Күн ұяға қонар алдында ала жаздай құз-қабырғалары ой
көзін шектеп тастаған жиһангездер ойпатта не болып жатқанын
көру үшін жотаның жарына шықты. Санников жерінің түстік
беткейі жаз дегеннің не екенін көрмегендей тұтас ақ қар
жамылып, етектен бес шақырымға дейін қалың мұз құрсанып
жатқан теңізге шымылдық боп түсіп тұр. Одан әрі айдынында
сеңдер мен тұтас мұзды алаңдар қалқыған кең шалқар су
түстік көкжиекке дейін көсіліп жатыр. Қайықпен өту үшін
бұл теңіз тым шалқар, оның үстіне байдаркаға бүкіл жүк пен
адамдар, иттер сыймайды. Күзгі аяздар теңізді қатырып,
шық айдынның тарылғанын күту керек, не мұз әрі қарай
түстікке созылып жатуы мүмкін деген үмітпен шығысқа тарту
керек, екінші жағынан Қазандық аралына жақын отырып,
оңтайлы сәті келгенде ауысып түсе қою қажет.
– Біз қазір кемесі апатқа ұшырап аралда қалғандар
сияқтымыз, – деді Ордин, – алдымыз – су, артымыз –
су алапат, ортасында – от, апат, ұмытпасам ертегілерде
осылай айтылмаушы ма еді.
– Әзір оты жоқ, ал апаты мен суынан аяқ алып жүрер
емеспіз ғой, – деп жауап берді Горюнов, – артыңызға
айналып бір қараңызшы.
Санников жері шынында да алып бір көл тәрізді екен.
Дүрбімен қарағанда бұрын ойпаттың орта бөлегінде бірнеше
жерден атқылап тұрған гейзер фонтандарын байқауға болатын.
Осының алдында ғана алаңқайлар мен ормандар қыс көрпесін
айқара жамылып жатқанды, ал енді қардың орнын су алып,
терістіктен есілген жылы жел аралдың жылытқышы қалпына
келгенін аңғартып тұр.
– Жердің ең сүбелісі құрып кетті! – деді Ордин. –
Лажсыздан бар жан-жануар терістік бөлегіне топырлайды,
ал о жақтың тең жартысы тұлдырсыз қу тақыр.
– Иә, онда, әсіресе, адамдарға тығыз болады, – деді
Ордин. – Зады, енді онкилондар қатерлі көршілерінің бірін
қалдырмай қырғанша тыным таппай, тағыларға соғыс
бастайды.
– Біздің нажағай мен жасынымыз ғой онда оларға
таптырмас көмек еді. Кетіп қалуымызға түрткі болғандарына
өкінеді ғой енді.
– Жоқ, Гороховта да мылтық қалды ғой.
– Е, енді есіме түсті ғой, жертөледе біз кетерде
Амнундакқа тарту етеміз деп жүрген артық мылтығымызды
ұмыт қалдырыппыз ғой. Онкилондардың көңілін табу үшін
Горохов олардың көсеміне сыйлаған да шығар оны.
Күн қанқызыл болып талаурап, қиыр теңіз үстіне төнген
тұманды өртеп көкжиекке барып сүңгіген соң ғана жиһангездер
текше тасқа қайтып келіп, от басында ұзақ отырды. Барлығы
да назалы: олар Санников жерін сүйіп кетіп еді, енді ақтық
түнді одан тыс өткізгелі отыр. Осынау жұмбақ жерді алғаш
жиек таулардан қалай көргенін, төменнен шыққан дауыстарды
естіп, не көрер екенбіз бұдан деп әркім өзінше бал ашқан
сәтін олар еріксіз еске алды. Ойлағанынан олар әлдеқайда
көп көрді, талай тылсымдарды ашты, жойылып кеткен
жануарлардың өз алдына бір тұтас әлемін тауып, поляр
мұздарының ортасындағы осынау тұйық ойпатқа ошарылған
алғашқы қауым адамдарын ұшыратты. Экспедицияның
нәтижесі керемет, күллі мүшелері дін аман, сап-сау, алайда
олар соңғы күндерінің оқиғаларына ғана емес, осы бір ғажайып
аралға, оның бейкүнә тұрғындарына бейуақытта төнген апатқа
қатты қиналады.
Түн әжептәуір жылы болды да, олар отынды аяп от
жақпады және телегей теңіз судан өтіп не онкилон келе
алмайтын, не азулы аң шыға алмайтын биік текше таста
өздерін аса қауіпсіз санады. Күндіздің өзінде бір нарта
буылып-түйіліп, терімен жауып тасталған-ды: себебі
экспедицняның күллі табиғи-тарихи, этнографиялық
коллекциясы, фотография мен күнделіктер сонда болатын.
Онша ауыр емес ол басқалардан әрегірек текше тас шетіне
қарай тұрған-ды. Үстіне жаңа ет жайылған соң соған ит тиіп
жүре ме деп, Костяков төсегін түнде соның жанына сап
жатқан. Жартылай ғана тиелген басқа нарта алаңға көлденең,
иттерге жақын қойылған да, қасына төсек-қаптарына кіріп,
қалғандары жайғасқан-ды.
