Мазмұнға өту
Қылмыс пен жаза
127 жазбалар3 тіркелуші

Салтанат өлетін күні кешке Бишімбаев «Юлия супер» дегенмен телефонда хат жазысқан

Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында оның телефонын тексеру жалғастырылды. Онда экс-министр Салтанат Нүкенова қайтыс болатын күні басқа әйелдермен хат жазысқан.Өткен жылдың 9 қарашасында блогер Гүлнар Насырбекова Бишімбаевқа WhatsApp арқылы жазған. Ол екеуі сол күні мейрамханада жарнама жөнінде сөйлесу үшін кездесуге келіседі.Насырбекова экс-шенеунікке фотосурет салып: «Айтқандай, сенен раушан гүлінің иісі шығып» тұр деп жазған.Бишімбаев сол күні кешке телефон кітапшасындағы «Юлия супер» деген біреумен де хат жазысқан. Айыпталушы бұл өзінің жеке басына ғана қатысты екенін айтып, хаттарды оқымауды сұрады. Алайда судья оны оқып берді.Онда былай деп жазылған.«19:07 Бишімбаев: Жағдайың қалай?Юлия супер: Бәрі жақсы. Өз жағдайың қалай?19:24 Бишимбаев: Не істеп жатсың. Қо…

0
0
397

Үлескерлердің миллиардтарын алдап алды деген күдікпен Ресейде ұсталған азамат елге әкелінді

Бүгін Бас прокуратура Қазақстан Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресейден күдіктіні экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,3 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам үлескердің ақшалай қаражатын ұрлап кеткен.Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздеу жарияланды.Өткен жылдың қараша айында Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл тұлға Ресей аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.Елге пойызбен жеткізілген…

0
0
259

Ақмола облысында асырап алынған сәбидің сүйектері табылды

Ақмола облысында асырап алған немересін өлтіріп, денесін үйінің ауласына көміп тастады деген күдікпен 65 жастағы зейнеткер әйел ұсталды. Бұл отбасы жалпы 5 жетімді асырап алған екен. Соның біреуі екі жасында көз жұмған. Бұл жағдай Щучье қаласында осыдан төрт жыл бұрын болыпты. Бірақ оны осы күнге дейін ешкім білмеген. Ал полицейлер баланың өлімі туралы кездейсоқ білген. Өткен аптада соққыға жығылған бес жасар бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізіліпті. Оған бас сүйегінің жарақаты, миы шайқалуы және қарақұсындағы қанды ісік диагнозы қойылған. Сол кезде өгей шеше асығыстықпен туу туралы куәлікті шатастырып алып келіпті. Содан полициядағылар сезіктеніп, олардың үйіне барады. Дәл сол кезде құжаттардың иесі болған баланың қайтыс болғанына төрт жыл өткені анықталған. Оның денесін бақшағакөміп…

0
0
269

Бишімбаев Нүкеновадан біреумен жаттым деп айтуды талап етіп, оны видеоға түсірген

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта оның ұялы телефоны тексерілді.Коллаж: Qaz365.kzСудьяның айтуынша, айыпталушының телефонындағы бір бейнежазбада Салтанаттың үстінде плащтан басқа киім жоқ екені байқалады.Бишімбаев оны осылай видеоға түсіріп, «Мен Райымбек Батталовпен жаттым» деп айтуды талап етеді. Нүкенова солай деп айтады.Сотталушы басында бұл оның даусын қосып монтаждалған дүние екенін алға тартты. «Бұны біреулер маған қысастықпен әдейі істеген» деді.Бірақ видеоны көргеннен кейін бәрі есіне түсе қалыпты. Сөйтіп, оны өзі түсіргенін мойындады. Осылайша ол өзін қорлауға қорлаумен жауап берген көрінеді. О баста әйелі хәл үстінде жатқан кезде Бишімбаевтың алаңсыз тамақ ішіп отырғаны туралы айтылған еді. Осыған қатысты ол бүгін былай деді:«Салтанаттың өлім аузында жатпағанын көрген соң…

0
0
361

ҰҚК Бишімбаевтың телефонын аша алмапты

Бүгін әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың кезекті отырысы өтіп жатыр. Онда сотталушы телефонының құпия сөзіне қатысты жыр әлі жалғасуда.Коллаж: golos-naroda.kzБишімбаевтың адвокаттары оның телефонын сот залында тексеру міндетті емес деген пікірін айтты. Бірақ жәбірленуші тараптың қорғаушылары мен прокурор бұған қарсылық білдірді. Олар бұған дейін Салтанат Нүкенованың телефоны жіті қаралғанын алға тартты.Осыдан кейін Бишімбаевтың қорғаушысы оның смартфонына құпия сөзді өзіміз енгізуге рұқсат берілсін деген өтінішін жеткізді. Өйткені басты айыпталушының телефонында оның қасақана қатігездікпен адам өлтіргенін теріске шығаратын дәлелдер бар көрінеді. «Сотқа құпия сөзді айтсақ, ондағы хабарламалар бұрмаланып түзетіліп кете ме деп қорқамыз. Осыған б…

0
0
429

Атырау облысында да мектептерді дүрліктіретін хабарлама тарады

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп осы аймақтағы бір мектептің тоғызыншы сынып оқушысының әрекетін әшкереледі.Жасөспірім анонимді Telegram-арна ашып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде лаңкестік әрекет жасалатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды (Polisia.kz).Айта кетейік, лаңкестік әрекет дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Б…

0
0
336

Бишімбаевтың ісін қарап жатқан судьяға телефон арқылы қоқаң-лоққы жасалған

Астана қаласының Полиция департаменті әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтың ісін қарап жатқан судья Айжан Құлбаеваны қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Жоғарғы Соттың ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов хабарлады.Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен. Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.Судьяның жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды.Тексеру іс-шараларының нәт…

0
0
341

Семейдің 62 жастағы тұрғыны саунада сексуалдық қызмет ұйымдастырған

Семейдегі саунада 62 жастағы сутенер әже әкімші болған. Ол келген клиенттерге жезөкшелердің қызметін ұсынып отырыпты.Фото: Абай облысы ПД Пысық зейнеткер әр тапсырыстан орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында оның әрекетінің жолын кесті.Тінту кезінде тәртіп сақшылары қолма-қол ақша мен басқа да заттай айғақтарды тәркілеген.«Жеңгетай» мен 9 «түнгі көбелек» (үш Қазақстан және алты Өзбекстан азаматшалары) жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді. Барлығы жедел есепке алынды.Қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған орын ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша зейнеткердің 2 жарым жылға бостандығы шектелді.   Қазір ол Абай об…

0
0
277