Мазмұнға өту
anticorruptionAO

ANTIKOR Алматинская обл.

@anticorruptionAO

Сайтта 2021 ж. 19 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

306

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

«Адал көмек»: Алматы облысында диқаншы өз мәселесінің шешімін тапты

Алматы облысында өңір тұрғындарына азаматтық және қылмыстық құқық саласындағы заңгерлер, адвокаттар мен нотариустар кеңес беріп жатыр. Аймақтағы қала және аудан әкімдіктерінің, заңгерлері, басқарма басшылары, ауыл, кент әкімдері осы жобаға белсенді қатысып жатыр.

Мамандар кеңесіне жүгінген жұртшылықтыңбасым көпшілігін тұрғын-үйге қатысты,әлеуметтік сала, оның ішінде жер, салық, жеңілдік пен несие алусынды тақырыптар толғандырадыекен.

Мысал ретінде, Қонаев қаласында азаматтардықабылдау барысында өңіркәсіпкерлеріне Заңкөмегі көрсетілді. Қабылдау кезінде, «Алтай» фирмасы» ЖШС басшысы жүгініп, Жетісу облысының «Жетісу» ӘКК құқықтық өріс шеңберінде кедергілер көрсетілген болатын. Осының аясында, аталғанауыл шаруашылық кәсіпкеріне тиісті көмек көрсетіліп, шарттық міндеттемелердің мерзімін ұзарту бойынша және өңірдің ірі сауда желілеріне маңызды ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге мүмкіншілік берілді.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін болашақта Алматы облысының әкімдігі мен «Жетісу» ӘКК кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін мобильді топ құру туралы шешім қабылдады.

Тәжірибе көрсеткендей, көптеген қазақстандықтар өз құқықтарының бұзылуына тап болып, өз проблемаларын шешу үшін кімге, қандай мемлекеттік органдарға жүгіну керектігін жиі білмейтіннің жетерлік, осыған байланысты өңірде «Адал көмек» жобасы алдағы уақытта өз жұмысын жалғастыратын болады.

0
0
791

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлық мәселелері қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дулат Мадияров, тергеу басқармасының басшысы Дәурен Омаржанов пен превенция басқармасының басшысы Асқар Садықов қала әкімдігінің қызметкерлері және әкімдікке қарасты мекеме басшыларымен кездесті.

Отырыста Дәурен Омаржанов бірінші жарты жылдықтың қорытындысы туралы баяндады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, қоғамда парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру жайы сөз болды.

«Бүгінгі күні департаменттің басым бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, қылмысты қудалау емес, ең алдымен оны болдырмау бойынша шаралар қабылдау. Барынша елге адал қызмет ету қағидасын дәріптеу», - деп атап өтті Дулат Мадияров.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың басшылары өздеріне бағынысты мекеме басшыларын тағайындау кезінде олардан активтері мен міндеттері туралы декларация қабылдауы шарт екенін түсіндірілді.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

0
0
516

Антикоррупциялық қызмет оңалту орталығының кішкентай емделушілерін қуантты

Алматы облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет ұжымы «Күншуақ» облыстық балаларды оңалту орталығында болып, ондағы тәрбиеленушілермен кездесті. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

Жылы сөздерін жаудырып, ізгі тілектерін білдірген департамент қызметкерлері балғындарға мереке барысында алып келген сыйлықтарын табыстады. Ал 9 жасар Амина сыйлықтан бұрын мейірімді жандардың ыстық ықыласын асыға күткенін айттып, мәз-мейрам болды.

Департамент басшылығы еліміздің ертеңгі тірегі — бүгінгі бүлдіршіндер екенін айта келе, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім, жемқорлықсыз жарқын болашақ сыйлау әр азаматтың міндеті екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, ​ оңалту орталығында 5 тен 14 жас аралығындағы, жүйке жүйесінде ақауы бар жүздеген бала емделуде.

0
0
457

Алматы облысы: Комплаенс институтын енгізу жалғасын табуда

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындауға тиіс.

Осыған байланысты, сондай-ақ корпоративтік секторға комплаенс-қызметтерді енгізу мәселелерін жылдамдату мақсатында ағымдағы жылдың 08 ақпанында облыстың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары – Жұмабаев Жандос комплаенс институтын енгізуді жобалық басқару бойынша іске асыру қажет екенін атап өтті (ҮББ 4).

Кері байланыс барысында кездесуге қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

0
0
435

Алматы облысында 8 жемқор бас бостандығынан айырылды

Ведомство басшысының орынбасары 2021 жылды қорытындылай отырып, превенция және жедел-тергеу бағыты бойынша жұмыс нәтижелерін жеткізді.