Горюнов бүйірден біреудің жеңіл нұқығанынан оянып кетті.
Ол біреу әдейі оятқан шығар деп ойлап, көзін ашса, ешкім
жоқ, қайта қалғи бергенде оның құлағына алыстан талып бір
гүріл естілді.
«Ал енді жаңбыр дегеніңнін тіптен-ақ жөні жоқ, жалаңаш
тасқа шатырды қалай тігерсің!» деп ойлаған ол басын көтеріп,
жан-жағын шолды. Аспан ап-ашық, ай тас төбеге шығып ап,
ойпатты түгел жарқыратып тұр. Ол басын жерге бере беріп
өз астынан анық қатты гүрілді есітті.
«Жерасты апаты тоқтамағаны ма?» деп ойлады ол. «Күндіз
бәрі тып-тыныш сияқты еді, жер сілкіну ойпаң табаны төмен
түсіп, судың жарып шығуымен бітіп еді ғой. Әлде ол көңілашар
күйі ғана ма екен?»
Қатты дүмпу Горюновты жатқан орнынан бір көтеріп
тастап, ойын үзіп жіберді.
– Тағы да сілкінуге айналды ма? – деген Ординнің
ұйқылы-ояу даусы шықты.
Төсек-қабында отырып Горюнов көлге көз салып еді, –
беті бұрқан-талқан: жер асты дүмпуінен шайқалған су толқын
атып, бұрқ-сарқ қайнағандай аспанға атылып аунап түсіп әлек,
мың бұралған толқын жоны шағылып сусыған сынаптай
жылтырайды. Құз жағалай жарға соққан толқын үні мен
жоғарыдан құлаған қойтастар шолпылы астасып кеткен.
Бірінен соң бірі тағы да бірнеше тегеурінді дүмпу ұрып
өтті. Кенет Горюновтын құлағына тап іргесінен атылған мылтық
үніндей жарылған бірдеңе шалынды, қарап ол он екі мүшесінің
бірін қозғай алмай, зәресі ұшып тас болып қатты да қалды,
бірер қадам жерден қап-қара үңгір ашылып, текшенің
Костяков жатқан бөлегі сәл қисая берді де, үңірейіп тұрған
жерге күмп етті. Шошынған дауыс судың шолпылына, бір-
біріне соғылған қойтастардың гүрсіліне араласып, бұрқ еткен
шаң аспанға бір-ақ көтерілді. Осының бәрі-бәрі бірер секундта
ғана болды. Тек біраз уақыт қана құлаған көп жыныстан
шоршыған су толқынының шуы ғана шығып жатты.
Тұла бойы дірілдеп Горюнов қапшықтан әрең шықты.
Даусы мүлдем шықпай, қалтыраған бір үн көмейіне кептеліп
қалды. Екі-ақ қадам ана жерде опырылған ернеудің жаңа
сызығы жатыр, ал алаңның шығыс бөлегінің орнында қап-
қара шыңырау үңірейеді. Ол еңбектеп шыңыраудың шетіне
барып, төменге үңіліп еді – толқынданған судың ішінде
жардың құлаған бөлегі қарауытып, баспалдақты күртік үстінде
үп-үлкен жыра жатыр, шамасы, бір жағына таман ұшып түскен
қойтас орып кетсе керек.
– Тағы да не болып қалды? –деген Ординнің даусы
шықты. Қатып ұйықтап қалған оны жердің жарылғаны мен
құлаған гүрсілі ғана оятып, есін енді жиғызған еді.
– Же... жер... жа... рылды... Костяков... нарта... шыңырауға
құлап кетті!.. – дегенді төменге үңіліп жатып Горюнов әрең
айтты.
Осынау жаманат хабар Ординді аяғынан тік қойды.
– Ойбай-ау, іздеу керек қой, көмектесіп, шығарып алу
қажет! Қане, тезірек! – деп айғайлады ол қаптан шығып
жатып. – Әй, Никифоров тұр, бері кел! Байдарка қайда?
– Енді мүмкін емес! – деді Горюнов торыққан үнмен. –
Қайық түсіру қиын, құз құлап, күртікті алып кетті. Ал
Костяковты жаншып тастады.
– Тәйірі, оны қайдан білуші едіңіз?
– Алаң қисая бергенде ол жатқан төсек-қап пен нарта
шыңырауға алдымен сырғып, құлаған құз түп-түгел солардың
үстіне түсті.
Ордин де шыңырау шетіне келіп, төмен үңілді.
– Қап-қара су мен құлаған құздан өзге түк те көрінбейді.
Төсек-қап пен Костяков көбік сияқты судың бетіне шығар
еді, құлаған жыныс басып қалған ғой.
– Қандай сұмдық! – деп аһ ұрды Ордин . – Көз алдыңда
адам өліп барады, ал қол ұшын беруге ешбір ыңғайы жоқ!
Күртікке қарап еді, алдын ала әзірлік жасамай төмен
тусудің еш мүмкіндігі жоқ екен – оның жонында ені он бес,
тереңдігі он метрдей жыра жатыр.
– Арқан бойлап жардан суға тік түсуге болмай ма? – деп
ұсыныс жасады ол.
