Мазмұнға өту
Qaz

Qaz

497 жазбалар4 тіркелуші

Жастардың жіктелуі

Алғашқы блогер ретіндегі қадамымды қазақ жастарының арасында белең алған мәселеден бастағым келеді. Бұл ойыммен біреулер келісер, біреулер қарсы болар... Ондай жағдайда әр адам "пікір қалдырамын" десе өз еркі. Қазіргі уақытта қазақ қоғамындағы жастар үлкен екі топқа бөлінген: оларды "оқитын жастар" және "оқығанды мазақ ететін жастар" деп атауды жөн көрдім. Оқитын жас деген топқа кіруге әркімнің мүмкіндігі бар. Олар бала кезінен білімге ынтызар болған, немесе бала кезінде ата анасынан қорқып оқығанымен, қазір көкірегін оятуға барынша ынталы. Айта кететін жайт, ЖОО-да оқитындардың барлығы бұл топтың өкілі емес. Бұл топ мүшелерінде бірнеше ерекшеліктер бар: олар кітап оқығанды ұнатады, кейбіреулері қоғамдық іске барынша белсенді қатысудан рақат табады, бизнесс ашуды барлығы дерлік мақсат етк…

5
4
987

дәйексөз

© David Yarrow Егерде бір адамды жек көрсеңіз, сіз оның ішіндегі өзіңізге ұқсас затты жек көресіз, өзімізге қатысы жоқ қырларын керек етпейміз./Герман Гессе/ Тобырға кіру үшін далаға шығып керек емес, үйде газет ашып, теледидарды қосып қарау жеткілікті./Уистен Хью Оден/ © Emily Schiffer Сіздердегі шын жүрекпен поэттер фильмдерін ұсынам./Франсуа Трюффо/ Кейбір адамдар бүкіл өмірін балық аулаудын артынан жүреді, бірақ негізінен балықты емес іздеу керек./Генри Дэвид Торо/ © Hans Jöri Riehen Көргенсіздік екі затқа құмар, ол зауық пен сырластық./Самуил Лурье/ Білім берудің ең басты мақсаты адамды 5 затқа тәрбиелеу: білімқұмарға, жеңіліссіздік рухқа, мақсатқа жетуге деген қайсарлыққа, өз бас пайдасынан бас тартуға деген дайындыққа және ең бастысы мейрімділікке./Курт Хан/© Letizia Battaglia Еге…

3
0
2132

Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» зерттеу-экспедициясының үшінші күні

"Менің екі Отаным бар. Тынық Дон және Ақ Жайық. Донда мен - казакпын, Жайықта - қазақпын. Екі xалық - аты бір! Түп - тамырға тереңірек қарау керек!" - деп жырлаған орыс жазушысы, КСРО ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Михаил Александрович Шолоховтың өмірімен таныстық. Танымдық экскурсия М.А.Шолоxовтың мұражай кешенінде өткен болатын. Орал қаласы қонақтары және тұрғындарына ерекше мәдени мекеме Дариян ауылындағы М.А.Шолохов атындағы мемориалдық мұражайды тамашалауға кеңес беремін. XXI - ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - Кітапxана. Осы мақсатта бүгінгі күніміз әдебиет саласына арналған болатын. Бүгінгі күні XIX ғасыр ғимараты - Орал облысы бойынша облыстық кітапxананың қонағы болдық. Кітапxананың басты мақсаты қазақ әдебиеті арқылы ж…

4
1
1163

«Өлілерден емес, тірілерден қорқыңыз!»

Түнде теледидардан Жаңа Зеландиялық Гарет Эванстың "Рейд" атты фильмін аса экстремалды әрі қорқынышты сезіммен тамашалаған болатынбыз. Атыс-шабыс, төбелес, қанды шабуылдар! Адамдар бірін-бірі аяушылық танытпайды, тіптен! Қорқыныш пен жиіркеніш сезіммен көзімді әрең дегенде жұмып, ұйқыға кеттім.... Таңертең жұмысқа асығып, баспалдақтан төмен қарай түсіп келе жатсам, подъезде бір кісінің мәйіті жатыр екен. Қаптап жүрген полиция қызметкерлері менің түрімді көріп шошып кетті. "Жайлап түсіңіз, қорықпаңыз" деп мені жұбатқан болды. Кинодан көрген басқа, өмірде тірі өлікті көру оңай емес екен. Қорыққанымнан жүрегім тарсылдап, аяқ-қолым істемей қалды. Маған баспалдақтың темірінен ұстап, жайлап түсіңіз деп бұйырды бір полицей. "Өлілерден емес, тірілерден қорыққаныңыз жөн! Осыны істеген тірі адам ғо…

6
0
621

Ғаламтордағы бір қызық махаббат қиалы

Ғаламтордағы махаббат «Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз». Үлкен қала, адамдар жұмыстарымен асығуда, жай ғана уақыт өткізуде, әйткенмен тіршілік бар. Әр жақтан күлкі, куаныш, қайғы-мұң, уайым, күнделікті қайталанып жатқан құр күндер. Алмас өзін өрмекшінің торыңда қалып қойғандай сезінеді. Мұның бәрінен оны құтқаратын тек ғаламтор. Белгілі әлеуметтік желі «вконтакте». Үйде, жұмыста кез-келген жерде ұялы телефонды қолыннан түсірмейді. Басқа түктің де керегі жоқ, әлеуметтік желі істеп тұрса болды. Одан басқа бақыт жоқ. Желінің арғы бетінде асыға күтіп Жазира отырады. Ол Алмастың ғаламтордағы «махаббаты». Түсінетің, қолдайтың, ешқашан алдамайтың жан бөлігі. Алмас та Жазира да солай ойлайды. Бұл ғаламтордағы махаббат хикаясы. Қозы Көрпеш пен Баян…

