Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Бишімбаевтың ісін қарап жатқан судьяға телефон арқылы қоқаң-лоққы жасалған

Астана қаласының Полиция департаменті әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысын жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтың ісін қарап жатқан судья Айжан Құлбаеваны қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Жоғарғы Соттың ресми өкілі Ерлан Ахмеджанов хабарлады.
undefined
Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.
Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Судьяның жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды.
Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

0
0
321

Осы тақырып бойынша

Бишімбаевтың ісін қарап жатқан судьяға телефон арқылы... - Yvision.kz