– Мықты арқан мұның жартысына ғана жетеді, ал мұның
биіктігі сексен метрден астам, – деді Горюнов.
– Және екеуміз білдей бір адамды соншама уақыт ұстап
тұра аламыз ба? – деді жақындап келген Никифоров.
– Костяков қана емес, экспедициямыздың күллі нәтижесі
қоса кетті ғой! – деп айғайлап жіберді Ордин.
– Иә, қоса құрыды! – деді үмітін үзген үнмен Горюнов.
– Тым құрыса құздың құлаған жеріне жарық түсірейік
те, ол көлеңкеден нашар көрінеді. Бәлкім, Костяковты бір
жаққа атып жіберіп, ол ессіз-түссіз жатқан шығар.
Никифоров отын арасынан бір құшақ майқараған алып
кеп, байдарканың ырғайының басына байлап тұтатты да,
шыңырауға түсіріп ерсілі-қарсылы бұлғады. Ордин мен
Горюнов жарық көздеріне түспес үшін шыңыраудын шетінде
жатып төмен қарады. Тамыздық тез тұтанып лаулай жанып,
опырылған жерді жарық қылды. Онда баспалдақ жасалған
күртік пен қасындағы жотаның арасынан тек толқынданған
лай су мен онан жоғары шашылып, бірінің үстіне бірі мінгескен
базальт қойтастар ғана көрінді. Не онда, не суда адам белгісі,
я нарталардың жүргені байқалмайды. Ырғай басына байланған
жіп күйіп, тамыздық бір қойтастарға түсіп біраз жанып, төңірегін
жақсырақ жарық етіп еді, онымен де ештеңе көрінген жоқ.
Жаңа жерасты дүмпуінен олар атып тұрды: көз алдарында
құздан бірнеше қойтас бөлініп, шыңырауға күрс етіп құлап
түсті.
– Нарталарды кейінірек ысырайық, – деп ұсьнды
Горюнов, – әйтпесе бұлар да алдыңғының кебін киіп жүрер.
Бағанадан бергі көрініске үнсіз куә болып отырған Аннуир
көмектесіп үш жігіт нарталарды сүйреп отырып, төсек-
орындарын құздан аулағырақ күртікке түсетін тұсқа қарай
апарып қойды. Күртік – сіреу мұзы мен құлама жар базальт
қабырғаны тіреп құлатпай, бұл тұс, әйтеуір, аман тұр. Алаңның
ірге жағы да, жоғары жардың етегі де қауіпсіз емес – олардан
бірнеше уақ тас та түскен.
Алыстағы бір гүрсіл ауаны жаңғырықтырып, барлығын
теріскейге жалт қаратты. Ойпаттың сонау терістік бөлегінде
жалаңдаған қызыл сәулемен жарқыраған түтін бе, бу ма –
бірдеңе аспанға шаншылып, жиі-жиі және күшті жарылыстар
естіліп, оны аңғар құздары әлсін-әлі жаңғырықтырып тұрды.
Әрбір жарылыс сайын аяқ астында текше жынысы солқ ете
қалады.
– Жанартау оянды! – деп қалды Ордин.
– Ал адамдар ше, бақытсыз адамдар селден жан сауғалап
сонда тығылған еді! Күні не болды бейбақтардың? – деп
Горюновтың даусы шыжалактай шырылдап шықты. – Бір
жолдасымыз осы арада қазір ғана опат болды, біреуі енді
онда өледі, ал бізде қолұшын берер түк дәрмен жоқ.
Аннуир Ординге жабысып ап-алыстан көз айырмайды,
көз жасы моншақтап, өксігін сыртқа шығармай, денесі қалш-
қалш етеді.
– Қайткенмен де бұл жердің күні бітті! – деп сұрана
қарады қасындағыларға Никифоров. – Ана жақта не сұмдық,
қараңдаршы: жер астынан от, түтін шығып жатыр.
Ал анау терістікте бір-бірімен ұласып, қара түтін мен ақ
бу бағандары самсап, аспанға атылып ойпат аңғарынан
әлдеқайда жоғары, Шамасы, үш мың метрдей биікке
көтеріліп, ана тұстан да, мына тұстан да шырқай ұшқан шоқ
тастар ракета құсап, ерсілі-қарсылы доға сызып жүр. Кейде
бірнеше дүркін жарылыспен жалғасқан бу бұлты
артиллериядан атылғандай бір жерден бұрқ ете қалып,
биіктеген сайын жайыла түседі. От бағандар бұлт арасында
тіпті жарқырай алаулап кетті – тегі, бір жерден қызған лава
жарып шықса керек. Бірте-бірте еңкейіп бара жатқан мұңлы
ай бұрынғысындай ойпатқа сәуле сеуіп, тыпырши толқын
тыным көрмеген көлдің суын күмістей жалтыратып тұр.
– Иә, Санников жерінің күні біткен шығар, – деп үн
қатты Ордин. – Өзіміз ашып едік, өзіміздің көз алдымызда
бұл құрып та бітті.
