Мазмұнға өту
Шымкент жаңалықтары
112 жазбалар4 тіркелуші

Шымкент — Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі, оңтүстікте орналасқан. Қала өзінің ежелгі тарихымен, мәдениетімен және қонақжай халқымен ерекшеленеді. Жасыл саябақтары, заманауи сәулеті мен көркем табиғаты Шымкентті еліміздің ерекше шаһарына айналдырады.

Қызылшаға қарсы жаппай екпе жасалып жатыр

Шымкент қаласы бойынша қызылшаға қарсы жаппай иммундау қараша айында басталды.Осы уақытқа дейін барлығы – 24 836 контингент жалпы жоспардың 21,0 пайызы, Қазақстан Республикасы бойынша – 9,0 пайызына екпе егілген.Бұл туралы Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова мәлімдеді.«Шымкент қаласында 2018 жылы – 8 жағдай, 2019 жылы – 3091 жағдай, 2020 жылы – 873 жағдай тіркелді. 2021 және 2022 жылдары Шымкент қаласында қызылша ауруы тіркелмеген. Бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 194 науқас, 29 ересек, 165 бала стационарлық емделуде, жағдайы тұрақты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласы бойынша қызылшаға шалдықты деген күдікпен 6641 жағдай тіркеліп, 3021 науқаста диагноз расталды. Науқастардың ішінде балалар…

0
0
175

Шымкентте жоғары технологиялық медициналық көмек дамып жатыр

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жоғары технологиялық медициналық көмек қарқын алды.Жалпы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі 2020 жылдан бастап енгізіліп, жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Осы жүйе енгізілгеннен бері медицина саласында айтарлықтай артықшылықтар сезіле бастады. Атап айтқанда, медицина қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті.Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.«2019 жылмен салыстырғанда 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 169 039,2 теңгеден 455 410 теңгеге, орта буын медициналық қызметкерлерінің жалақысы 111 967,4 теңгеден 245 063,05 теңгеге өсті», – деді ол.Жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) қарқын алды.- Ми қан тамырларының күр…

0
0
234

Мемлекеттік активтерді беру ісінің заңдылығы мұқият тексеріледі

Шымкентте мемлекеттік активтердің берілу тәртібінің заңдылығын тексеретін жұмыс тобы құрылды.Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жекешелендірілген және сенімгерлікке берілген мемлекеттік активтердің беру тәртібінің заңдылығын тексеру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкім шығарды.Құрылған жұмыс тобының құрамына қала әкімінің орынбасарлары, қалалық құқық қорғау органдарының басшылығы, қоғамдық кеңес мүшелері және басқа да заңдылыққа жауапты мекеме өкілдері енгізілді.Жұмыс тобы бұрын мемлекетке тиесілі болған, кейіннен жеке меншікке немесе сенімгерлік басқаруға берілген қаладағы жер телімдері, ғимараттар, саябақтар немесе басқа да нысандардың беру тәртібінің заңдылығын анықтайтын болады.Сондай-ақ, бұл жұмыс тобы алдағы уақытта да мемлекеттің меншігіндегі мүліктердің жеке меншікке заңсыз беріліп ке…

0
0
236

Шымкентте қысқа дайындық және қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Күнгейдегі мегаполистің қысы аса қатты болмайтыны мәлім. Бірақ бұл суық мезгілге дайындықсыз келе беру керек дегенді білдірмейді. Қыстың қамын жаз ойлаған Шымкент билігі көптен бергі әзірлікті тағы бір електен өткізіп алуды жөн көріпті.Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жоспарлы комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде осы бағыттағы бірқатар шаралар пысықталды.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Қыс маусымында халықты, қала аумағындағы мекемелерді сапалы табиғи газбен, жылумен, электр қуатымен қамтуда, оқыс жағдайларды алдын алуда атқарылған жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ жауаптылар көлік жолдарындағы қозғалысқа қолайлы жағдай жасау бағытындағы шараларды баяндады.Көп қабатты тұрғын үйл…

0
0
184

Тұрғындарға емхананы өзі таңдау еркі берілуінің биылғы нәтижелері айтылды

Шымкентте емхананы еркін таңдау барысында миллионнан астам тұрғын 61 емханаға тіркелген.Биылғы 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында республика бойынша жыл сайынғы емханаға тіркелу науқаны өткізілді. Оның аясында әрбір қазақстандық және ел аумағында тұратын шетелдік азаматтар емхананы өз бетінше таңдау құқығын пайдалана алады.Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында хабарлады.«Шымкент қалалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес, емхананы еркін таңдау барысында 1 192 939 тұлға 61 емханаға тіркелген», – деді Бақытжан Абдуллаев.Есепті кезеңнің басында бекітілген халық саны 165 185 тұлғаны құраса, «еркін таңдау» арқылы 9 783, «көшу» себебі бойынша 2 914,…

