Карантиндегі білім
Күллі әлем бетпе- бет келген қашықтықтан оқыту жүйесі- сіз бен бізді алаңдатқан күннің өзекті, өткір мәселесі болды. Қазақстандық оқушылардың карантинде алған білімі қандай деңгейде?Еліміздегі онлайн білім беру жүйесінің ахуалы қандай? Әлемдік пандемия оқу процесіне қалай ықпал етті? Осы сұрақтарымызға жауап алу үшін Алматы қаласы Алатау ауданындағы №152 мектеп гимназия ұстаздары мен оқушыларынан сұхбат алдық. Сауалымызға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күлшара Шайхина жауап берді.
Карантинның білім беру жүйесіне ықпалы қандай болды? Қашықтықтан білім беру қиын болды ма?
Карантин мұғалімдерге де,оқушыларға да өз кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз бұл жүйеге толықтай дайын болмадық. Баланың психологиясымен тікелей жұмыс жасап отырған ұстаздың,қашықтықтан білім беруі мүлде бөлек болды. Экранның арғы жағында отырған баладан,дәстүрлі оқу кезіндегідей жауапты ала алмадық.
Қашықтықтан оқуға үлкен кедергі болған қолжетімді интернеттің болмауы, шәкірттеріміз сабақтарға қатыса алмай қалатын күндер болып жатты. Десе де, қандай қиындық болса да,тығырықтан шығатын бол іздеу керек. Сабаққа қатыспай,түсінбей қалған тақырыптарын What’s App Messenger, Zoom, Online Mektep платформалары арқылы кері байланыс жасап түсіндіріп,оқылықтардың орнын толтырып отырдық.
Ал балалардың денсаулығына тигізген әсері қандай болды?
Балалардың көз жанарына кері әсері тиді. Кешке дейін компьютер алдында отырып, мәлімет іздеу көзіне және омыртқасына зиянын тигізді. Одан соң, қозғалыстың көп болмауы, мектепте жүргенде балалар әр сабақта әр пәннің арнайы кабинетіне баратын, дене шынықтыру, көркем еңбек сабақтарының өзі денсаулыққа пайдалы еді.
Үлгерім деңгейлері қандай болды?
Карантин болсада, ешқандай тапсырманы мүлт жібермей, уақытысында орындап,терең оқып отырған оқушылар да болды. Оларды біз онлайн кезіндегі түрлі сайыстардан көре аламыз. Шәкірттеріміз онлайн кезіндеде көп дүниеден ада бола қойған жоқ.
Онлайн кезіндегі оқылықтардың орнын толтыру мақсатында №133 бұйрықтың негізінде жұмыс істеп жатырмыз. Дәстүрлі оқуға келе салғаннан ақ тест жұмыстарын алып, ақсап тұрған тұстарын біліп,қайталау жұмыстарын орындадық. Қазір енді ұстаз балалардың, оқушылар ұстаздардың алдында. Онлайн оқу біздің балаларға, өз мамандығымзға деген сезімімізді арттырды.
Қашықтықтан оқу мұғалімге ғана емес, оқушыларға да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Бұл сөзімді №152 мектеп – гимназиясының 11 сынып оқушысы Ұзақ Алмат растады.
-Менің ойымша онлайн оқуға қарағанда, дәстүрлі оқу, партаға келіп отырып оқыған дұрыс сияқты. Үйде отырып оқу кейбір талаптарға сай келмейді. Мектепте еш алаңсыз, ұстаздарымыздан көзбе- көз отырып дәріс алған бөлек сезім. Сондықтан, мектепке келіп оқуды қолдаймын.
Қашықтықтан оқыту заман талабы десекте, дәстүрлі жүйеге жетпейтін анық.Білім тез ескіреді,оған әрқашан ізденіс керек. Біз өзімізге керекті жауабымызды алдық. Білім жүйесінің қандай деңгейде екенін байқадық. Ең бастысы партаны сағынып қайта оралған жүзі шаттықа толған шәкірттердің, сабағын өткізуге асыққан мұғалімнің бейнесін көре алдық.
Мейржан Жібек
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Журналистика факультеті,3 курс