«Департамент 2021 жылдың 12 айында 101 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 75 қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 166 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 23 адам әртүрлі дәрежедегі бірінші басшылар. 102 адам сотталды, оның ішінде 87 адамға 250,4 млн. астам сомаға айыппұл салынды. Бас бостандығынан 8 адам айырылды. Тағы 8 адамның мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деді Жандос Жұмабаев.

Департамент басшысының ақпаратына сәйкес, Департамент Мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу барысында облыс бюджетін тиімсіз қолданбақ болған мекемелерді анықтап, 11 млрд. теңгеге жуық қаражатты үнемдеп қалған. Облыста 425 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс лауазымдары енгізілген.

«Биыл департамент мамандары жемқорлық тәуекелдері бар мемлекеттік мекемелерге 8 ішкі талдау шарасын жүргізді. Нәтижесінде 143 дерек тіркеліп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 100%-ы, яғни, 143 ұсыным орындалды», - деді ведомство басшысының орынбасары.

Айта кету керек, өткен жылғы аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 3,9 млрд.теңгені құрады, оның 3,8 млрд. теңгесі өтелді.

0
0
506

Алматы облысында кәсіпкерлермен 2022-2026 жылдарға жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды іске асыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) келесі бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірледі.

Барлығымызға белгілі, мемлекет басшысы бизнес-қоғамдастықпен кездесуде (21.01.2022 ж.) корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, осы Тұжырымдаманы кәсіпкерлік қоғамдастықпен егжей-тегжейлі талқылау қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты а.ж. 24 қаңтарда Алматы облысында облыс әкімі К.А.Бозымбаевтың қатысуымен тұжырымдама жобасын талқылау үшін кәсіпкерлер және өңір активімен кездесу өтті.

Айта кету керек, Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде азаматтық қоғамның пікірі, халықаралық тәжірибе, сондай-ақ жинақталған жеке тәжірибе маңызды болды.

Тұжырымдамада нақты реформалар мен жобаларды қамтитын міндеттердің 6 блогы көзделген:

- біріншісі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға арналған.

- шаралардың екінші блогы сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға бағытталған.

- шаралардың үшінші блогы жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

- төртінші блок-бұл азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөніндегі шаралар.

- бесінші блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мониторингіне арналған.

- алтыншы блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Парасатты бизнесті қалыптастыру мақсатында Тұжырымдама жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ерікті түрде енгізу бойынша шаралар блогы көзделген. Осы бағытта өз тиімділігін көрсеткен алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелер негізге алынды.

Мысалы, Шығыс Еуропа елдерінде "Клеер Вейф" ("Мөлдір толқын") шартты атауымен өнімді, қызметтерді және маркетингтік материалды ашық бизнес-таңбалау бастамасы іске асырылды. Бұл белгі іскерлік этиканың, ашықтықтың, жауапкершілік пен тұрақтылықтың символы болып табылады.

Мұндай компаниялар кейіннен "таза параққа" түседі, бұл оларға мемлекеттік тапсырысты алу кезінде артықшылықтар береді.

Сондай-ақ, бүгінде қолданыстағы заңнамада бизнестің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді ерікті түрде енгізу назарға алынған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын одан әрі дамыту арнасында комплаенс-офицерлерді даярлау жөніндегі тиісті білім беру бағдарламаларын енгізу алға қойылған.

Бұдан басқа, Тұжырымдама жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізген және адал жұмыс істейтін компанияларды ынталандыруды қарастырады. Аталған ынталандыру мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қолдау және т.б. кезінде преференциялар алу арқылы іске асырылуы мүмкін.

Осы шаралардың барлығы корпоративтік секторды адал болуға, әділ ойын жүргізуге ынталандыруға бағытталған. Мұндай тәсілден барлығы ұтпақ.

Бизнес жоғары беделге және сәйкесінше пайдаға ие болады, азаматтар – сапалы өнім, мемлекет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың іргетасы.

Тұтастай алғанда, дайындалған құжатта олардың сапалы іске асырылуы жағдайында біздің қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал етуге қабілетті шаралар бар деп айтуға болады.

Азаматтарға, кәсіпкерлерге, ҮЕҰ-ға көмек тұжырымдаманы іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде пайдалы болады.

