жұмыс орынын ашу жоспарланып отыр.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар нысанды аралау барысында аталған базарда болып, кәсіпкерлермен кездесті. Нысан иесі сауда орындарына сатушылар мен сатып алушыларды тарту бойынша көмек сұрады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 12 қыркүйекте өткен отандық кәсіпкерлермен кездесу барысында бизнестің жеке бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің тиімділігіне тоқталған болатын.«Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларын…

0
0
188

Жергілікті компанияларды мемлекет тарапынан қолдау жалғасады

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындар отандық өнімнің импортты алмастыра алатынын дәлелдеп отыр.Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков «Тассай» индустриалды аймағын аралау барысында «Эко фарм», «Alem Luxury» және «Mega Smart» кәсіпорындарының жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.«Эко фарм» ЖШС компаниясының негізгі бағыты – дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру, фармацевтикалық қызметтер. Компания 1995 жылы құрылған. Ал аталған индустриалды аймақта өткен жылы ашылды. Жобаға салынған инвестицияның жалпы құны – 1,925 миллиард теңге. Мұнда 40 жұмыс орыны бар. Компанияның Шымкент, Қызылорда, Тараз, Ақтөбе қалаларында 4 дәріхана қоймасы, 30 дәріханадан тұратын желісі жұмыс істеп тұр. Кәсіпорындағы «Ecot…

0
0
180