Маңғыстау облыстық стоматология орталығы өткен жылғы жұмысын қорытындылап, биылғы жоспарымен бөлісті
Стоматологиялық орталықтың директоры Қуат Машырықов өз сөзінде мекеме қызметінің негізгі бағыттарының бірі – сапалы стоматологиялық көмек көрсету екенін атап өтті. Оның айтуынша, кадрлық әлеуетті сақтау және дамыту, әсіресе дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша маңызды шаралар қолға алынған."Біз тіс ауруларын анықтау және алдын-алу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Дәрігерлер үнемі өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып, жаңа әдістерді енгізуде, протездеудің бірнеше түрі кеңінен қолданылуда. Өткен жылы 10 жас маман жұмысқа қабылданды. Атқарылып жатқан барлық іс-шаралар облыс тұрғындарына көрсетілетін стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және сапаны жақсартуға бағытталған», - деді ол.Егер 2021 жылы дәрігерлердің қабылдауына 74 847 адам жазылса, өткен 2022 жылы бұл сан…