0
0
639

Алматы облысында жемқорлық жайында хабарлаған 6 адам 1,2 млн.теңгеге жуық сыйақы алды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметі туралы ведомство басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев AntikorLive қызметінің тікелей эфирінде айтып берді.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биыл 93 қылмыстық істі тіркесе, соның 64-і – сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Мемлекеттік органдардың 23 біріншібасшылары ұсталды, олардың алтауыоблыстық, қалғаны қалалық-аудандық маңыздағы жетекшілер. Жалпы жемқорлардың келтірген шығыны 3,8 млрд. теңге, осы күнге дейін мемлекетке 97,2 %-ы немесе 3,7 млрд. теңгесі қайтарылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жұмыстың пәрменді тетіктерінің бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу. Қазақстанда мұндай азаматтарды көтермелеуде жаңа сараланған жүйе енгізілді. Бұрын сыйақы қылмыстың санатына қарай төленетін. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық жайында хабарлаған адам параның мөлшерінен немесе келтірілген шығынның 10 %-ы шамасында сыйақы алады. Бірақ ең жоғары сыйақы 4 мың АЕК-тен, яғни 11,6 млн теңгеден аспауы тиіс», - дейді Жандос Жұмабаев.

Департамент осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық жайында хабарлаған 6 адамды көтермеледі, берілген сыйақының жалпы сомасы – 1 166 800 теңге.

0
0
440

Алматы облысыда жемқорлық жайында хабарлаған 6 адам 1,2 млн.теңгеге жуық сыйақы алды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметі туралы ведомство басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев AntikorLive қызметінің тікелей эфирінде айтып берді.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биыл 93 қылмыстық істі тіркесе, соның 64-і – сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Мемлекеттік органдардың 23 біріншібасшылары ұсталды, олардың алтауыоблыстық, қалғаны қалалық-аудандық маңыздағы жетекшілер. Жалпы жемқорлардың келтірген шығыны 3,8 млрд. теңге, осы күнге дейін мемлекетке 97,2 %-ы немесе 3,7 млрд. теңгесі қайтарылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жұмыстың пәрменді тетіктерінің бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу. Қазақстанда мұндай азаматтарды көтермелеуде жаңа сараланған жүйе енгізілді. Бұрын сыйақы қылмыстың санатына қарай төленетін. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық жайында хабарлаған адам параның мөлшерінен немесе келтірілген шығынның 10 %-ы шамасында сыйақы алады. Бірақ ең жоғары сыйақы 4 мың АЕК-тен, яғни 11,6 млн теңгеден аспауы тиіс», - дейді Жандос Жұмабаев.

Департамент осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық жайында хабарлаған 6 адамды көтермеледі, берілген сыйақының жалпы сомасы – 1 166 800 теңге.

0
0
260

#ANTIKOR.LIVE: Табиғи монополияларды реттеу бойынша 42 әкімшілік құқық бұзушылық қозғалған

Сонымен қатар басқарма басшысы 2020-2021 жылы атқарылған шаралармен бөлісіп, қойылған сауалдарға жауап берді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 184 реттелетін қызмет бойынша 139 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді, оның ішінде сумен жабдықтау және кәріз саласында – 130 қызмет, электр энергиясы саласында – 5 қызмет, Жылу энергетикасы саласында – 24 қызмет, кірме жолдар саласында – 12 қызмет және газ саласында – 13 қызмет бар екенін де айта кетті.

2021 жылдың 11 айы бойынша табиғи монополия субъектісінің 160-тан астам өтініші қаралды, оның ішінде 10 табиғи монополия субъектісі үшін ұзақ мерзімді кезеңге тарифтер бекітілген. Сонымен қоса, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін тұрғындар үшін, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтер өзгеріссіз қалып отыр, яғни 2020 жылғы деңгейде қалдырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, департамент басшысы ағымдағы жылы Департамент әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 42 іс қозғалғанын мәлімдеді.

Толығырақ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының баяндамасын мына сілтеме арқылы тыңдай аласыздар:  https://www.facebook.com/anticorruption.almatyoblysy/videos/4450658431699253

АВТОРЫ: МАДИ САЙДИЛЬДИН

0
0
278

ТЕDх форматында "Zhansugurov college" студенттерімен кездесу өтті

Кездесуде спикерлер болған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев және Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, "Жетысу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев.

Кездесудің негізгі мақсаты студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту болып табылады, сондай-ақ елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігі түсіндірілді.

Іс-шара барысында Жандос Жұмабаев білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, өңір бойынша барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқаны жөнінде хабарлады. Сондай-ақ Агенттікпен сыбайлас жемқорлықты анықтау мақсатында, жоғары оқу орындарының студенттері арасында анонимді сауалнама әдісімен әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіліп қорытындысы жарияланғаны туралы мәлімдеді.

Кездесу Агенттіктің кешенді жоспары негізінде ұйымдастырылды. Кешенді жоспардың мақсаты қоғамда парасаттылық мәдениетті ілгерлету болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында видеороликтер мен слайдттар көрсетілді.

0
0
574