– Жарық түскен соң қарап көрелік, бірдеңе ғып қайық
түсіруге болар ма екен, өліп бара жатқан бейшараларға
қолұшын беретін, – деді Горюнов.
Ординге жабысып алған Аннуир және екеуі жанартау
атқылауының барысын бақылап, онымен опат болған жолдасы
жайындағы ойларын алмасып, таң атқанға дейінгі уақытты
төсек-қапта отырып өткізді. Никифоров біраз қарайлап
отырды да қайта ұйықтап қалды.
Әйтеуір, үрейлі түн де бітіп, шығыс шұғылаланып, бірте-
бірте жарық бола бастады. Аннуир от жағып, шай қайнатуға
кірісті. Ордин мен Горюновтың түнде алаңда не болғанын
анықтауына мүмкіндік туды. Алаңның шығыс бөлегі бүтіндей
жойылып кеткен, орнында тек үңірейіп үшкір басы төмен
қадалған сына сияқты жардың бір жұрнағы ғана тұр. Тегі,
бұл бұрын бір түскен сызат бойымен бөлініп, жер дүмпіген
кезде ыдырап, жартысы күртікке құлап, бір бөлегі суға күмп
етсе керек. Күртіктің даладай опырығында мұз қап-қара
шаңмен баттасып, тас сынықтары, топырақ үйінділерімен
көміліп қалған; төменде су бетінен құлаған жақпар тастар
бой көрсетеді. Түні бойы судың лайы тұнып, жоғарыдан
оның түбі көрініп жатыр, дүрбімен оны түгел сүзуге болады,
бірақ қап-қара үйіндіден басқа ештеңе көзге түскен жок.
Олар жолдасын да, экспедицияның бар жетістігін де осымен
жерледі.
Күртіктегі, шұңқырды қарап шығып, бұл арадан өту үшін
екі жақ қабақтағы құздан ойып баспалдақ жасау керек деген
шешімге келді.
– Түске шейін оны да жасаймыз! – деді Горюнов. –
Байдарканың екі бөлігін жіпке байлап жеке-жеке түсіреміз,
жоғарыға да солай шығамыз. Қане, ауқаттанып алайық та,
іске кірісейік!
Ойпаттың терістігінде су мен түтін бұлтына тасаланып
жанартау әлі атқылап жатыр, оның дүмпуі ауық-ауық солқ
ете қалған алаң жартасынан-ақ білінеді. Бу мен түтін
шымылдығы апат көрінісін көрермендерден көлегейлеп тұр.
Кенет сол шымылдықтың бер жағынан от жарқ етті де,
ілезде екі жаққа жайыла жөнелді. Дүрбімен жанып жатқан
орман екенін айқын көруге болғандай.
– Шамасы, онкилондар ісінен енді қайыр жоқ! – деді
Ордин. – Жанартаудың атқылауы ойпаттың терістік
пұшпағында емес, орта тұсында, яғни кеше біз жүзіп барып
қайтқан жұрт судан жан сауғалап тығылған шамада басталғаны
енді айқын. Мүмкін, ол терістік бөлікті түгел де қамтуы.
Екеуі де нартаға қайтып келді, шай әзір екен. Никифоров
алаңның батыс бұрышына байланған иттерге бір құшақ сүр
етті апара беріп тұрып қалды.
– Бері келіңдер! – деп айғай салды ол. – Іс оңды емес
мұнда.
Құманның төңірегіне жайғасып та үлгерген Горюнов, Ордин
және Аннуир атып тұрып, казактың қасына жетіп барды. Ол
түнде құлаған тұсқа кесе-көлденең, алаңды батыс шетіне
қарай бойлап кеткен, ені алақандай жарықтың ернеуінде тұр
екен. Нарталар мен адамдар осы жарықшақ пен алаңның
ішкі іргесінің арасында тұр, ал иттер арғы жақта.
– Кеше бұл жарықшақ жоқ еді, – деді Никифоров.
– Жағдай жаман! Екінші опырылым да дайын тұр, –
деді Горюнов.
– Мұның күрс құлауы үшін бір-ақ рет күшті жер дүмпуі
жетіп жатыр, – деп қостады Ордин. – Тегі, мұны күртік
тіреп тұр, әйтпесе түнде-ақ бізді ала құлайтын еді.
– Зайыры, қанша қимағанымызбен бұл арадан қашу керек
шығар, – деді Горюнов. – Әйтпесе біз де Костяковтың
қасынан барып бір-ақ шығатынымыз хақ.
– Онда заттарды жарықшақтың ар жағына тасиық.
Айтты-бітті, орындалды. Әупіріммен ертеңгі асқа да
отырды. Отырғаны не керек, үш қадам жерде қарайып жатқан
жарықшаққа қайта-қайта қарап, енді тура күртіктің үстіне
құлағалы тұрған күз қабағынан жаутаңдап көз ала алған жоқ.
Ас ішіп болып жедел жұмысқа кірісті: екеуі арқан алып
баспалдақпен жоғары шығып, екеуі төменде қалды; бір-бірлеп
нарталарды, байдарканы, заттарды шығарды, сосын иттерді
шешіп алып жоғарыға айдады, түнде құлаған тас тиіп өлген
біреуінен басқасының бәрі аман олардың.