0
0
216

Шымкенттік студенттер біліктілік сайысында жүлделі орынға ие болды

Астанада Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Талап» қоғамы ұйымдастырған WorldSkills Kazakhstan – 2023 VIII Республикалық чемпионаты мәресіне жетті.Өңірлік сайыстардың жеңімпаздары үш күн бойы 30 құзырет және 7 бағыт бойынша бақ сынасты. Салтанатты марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.«WorldSkills Kazakhstan – бұл жұмысшы мамандықтарын меңгерген студенттер үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын ауқымды чемпионат. Осындай шараның арқасында еліміздегі жетекші компаниялармен ынтымақтастық орната аласыздар. Әлемдік рейтингтегі позиция да айтарлықтай нығайып келеді. Биыл біздің студенттер EuroSkills Gdansk турнирінің тарихындағы ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, екі медаль мен төрт «Үздік медальон» жеңіп алды. Жұмысшы мамандықтарының өкілдері - еліміздің күш-қуаты. Сондықт…

0
0
204

Шымкентский нефтеперерабатывающий завод увеличивает производственные мощности

Сегодня в Шымкенте на совещании с участием вице-министра энергетики РК Ерлана Аккенженова и акима города Габита Сыздыкбекова были обсуждены вопросы проекта расширения Шымкентского нефтеперерабатывающего завода. Были рассмотрены механизмы реализации Дорожной карты, направленной на расширение производственных мощностей завода и другие актуальные вопросы.Аким города заострил внимание присутствующих на работе по реализации проекта по расширению мощностей завода.- Шымкентский нефтеперерабатывающий завод - одно из трех ведущих предприятий страны. Правительство поручило увеличить годовую производственную мощность предприятия до 12 млн тонн. С этой целью Минэнерго и руководители предприятий посетили Китай и достигли договоренности о совместной работе со стратегическими партнерами CNPC по увеличен…

0
0
282

КҮЗГІ МАУСЫМДА 20 МЫҢНАН АСА АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Қалада күзгі ағаш отырғызу маусымына орай 51 348 түп жай жапырақты, 9 586 қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылмақ. Қазіргі таңда жалпы саны 20 мыңнан аса көшет егілген. Қалған ағаштарды отырғызу жұмыстары толығымен желтоқсан айында аяқталмақ. Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбілхайыр Бақытқалиұлы баспасөз брифингінде баяндады. –Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Аталған көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мекеме атқаруда. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тарапынан биыл 110 су ұңғымасын қазу жоспарланған. Қазіргі уақытта 84 ұңғыма қазылды. Қысқы маусымға 155 арнайы техника дайын. Өткен жылмен салыстырғанда қар күреу…

0
0
405

«ТЕҢ ҚОҒАМ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ 13 МЫҢҒА ЖУЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТҚА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Тең Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы» жыл басынан бері 13 мыңға жуық мүгедектігі бар азаматқа ақпараттық–консультациялық, әлеуметтік, құқықтық, жұмысқа орналасуға кеңес беру, психологиялық көмек түрлерін көрсетті. Мамандардың көмегімен 998 адам әлеуметтік қызметтер көрсету порталы арқылы көмекші техникалық құралдарын алған. 52 азамат қоларба және 466-ы протез ортопедиялық құралдарымен қамтылған және 1 жарым мыңға жуық қызмет алушы санаторлық-курорттық емделуге жолдама алды.Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыс барысы бүгін Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Имашев бастаған жұмыс…

0
0
263

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ИММУНДАУ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?

Шымкенттегі медициналық және мектепке дейінгі ұйымдарда қызылшаға қарсы екпе жұмыстары жүріп жатыр. Елімізде қызылша вирустық инфекциясының өршуіне байланысты денсаулық сақтау саласының мамандары дабыл қағып отыр. Республиканың барлық аумағында вирусқа қарсы қосымша иммундау жұмысы қолға алынған.– Қалада қызылша инфекциясының таралуына байланысты эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып тұр. Жыл басынан бері қызылшаның алғашқы диагнозы бойынша 6465 жағдай тіркеліп, оның ішінде 3021 адамның диагнозы зертханалық талдаулар негізінде расталды. Жұқпалы дертке шалдыққандардың 80-85 пайызы 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Оның басым көпшілігін 6 жасқа дейінгі балалар құрады.Қызылша – адамдарға тез жұғатын жұқпалы аурудың бірі. Ертеректе вакциналар қолжетімді болғанға дейін қызылшаның таралуын тежеу…

0
0
350