Мазмұнға өту
Қылмыс пен жаза
127 жазбалар3 тіркелуші

Сотталушы қаза тапқандардың туыстары мен зардап шеккендерден жылап тұрып кешірім сұрады

Алматыда 3 адамды автобус қағып өлтіруіне себепкер болған Дархан Ахметжановқа қатысты бүгінгі сот отырысында айыпталушы соңғы сөзін айтты.«Қаза болған адамдардың отбасыларынан кешірім сұрағым келеді. Арты қайырлы болсын. Түсінемін, сіздерге өте ауыр. Сіздермен бірге менің де жүрегім ауырып тұр. Қайғыларыңызға ортақпын. Мені кінәлі деп танып жатсаңыздар, шын жүректен кешірулеріңізді сұраймын. Жарақат алған адамдардан да кешірім сұраймын. Алла дендеріңізге саулық берсін, шипасын берсін. Жазылып кетіңіздер. Және де өзімнің отбасымнан, ата-анамнан кешірім сұраймын. Оларды осындай қиын жағдайға қалдырғаным үшін, уайымға салдырғаным үшін кешірім сұраймын», – деді Ахметжанов.Айта кетейік, прокурор оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды және қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге өтем…

0
0
438

Атырау облысында от қойылған пәтерден балалардың өлі денелері табылды

Пәтердегі өрттен екі бала қаза тапты. Полиция күдіктіні қамауға алды.AtyrauPress-тің Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сүйеніп хабарлауынша, 25 сәуірде сағат таңғы 05:40 шамасында Индер ауданындағы Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде пәтер толықтай жанып кеткен.Пәтердің жатын бөлмесінен 7 және 10 жастағы балалардың өлі денелері табылды. Сондай-ақ , олардың 28 жастағы анасы мен 30 жастағы ер адам  ес-түссіз күйде табылып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы оқиға орнынан жанар май иісі бар құты қалдықтарын анықтаған. Және де жақын жердегі жанар май бекетінен бензин сатып алған 31 жастағы жәбірл…

0
0
285

Шымкентте бірнеше жалған полицей ұсталды

Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды ұстады. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, күдіктілер полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан. Яғни “қорғауға” аламыз деп, ай сайын төлем талап етіпті. Ұсталғандардың бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екіншісі алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шыққан. "Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі ат…

0
0
426

Алматыдағы барда арнайы операция жүргізілді

Алматы прокуратурасының бастамасы бойынша ҰҚКБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті.

undefined

Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Алматы қаласының прокуратурасы

0
0
303

Павлодар облысында заңсыз күзет қызметі әшкере болды

Кереку өңірінде полиция қызметкерлері заңсыз күзет қызметін анықтады.Павлодар облысында ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жедел уәкілдері қаланың ойын-сауық мекемелерінде рұқсат құжаттарынсыз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фейс-бақылау бойынша заңсыз күзет қызметін жүзеге асырған Павлодар қаласының тұрғындарын анықтап, ұстады. "Тергеу барысында қатысушылардың қаланың 12 ойын-сауық орындарында заңсыз күзет қызметін ұйымдастырғаны анықталды. Онда олар маргиналдық жастар қатарынан, спорттық дайындықтан өткен, біліктілік талаптары жоқ, күзет ретінде жұмысты жүзеге асыру үшін жас жігіттерді жинаған, еңбек шарттары жасалмаған. Заңсыз күзет қызметі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қалмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қ…

0
0
290

Тағы бір іске қатысты сот отырысы тікелей эфирде беріле бастады

Бұл - Алматыда автобус жүргізушісін ұрып, соның салдарынан үш адамның өліміне себепкер болған тұрғынға қатысты сот."ҚР Жоғарғы соты және сот әкімшілігі республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастыруда.Алматы қаласында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген Жоғарғы сот хабарламасында.Естеріңізге салсақ, сотталушы А. 47-ші бағыттағы автобустың әйел жүргізушісін соққылаған еді. Соның салдарынан жүргізуші ә…

0
0
361

Бишімбаев көріпкелден Салтанаттың жағдайы жақсы деп жазуды сұраған

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына Салтанат қайтыс болатын күні экс-шенеунік хабарласқан көріпкел әйел онлайн түрде қатысты. Көріпкел қазір өзіне қоқаң-лоққы жасалып жатқанын алға тартып, жабық түрде жауап алуды сұрады. Прокурор Айжан Аймағанова да сондай өтініш берді.Судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Бірақ ол көріпкелден оның жеке мәліметтерін жарияламай және түрін көрсетпей жауап алынсын деді.Сонымен, жұмбақ көріпкелдің айтуынша, Бишімбаев телефонмен хабарласқанда оның ішіп алғаны байқалған. Әйел бірден «Салтанатқа жедел жәрдем шақыр» депті. «Ол 9 қараша күні телефон соғып: «Салтанат екеуміз қатты мас болып, қырғын төбелестік» деді. Мен бұны шын қабылдаған жоқпын. Сағат 15:00 мен 16:00-де бірінші қоңырау соғылды. Мен оған жедел жәрдем шақыру керектігін айттым. Аспа…

0
0
288