Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Атырау облысында да мектептерді дүрліктіретін хабарлама тарады

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп осы аймақтағы бір мектептің тоғызыншы сынып оқушысының әрекетін әшкереледі.

undefined

Жасөспірім анонимді Telegram-арна ашып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде лаңкестік әрекет жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.

Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған.

Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды (Polisia.kz).

Айта кетейік, лаңкестік әрекет дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Біз бұрынырақ мессенджерлерде, оның ішінде Telegram-да Астанаға қатысты "19 сәуірде ол мектептерге кіріп, балаларды өлтіруге дайын" деген ақпарат тарағанын хабарлағанбыз.

0
0
320

Осы тақырып бойынша

Атырау облысында да мектептерді дүрліктіретін... - Yvision.kz