Кесапат қырсықты алаңнан ақырғы болып кетіп бара
жатқан Горюнов шыңырау шетіне тағы да келіп төмен үңілді
де, күбірлеп шейіт болған жолдасына қоштасу сөзін айтты.
Күн ұяға қонар алдында ала жаздай құз-қабырғалары ойкөзін шектеп тастаған жиһангездер ойпатта не болып жатқанынкөру үшін жотаның жарына шықты. Санников жерінің түстікбеткейі жаз дегеннің не екенін көрмегендей тұтас ақ қаржамылып, етектен бес шақырымға дейін қалың мұз құрсаныпжатқан теңізге шымылдық боп түсіп тұр. Одан әрі айдынындасеңдер мен тұтас мұзды алаңдар қалқыған кең шалқар сутүстік көкжиекке дейін көсіліп жатыр. Қайықпен өту үшінбұл теңіз тым шалқар, оның үстіне байдаркаға бүкіл жүк пенадамдар, иттер сыймайды. Күзгі аяздар теңізді қатырып,шық айдынның тарылғанын күту керек, не мұз әрі қарайтүстікке созылып жатуы мүмкін деген үмітпен шығысқа тартукерек, екінші жағынан Қазандық аралына жақын отырып,оңтайлы сәті келгенде ауысып түсе қою қажет.– Біз қазір кемесі апатқа ұшырап аралда қалғандарсияқтымыз, – деді Ордин, – алдымыз – су, артымыз –су алапат, ортасында – от, апат, ұмытпасам ертегілердеосылай айтылмаушы ма еді.
– Әзір оты жоқ, ал апаты мен суынан аяқ алып жүреремеспіз ғой, – деп жауап берді Горюнов, – артыңызғаайналып бір қараңызшы.Санников жері шынында да алып бір көл тәрізді екен.Дүрбімен қарағанда бұрын ойпаттың орта бөлегінде бірнешежерден атқылап тұрған гейзер фонтандарын байқауға болатын.Осының алдында ғана алаңқайлар мен ормандар қыс көрпесінайқара жамылып жатқанды, ал енді қардың орнын су алып,терістіктен есілген жылы жел аралдың жылытқышы қалпынакелгенін аңғартып тұр.
– Жердің ең сүбелісі құрып кетті! – деді Ордин. –Лажсыздан бар жан-жануар терістік бөлегіне топырлайды,ал о жақтың тең жартысы тұлдырсыз қу тақыр.
– Иә, онда, әсіресе, адамдарға тығыз болады, – дедіОрдин.
– Зады, енді онкилондар қатерлі көршілерінің бірінқалдырмай қырғанша тыным таппай, тағыларға соғысбастайды.– Біздің нажағай мен жасынымыз ғой онда оларғатаптырмас көмек еді. Кетіп қалуымызға түрткі болғандарынаөкінеді ғой енді.
– Жоқ, Гороховта да мылтық қалды ғой.
– Е, енді есіме түсті ғой, жертөледе біз кетердеАмнундакқа тарту етеміз деп жүрген артық мылтығымыздыұмыт қалдырыппыз ғой. Онкилондардың көңілін табу үшінГорохов олардың көсеміне сыйлаған да шығар оны.Күн қанқызыл болып талаурап, қиыр теңіз үстіне төнгентұманды өртеп көкжиекке барып сүңгіген соң ғана жиһангездертекше тасқа қайтып келіп, от басында ұзақ отырды. Барлығыда назалы: олар Санников жерін сүйіп кетіп еді, енді ақтықтүнді одан тыс өткізгелі отыр. Осынау жұмбақ жерді алғашжиек таулардан қалай көргенін, төменнен шыққан дауыстардыестіп, не көрер екенбіз бұдан деп әркім өзінше бал ашқан сәтін олар еріксіз еске алды. Ойлағанынан олар әлдеқайдакөп көрді, талай тылсымдарды ашты, жойылып кеткенжануарлардың өз алдына бір тұтас әлемін тауып, полярмұздарының ортасындағы осынау тұйық ойпатқа ошарылғаналғашқы қауым адамдарын ұшыратты. Экспедицияныңнәтижесі керемет, күллі мүшелері дін аман, сап-сау, алайдаолар соңғы күндерінің оқиғаларына ғана емес, осы бір ғажайыпаралға, оның бейкүнә тұрғындарына бейуақытта төнген апатқақатты қиналады.Түн әжептәуір жылы болды да, олар отынды аяп отжақпады және телегей теңіз судан өтіп не онкилон келеалмайтын, не азулы аң шыға алмайтын биік текше тастаөздерін аса қауіпсіз санады. Күндіздің өзінде бір нартабуылып-түйіліп, терімен жауып тасталған-ды: себебіэкспедицняның күллі табиғи-тарихи, этнографиялықколлекциясы, фотография мен күнделіктер сонда болатын.Онша ауыр емес ол басқалардан әрегірек текше тас шетінеқарай тұрған-ды. Үстіне жаңа ет жайылған соң соған ит тиіпжүре ме деп, Костяков төсегін түнде соның жанына сапжатқан. Жартылай ғана тиелген басқа нарта алаңға көлденең,иттерге жақын қойылған да, қасына төсек-қаптарына кіріп,қалғандары жайғасқан-ды.Горюнов бүйірден біреудің жеңіл нұқығанынан оянып кетті.Ол біреу әдейі оятқан шығар деп ойлап, көзін ашса, ешкімжоқ, қайта қалғи бергенде оның құлағына алыстан талып біргүріл естілді.«Ал енді жаңбыр дегеніңнін тіптен-ақ жөні жоқ, жалаңаштасқа шатырды қалай тігерсің!» деп ойлаған ол басын көтеріп,жан-жағын шолды. Аспан ап-ашық, ай тас төбеге шығып ап,ойпатты түгел жарқыратып тұр. Ол басын жерге бере беріпөз астынан анық қатты гүрілді есітті.«Жерасты апаты тоқтамағаны ма?» деп ойлады ол. «Күндізбәрі тып-тыныш сияқты еді, жер сілкіну ойпаң табаны төмен түсіп, судың жарып шығуымен бітіп еді ғой. Әлде ол көңілашаркүйі ғана ма екен?»Қатты дүмпу Горюновты жатқан орнынан бір көтеріптастап, ойын үзіп жіберді.
