Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

#ANTIKOR.LIVE: Табиғи монополияларды реттеу бойынша 42 әкімшілік құқық бұзушылық қозғалған

Сонымен қатар басқарма басшысы 2020-2021 жылы атқарылған шаралармен бөлісіп, қойылған сауалдарға жауап берді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 184 реттелетін қызмет бойынша 139 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді, оның ішінде сумен жабдықтау және кәріз саласында – 130 қызмет, электр энергиясы саласында – 5 қызмет, Жылу энергетикасы саласында – 24 қызмет, кірме жолдар саласында – 12 қызмет және газ саласында – 13 қызмет бар екенін де айта кетті.

2021 жылдың 11 айы бойынша табиғи монополия субъектісінің 160-тан астам өтініші қаралды, оның ішінде 10 табиғи монополия субъектісі үшін ұзақ мерзімді кезеңге тарифтер бекітілген. Сонымен қоса, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін тұрғындар үшін, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтер өзгеріссіз қалып отыр, яғни 2020 жылғы деңгейде қалдырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, департамент басшысы ағымдағы жылы Департамент әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 42 іс қозғалғанын мәлімдеді.

Толығырақ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының баяндамасын мына сілтеме арқылы тыңдай аласыздар: https://www.facebook.com/anticorruption.almatyoblysy/videos/4450658431699253

АВТОРЫ: МАДИ САЙДИЛЬДИН

0
0
215

Осы тақырып бойынша