Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Груминг салон сіздің жануарыңызға қызмет етеді

Бұл үй жануарларын жақсы көретіндер үшін таптырмас салон. Қазақта ит пен мысықты ерекше бағалап, үй жағдайында жақсы күтім жасаған. Атап айтсақ, қолдан үйшік жасап, жуындырып және аптасына бірнеше мәрте серуендеткен. Негізі итті байлауға аса құмар халық емеспіз. Дегенмен заманның талабына сай, жер үйде тұратын тұрғындар итінің қауіпсіздігі үшін байлап қоюына тура келеді. Өйткені ит ататындар қала ішін жиі аралап, бос жүрген иттерді атып кетеді.

Сонымен сұлулық салонына оралайын, салонда мысықтарға арналған қонақ үй, мысықтар мен иттерге арналған киімдер мен аксессуарлар дүкені бар. Күту қызметінің толық жиынтығы мысықтарға 10 000 теңге болса, күшіктерге 10 000, иттерге шамамен 15000 – 25000 теңге аралығында қызмет көрсетіледі. Жиынтыққа шаш қию, шомылдыру, кептіру, құлақ тазалап, тырнақ алу кіреді. Сонымен қатар қалауыңызға қарай зоотакси шақырта аласыз. Жұмыс уақыты күн сайын таңғы сағат 09:00 ден кешкі сағат 19:00 ге дейін. Мекен-жайы Жарокова 91, Құрманғазы, 169. Толық ақпаратты инстаграм желісіндегі @animalhouse.kz парақшасынан ала аласыздар.

0
0
240

Осы тақырып бойынша

Груминг салон сіздің жануарыңызға қызмет етеді - Yvision.kz