– Тағы да сілкінуге айналды ма? – деген Ординніңұйқылы-ояу даусы шықты.Төсек-қабында отырып Горюнов көлге көз салып еді, –беті бұрқан-талқан: жер асты дүмпуінен шайқалған су толқынатып, бұрқ-сарқ қайнағандай аспанға атылып аунап түсіп әлек,мың бұралған толқын жоны шағылып сусыған сынаптайжылтырайды. Құз жағалай жарға соққан толқын үні менжоғарыдан құлаған қойтастар шолпылы астасып кеткен.Бірінен соң бірі тағы да бірнеше тегеурінді дүмпу ұрыпөтті. Кенет Горюновтын құлағына тап іргесінен атылған мылтықүніндей жарылған бірдеңе шалынды, қарап ол он екі мүшесініңбірін қозғай алмай, зәресі ұшып тас болып қатты да қалды,бірер қадам жерден қап-қара үңгір ашылып, текшеніңКостяков жатқан бөлегі сәл қисая берді де, үңірейіп тұрғанжерге күмп етті. Шошынған дауыс судың шолпылына, бір-біріне соғылған қойтастардың гүрсіліне араласып, бұрқ еткеншаң аспанға бір-ақ көтерілді. Осының бәрі-бәрі бірер секундтағана болды. Тек біраз уақыт қана құлаған көп жыныстаншоршыған су толқынының шуы ғана шығып жатты.Тұла бойы дірілдеп Горюнов қапшықтан әрең шықты.Даусы мүлдем шықпай, қалтыраған бір үн көмейіне кептеліпқалды. Екі-ақ қадам ана жерде опырылған ернеудің жаңасызығы жатыр, ал алаңның шығыс бөлегінің орнында қап-қара шыңырау үңірейеді. Ол еңбектеп шыңыраудың шетінебарып, төменге үңіліп еді – толқынданған судың ішіндежардың құлаған бөлегі қарауытып, баспалдақты күртік үстіндеүп-үлкен жыра жатыр, шамасы, бір жағына таман ұшып түскенқойтас орып кетсе керек.
– Тағы да не болып қалды? –деген Ординнің даусышықты. Қатып ұйықтап қалған оны жердің жарылғаны менқұлаған гүрсілі ғана оятып, есін енді жиғызған еді.
– Же... жер... жа... рылды... Костяков... нарта... шыңырауғақұлап кетті!.. – дегенді төменге үңіліп жатып Горюнов әреңайтты.Осынау жаманат хабар Ординді аяғынан тік қойды.– Ойбай-ау, іздеу керек қой, көмектесіп, шығарып алуқажет! Қане, тезірек! – деп айғайлады ол қаптан шығыпжатып.
– Әй, Никифоров тұр, бері кел! Байдарка қайда?
– Енді мүмкін емес! – деді Горюнов торыққан үнмен.
–Қайық түсіру қиын, құз құлап, күртікті алып кетті. АлКостяковты жаншып тастады.
– Тәйірі, оны қайдан білуші едіңіз?
– Алаң қисая бергенде ол жатқан төсек-қап пен нарташыңырауға алдымен сырғып, құлаған құз түп-түгел солардыңүстіне түсті.Ордин де шыңырау шетіне келіп, төмен үңілді.
– Қап-қара су мен құлаған құздан өзге түк те көрінбейді.Төсек-қап пен Костяков көбік сияқты судың бетіне шығареді, құлаған жыныс басып қалған ғой.
– Қандай сұмдық! – деп аһ ұрды Ордин .
– Көз алдыңдаадам өліп барады, ал қол ұшын беруге ешбір ыңғайы жоқ!Күртікке қарап еді, алдын ала әзірлік жасамай төментусудің еш мүмкіндігі жоқ екен – оның жонында ені он бес,тереңдігі он метрдей жыра жатыр.
– Арқан бойлап жардан суға тік түсуге болмай ма? – депұсыныс жасады ол.
