Балалар денсаулығының бағбаны
Медицина саласы- жауапкершілік, төзімділік, табандылық пен батылдықты талап ететін өте күрделі дүние. Ал, медицинаның жүрегі мен тынысына айналған дәрігерлердің орны мүлде бөлек. Бұл сала қателіктерді кешірмейді. «Қамыстың қысқа сабындай» болған мына өмірде қателіксіз адам жоқтың қасы. Алайда, түзеуге келетін және келмейтін қателіктер тізгіні болатынын естен шығармау жөн. Мысалы, журналист немесе мұғалім қағаз бетіне түсірген дүниелерін өзгерте немесе түзете алады. Ал, дәрігерлер үшін бұл мүмкін емес. Адам өмірінің арашасы болған мамандар үшін қателіктің құны бір адамның өміріне тепе тең. Ақ халатты абзал жандардың осындай ауыр жүкті көтеріп, төзімділігімен және аса батылдығымен ерекшеленетіні сөзсіз. Бұл мамандықтың жүгін кез келгені арқалай алмайтынының да себебі осы. Алайда, қиындыққа…