2
0
1683

Әрбір адам білу керек: Неге қарапайым қолхат қарыз шартынан күшті

Егер заңгерлік тәжірибемнің көптеген жылдар бойы жиналған сұрақтардың хит-парадын құрайтын болсақ, онда «Нотариалды расталмаған қолхат бойынша қарызды төлету мүмкін бе?» деген сұрақ алғашқы орындардың бірін алар еді. Алдымен түсіндірейін. Өолхат негізінде нотариалды расталмайды да, ондай нотариалды әрекет те жоқ. Нотариалды тек қарыз шартын растау мүмкін. Онымен қатар, осындай қарыз шарты сауатсыз құжат саналып, ол бойынша қарызды төлтеу мүмкін болмайды. Қалайша? Бәрі оңай. ҚР 717 Азаматтық Құқық заңдар жинағына сәйкес қаржы шарты ақшаны беру мезгілінен жасалынған болып саналады. Яғни, қолда тек қарыз шарты ғана болса, тіпті нотариалды расталған болса да, ал оған қосымша қарапайым қолхат болмаған жағдайда, онда сотта жауап берушілер шарты болса да, ақшаны шындығына олар алмады деген ұстан…

-2
0
5815

«Күзгі жаңбыр» кенеп, майлы бояу. Алматы – жер бетіндегі романтикаға толы ең сұлу қала

Алматы - жер бетіндегі романтикаға толы ең сұлу, әсем қала. Бұл қаланы бір шама уақыт көрмей қайта оралсаңыз, өзіңізге таныс ғажайып көріністерге тап боласыз. Мысалы, Абай данғылы бойындағы күзгі жанбырды айтыңыз: ағаштың жапырақтары өз әдемілігін сақтап қалғысы келгендей, сарғаюға әлі асығар емес, ал жанбыр суы асфальт үстімен, әр түске боялып, сырғып ағуда. Күнде ұясынан жарқырай шығып, көшелерге өз жылуын төгуде. Осындай күз жаңбырының тамаша көріністері белгілі суретші Абишев Нурланның пейзажында әдемі бейнеленген.

Бояуыма жазылған пікір.

"Күзгі жаңбыр" кенеп, майлы бояу 65х45 см автор Абишев Нурлан

Facebook жазбасы

2
0
3945

Қазақ тілі даму үстінде

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қазақ тілін дамыту мақсатында "Қазақша Уикипедия" атты жас уиқипедияшылар клубын құрған болатын. Бұл клубтың басты мақсаты жоғарыда айтып кеткендей, қазақ тілінде энциклопедия талаптарына сай мақалалар жазу. Ашылғанына аз уақыт өткеніне қарамастан клуб қатысушылары бірнеше мақала жазып, мақала жинау барысында шағын барлауға да барып үлгерді. Оқушыларға келер болсақ, олар сабаққтың көптігіне қарамастан біліммен қатар өнер ді де, мәдениетті де және осындай жазушылықты да бірге алып жүр. Өз сезімдерімен бөліскенде жас уикипедияшылар « ...мақала жазуды аяқтағанда бір өзгеше сезімде, мақтанышта болдым» деген. Бұдан біз қазақ тілін дамытуға үлес қосумен қатар, мақала жаза отырып тұла бойымызда патриоттық сезімнің…

7
1
874

Жаныма жазылмас жара салған жігітім

Тоғжан Нұрғалиқызының новелласын назарларыңызға ұсынамын - Ол кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы еді, - деп бастады жиырма жасар бойжеткен әңгімесін... "І курсқа түскен кезімде (16 жасымда) жалғыз көшеде жүргенім үшін қала тыныштығын қадағалап жүрген полиция қызметкерлеріне тап болдым. Жап-жас жігіттер, жәутеңдеген көздерімді ескерген болар, бір жолға кешірім беріп үйге жеткізіп салды. Жол-жөнекей танысып бардық. Өздері менен 7-8 жасқа үлкен екен. Алайда сол күннен бастап солардың бірімен таныстығымыз жалғаса берді. Жиі кездесіп жүрдік. Басқа туыстарымның қарсылығына қарамастан ол туралы ата-анама айттым, сүйетінімді де жасырмадым. Кездескенімізге 6 айдан асқанда ол мені "асыл затымнан" айырды. Онымен қосылмас бұрын құрбыларым соңы жақсылыққа ұласпасын ескерткен ед…

0
0
1524

Атырау қаласы суға кетуде (фотоотчет)

Мамырдың 11-інен 12-сіне қараған түнде Атырау қаласында қатты нөсер болып, қала көшелері мен үйлері топан су астында қалған болатын.

Атырау нөсер салдары

Бұндайды күтпеген қала көшелерінде су кететін тесіктер табылмады. Әкімдеріміздің құлағына алтын сырға.

Төменде тұрғындардың ұялы телефондарынан алынған суреттер: