Ерекше білімді қажет ететін балалар
Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған білім беру жүйесі қандай? Оларға қарапайым балалар сияқты толыққанды білім алуға мүмкіндік бар ма?Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту «инклюзивті білім беру» деп аталады. «Инклюзивті білім беру» жүйесі елімізге 2006 жылы енгізілді. Инклюзивті білім балалардың жынысына, жасына, физикалық және психикалық, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алуға және өз әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін білім беру жүйесі.Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.4. Барлық адам бір - біріне қажет.5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.6. Ба…