– Мықты арқан мұның жартысына ғана жетеді, ал мұныңбиіктігі сексен метрден астам, – деді Горюнов.
– Және екеуміз білдей бір адамды соншама уақыт ұстаптұра аламыз ба? – деді жақындап келген Никифоров.
– Костяков қана емес, экспедициямыздың күллі нәтижесіқоса кетті ғой! – деп айғайлап жіберді Ордин.
– Иә, қоса құрыды! – деді үмітін үзген үнмен Горюнов.
– Тым құрыса құздың құлаған жеріне жарық түсірейікте, ол көлеңкеден нашар көрінеді. Бәлкім, Костяковты біржаққа атып жіберіп, ол ессіз-түссіз жатқан шығар. Никифоров отын арасынан бір құшақ майқараған алыпкеп, байдарканың ырғайының басына байлап тұтатты да,шыңырауға түсіріп ерсілі-қарсылы бұлғады. Ордин менГорюнов жарық көздеріне түспес үшін шыңыраудын шетіндежатып төмен қарады. Тамыздық тез тұтанып лаулай жанып,опырылған жерді жарық қылды. Онда баспалдақ жасалғанкүртік пен қасындағы жотаның арасынан тек толқынданғанлай су мен онан жоғары шашылып, бірінің үстіне бірі мінгескенбазальт қойтастар ғана көрінді. Не онда, не суда адам белгісі,я нарталардың жүргені байқалмайды. Ырғай басына байланғанжіп күйіп, тамыздық бір қойтастарға түсіп біраз жанып, төңірегінжақсырақ жарық етіп еді, онымен де ештеңе көрінген жоқ.Жаңа жерасты дүмпуінен олар атып тұрды: көз алдарындақұздан бірнеше қойтас бөлініп, шыңырауға күрс етіп құлаптүсті.
– Нарталарды кейінірек ысырайық, – деп ұсьндыГорюнов, – әйтпесе бұлар да алдыңғының кебін киіп жүрер.Бағанадан бергі көрініске үнсіз куә болып отырған Аннуиркөмектесіп үш жігіт нарталарды сүйреп отырып, төсек-орындарын құздан аулағырақ күртікке түсетін тұсқа қарайапарып қойды. Күртік – сіреу мұзы мен құлама жар базальтқабырғаны тіреп құлатпай, бұл тұс, әйтеуір, аман тұр. Алаңныңірге жағы да, жоғары жардың етегі де қауіпсіз емес – оларданбірнеше уақ тас та түскен.Алыстағы бір гүрсіл ауаны жаңғырықтырып, барлығынтеріскейге жалт қаратты. Ойпаттың сонау терістік бөлегіндежалаңдаған қызыл сәулемен жарқыраған түтін бе, бу ма –бірдеңе аспанға шаншылып, жиі-жиі және күшті жарылыстарестіліп, оны аңғар құздары әлсін-әлі жаңғырықтырып тұрды.Әрбір жарылыс сайын аяқ астында текше жынысы солқ етеқалады.
– Жанартау оянды! – деп қалды Ордин.
– Ал адамдар ше, бақытсыз адамдар селден жан сауғалапсонда тығылған еді! Күні не болды бейбақтардың? – деп Горюновтың даусы шыжалактай шырылдап шықты.
– Біржолдасымыз осы арада қазір ғана опат болды, біреуі ендіонда өледі, ал бізде қолұшын берер түк дәрмен жоқ.Аннуир Ординге жабысып ап-алыстан көз айырмайды,көз жасы моншақтап, өксігін сыртқа шығармай, денесі қалш-қалш етеді.
– Қайткенмен де бұл жердің күні бітті! – деп сұранақарады қасындағыларға Никифоров.
– Ана жақта не сұмдық,қараңдаршы: жер астынан от, түтін шығып жатыр.Ал анау терістікте бір-бірімен ұласып, қара түтін мен ақбу бағандары самсап, аспанға атылып ойпат аңғарынанәлдеқайда жоғары, Шамасы, үш мың метрдей биіккекөтеріліп, ана тұстан да, мына тұстан да шырқай ұшқан шоқтастар ракета құсап, ерсілі-қарсылы доға сызып жүр. Кейдебірнеше дүркін жарылыспен жалғасқан бу бұлтыартиллериядан атылғандай бір жерден бұрқ ете қалып,биіктеген сайын жайыла түседі. От бағандар бұлт арасындатіпті жарқырай алаулап кетті – тегі, бір жерден қызған лаважарып шықса керек. Бірте-бірте еңкейіп бара жатқан мұңлыай бұрынғысындай ойпатқа сәуле сеуіп, тыпырши толқынтыным көрмеген көлдің суын күмістей жалтыратып тұр.
– Иә, Санников жерінің күні біткен шығар, – деп үнқатты Ордин. – Өзіміз ашып едік, өзіміздің көз алдымыздабұл құрып та бітті.
