Мазмұнға өту
Қылмыс пен жаза
127 жазбалар3 тіркелуші

Бишімбаевқа қатысты сотта ресейлік сарапшының қорытындысы іске тіркелмеді

Астанада Қуандық Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

undefined

Сот ресейлік сарапшының тұжырымын іске тіркеуден бас тартты. Судья сараптаманың заңды бұза отырып жасалғанын айтты.

@qazaqstantv

0
0
243

Қызылордада бірнеше адам апиын сатуға әрекеттену кезінде ұсталды

Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды.
undefined
2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды.
Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
undefined
ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
176

Алматыда бұрынғы әйелін ұрып құлатқан заңгер қамауға алынды

Алматыда бұрынғы әйелі Салтанат Ақботаеваны қатты соққы беріп құлатқан тараздық заңгер Александар Кимді полиция ұстады.

undefined

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Александр Ким ұрып-соққаны және біреудің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін сот шешімімен 25 тәулікке қамауға алынып, оған айыппұл салынған.

Естеріңізге салсақ, Александр Салтанатты әдейі ұрмағанын, тек өзін ұстай алмай, қолын қатты сермеп жібергенін айтып ақталған еді. Оның бұлай ашулануына қызғаныш себеп болған көрінеді.

Ал онымен 11 жыл некеде болып, 4 бала тапқан Салтанат бұрынғы күйеуін нағыз зорлықшыл деп отыр. Өйткені Александр оны бірге тұрған кезде де талай ұрып-соққан.

0
0
233