Мен оны #ЖАТырқамаймын
Себебі, жат қылығы жоқ. Барлығы өзіме - қазаққа тән. Тарихы да, сюжеті де. Себебі - бастан кешкенім. Тәнім сол тағдыр тезін тірнектеп жүріп өткермесе де, жаным сол қиын-қыстаудан қазір өткендей қансырайды. Қансырайды, өйткені жара жазылған жоқ. Көп сұраққа жауап алынған жоқ... Қансырайды, себебі тоқшылықта, күннің аманында қарным ашады алақаным тастай суып, қаным басыма шабады сол кезді елестетсем... Тарихи маңызы бар туындының дүниеге келгеніне көңілім толып, Ермек ағаны құттықтауға асықтым. Қуанды, әрине, хабарласқаныма. Әйтсе де, көңіл-күйі түсіңкі. Күллі Елордада "Жат" фильмі бір-ақ кинотеатрда, бір-ақ мезгіл жүргеніне мен де таң қалдым! Не өзің түсірмейсің, не түсіргенге мүмкіндік бермейсің... Себебі ақшада, басқада десең де, ұсақ-түйектен асып кете алмадық, биік мақсатты көздей алма…

