Елдіктің жеті тұғыры» - ел ертеңінің бағдары!
«Nur Otan» партиясының Жетісу аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын насихаттау үшін құрылған ақпараттық топ мүшелері, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа жолдаған үндеуіне қатысты түсіндірме жұмыстарын насихаттау мақсатында, аудандағы «Абырой» бастауыш партия ұйымының ұжымымен кездесті. Кездесу аясында спикерлер «Бірлік пен келісім, отбасы мен салт-дәстүр, жер мен ұлттық мәдениет – барлығы да баға жетпес құндылық» екеніне тоқтала отырып, ұлтаралық татулық ішкі тұрақтылықтың алтын діңгегі екенін атап өтті. Жиын соңында әрбір жеті бағыт бойынша аталған ұжым мүшелері өз пікірлерін білдірді. #Elbasy #ЕлдіктіңЖетіТұғыры #СемьСтолповГосударственности
