Қоғамдық көлік мәселесі
Дегенмен таңмен таласып жұмысқа, көлікпен жарысып балабақшаға баратын тұрғындардың назы бір.
Қалада жаңа тұрғын үйлер салынып, ескі көпқабатты үйлер терможөндеуден өткізіліп, жаңартылуда. Жаңа үйлер көбеюінен қаланың тұрғындар саны да артып келе жатыр. 2012 жылы «Қазақойл Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Андрей Решетнев Қандыағаш қаласының жолдарын күрделі жөндеуге 109,0 млн теңге бөліп, соның арқасында Байғанин, Интернациональная, Сейфуллин көшелеріндегі жолдарға асфальт төселді. Ал «Ақтөбемұнайгаз» АҚ Қандығаш қаласындағы Западная және Қалиева көшелерінің бойындағы жолдарды жөндеуге 58 млн теңге бөлді.
Одан бөлек 11 кварталы бар самал көшесінде «Самал» балабақшасы бой көтеруі себеп болып, алғашында тек бірінші номерлі кварталға жол салынған болатын. Бүгінгі таңда жалпы саны 11 кварталды құрайтын самал көшесінің сегіз кварталының жері сатылып, үйлер тұрғызылды. Бұл көшеге бүгінде рет-ретімен жол салынып, жаңбырлы күні аялдамаға ластанбай жетуге мүмкіндік жасалуда. Тұрғын санының көбейіп, жолдың түзелгені жақсы. Алайда қалаішілік қоғамдық көлік саны екіден асар емес. Екі бағытқа жүретін бірінші және екінші номерлі қоғамдық көліктер арасынан бар салмақ бірінші номерлі көлікке түсіп кетеді. Тұрғындардың наразылығы бойынша жиілігі 5-6 минут болғанына қарамастан белгілі бір аялдамаға жеткенде 15 орындық шағын газельге адам сыймай қалады, тұрып тұрған күннің өзінде бой жазып емін-еркін тұру мүмкін емес. Жүргізуші алмай кетейін десе ақша керек, жолаушы мінбей қалайын десе жұмысқа бару керек. Осылайша тұрғындар мен қоғамдық көлік арасындағы дау әсіресе мектеп пен балабақшаға баратын маусым басталғанда күшейе түседі.
Ал Түркістан облысына қарасты Ленгер қаласында шамамен 30 000 дай тұрғын бар. Соған қарамастан 5 номерлі қоғамдық көлік тұрғындардың межелеген жерге жетуіне айтарлықтай жағдай жасап отыр. Жиілігі шамамен 8-10 минутты құрайтын қоғамдық көлік тұрғындарды қанағаттандырады. Себебі ол қалада газельден көрі көлемі үлген автобустың саны басымырақ.
Аталған мәселе бойынша Қандыағаш қаласының бірер тұрғынынан сауалымызға жауап алып көрдік. Самал көшесінде тұратын Қалияш Қазенқызының айтуынша қаладағы шағын газельге адамдар сыймайды. Үлкендерге орын беріп тұрған жастарға қиын.
- Шыны керек үйден шығып, барар жерімізге жеткенше кішкентай газельдің іші ауа бармастай толып кетеді. Мектепке бара жатқан жас балаларды аяймын. Жастарғо, тұра берсін дегенімізбен оларға да қиын. Бойы ұзын балалар еңкейіп тұрып мойындары мен белдері ауырады. Оның үстіне кешкісін балабақшадан балаларды алып кететін уақытта адам түстегіден бетер толып кетеді. Алдағы уақытта мына шағын газельдердің орнына автобус шығып, екі маршрутымыз үшеу болса халыққа тиімді болатын еді, - дейді қала тұрғыны.
Сонымен 50 000 ға жуық тұрғыны бар Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласы мен 30 000 ға жуық тұрғыны бар Түркістан облысының Ленгер қаласының автобус саны халық санына сай келмейді. Шешім қандай? Шешім Қандыағаш қаласындағы бірінші номерлі автобустың «болашақ» көшесіне жүрер бағытын қысқартып, сол көшеге үшінші номерлі автобусты қолданысқа енгізу. Сол кезде ғана тұрғындар наразылығы азайып, жұмысқа уақытылы келетіндер көбейетіні анық.