– Жарық түскен соң қарап көрелік, бірдеңе ғып қайықтүсіруге болар ма екен, өліп бара жатқан бейшараларғақолұшын беретін, – деді Горюнов.Ординге жабысып алған Аннуир және екеуі жанартауатқылауының барысын бақылап, онымен опат болған жолдасыжайындағы ойларын алмасып, таң атқанға дейінгі уақыттытөсек-қапта отырып өткізді. Никифоров біраз қарайлапотырды да қайта ұйықтап қалды.Әйтеуір, үрейлі түн де бітіп, шығыс шұғылаланып, бірте-бірте жарық бола бастады. Аннуир от жағып, шай қайнатуға кірісті. Ордин мен Горюновтың түнде алаңда не болғанынанықтауына мүмкіндік туды. Алаңның шығыс бөлегі бүтіндейжойылып кеткен, орнында тек үңірейіп үшкір басы төменқадалған сына сияқты жардың бір жұрнағы ғана тұр. Тегі,бұл бұрын бір түскен сызат бойымен бөлініп, жер дүмпігенкезде ыдырап, жартысы күртікке құлап, бір бөлегі суға күмпетсе керек. Күртіктің даладай опырығында мұз қап-қарашаңмен баттасып, тас сынықтары, топырақ үйінділеріменкөміліп қалған; төменде су бетінен құлаған жақпар тастарбой көрсетеді. Түні бойы судың лайы тұнып, жоғарыданоның түбі көрініп жатыр, дүрбімен оны түгел сүзуге болады,бірақ қап-қара үйіндіден басқа ештеңе көзге түскен жок.Олар жолдасын да, экспедицияның бар жетістігін де осыменжерледі.Күртіктегі, шұңқырды қарап шығып, бұл арадан өту үшінекі жақ қабақтағы құздан ойып баспалдақ жасау керек дегеншешімге келді.
– Түске шейін оны да жасаймыз! – деді Горюнов.
–Байдарканың екі бөлігін жіпке байлап жеке-жеке түсіреміз,жоғарыға да солай шығамыз. Қане, ауқаттанып алайық та,іске кірісейік!Ойпаттың терістігінде су мен түтін бұлтына тасаланыпжанартау әлі атқылап жатыр, оның дүмпуі ауық-ауық солқете қалған алаң жартасынан-ақ білінеді. Бу мен түтіншымылдығы апат көрінісін көрермендерден көлегейлеп тұр.Кенет сол шымылдықтың бер жағынан от жарқ етті де,ілезде екі жаққа жайыла жөнелді. Дүрбімен жанып жатқанорман екенін айқын көруге болғандай.
– Шамасы, онкилондар ісінен енді қайыр жоқ! – дедіОрдин.
– Жанартаудың атқылауы ойпаттың терістікпұшпағында емес, орта тұсында, яғни кеше біз жүзіп барыпқайтқан жұрт судан жан сауғалап тығылған шамада басталғаныенді айқын. Мүмкін, ол терістік бөлікті түгел де қамтуы. Екеуі де нартаға қайтып келді, шай әзір екен. Никифоровалаңның батыс бұрышына байланған иттерге бір құшақ сүретті апара беріп тұрып қалды.
– Бері келіңдер! – деп айғай салды ол.
– Іс оңды емесмұнда.Құманның төңірегіне жайғасып та үлгерген Горюнов, Ординжәне Аннуир атып тұрып, казактың қасына жетіп барды. Олтүнде құлаған тұсқа кесе-көлденең, алаңды батыс шетінеқарай бойлап кеткен, ені алақандай жарықтың ернеуінде тұрекен. Нарталар мен адамдар осы жарықшақ пен алаңныңішкі іргесінің арасында тұр, ал иттер арғы жақта.
– Кеше бұл жарықшақ жоқ еді, – деді Никифоров.
– Жағдай жаман! Екінші опырылым да дайын тұр, –деді Горюнов.
– Мұның күрс құлауы үшін бір-ақ рет күшті жер дүмпуіжетіп жатыр, – деп қостады Ордин.
– Тегі, мұны күртіктіреп тұр, әйтпесе түнде-ақ бізді ала құлайтын еді.
– Зайыры, қанша қимағанымызбен бұл арадан қашу керекшығар, – деді Горюнов.
– Әйтпесе біз де Костяковтыңқасынан барып бір-ақ шығатынымыз хақ.
– Онда заттарды жарықшақтың ар жағына тасиық.Айтты-бітті, орындалды. Әупіріммен ертеңгі асқа даотырды. Отырғаны не керек, үш қадам жерде қарайып жатқанжарықшаққа қайта-қайта қарап, енді тура күртіктің үстінеқұлағалы тұрған күз қабағынан жаутаңдап көз ала алған жоқ.Ас ішіп болып жедел жұмысқа кірісті: екеуі арқан алыпбаспалдақпен жоғары шығып, екеуі төменде қалды; бір-бірлепнарталарды, байдарканы, заттарды шығарды, сосын иттердішешіп алып жоғарыға айдады, түнде құлаған тас тиіп өлгенбіреуінен басқасының бәрі аман олардың.Кесапат қырсықты алаңнан ақырғы болып кетіп баражатқан Горюнов шыңырау шетіне тағы да келіп төмен үңілдіде, күбірлеп шейіт болған жолдасына қоштасу сөзін айтты.