Перейти к содержимому
Обложка сообщества Qaz

JANA channel — онлайн телеарна

Елімізге белгілі продюсер Баян Есентаева Youtube  арқылы "JANA channel" деп аталатын онлайн арна ашты.


JANA channel - бұл тәулік бойы ең үздік, ең жаңа Орталық Азияның клиптерін көруге мүмкіндік

JANA channel - Қазақстан, Өзбектсан, Қырғызстан сияқты мемлекеттердің бейнебаяндарын сапалы көру мүмкіндігі

JANA channel - әр апта сайынғы хит парадтар, "Новинки" айдарының күн сайын жаңартылуы және рок, поп, этно сияқты әртүрлі жанрлардағы бейнебаяндар

JANA channel - бұл онлайн телеарнаның жаңа форматы, не көретініңізді енді тек сіз ғана шешесіз. Барлық видеоларды тегін әрі HD сапада көре аласыздар.

Қазіргі таңда "JANA channel" арнасының Play Market арқылы Android-қа арналған мобильді қосымшасы шықты. Алдағы уақытта  Appstore iOS -қа арнап шығармақшы. Ашылғанына небәрі бірнеше күн болса да арнаға жазылушылар саны - 12 205.  Ал, 12-ші сәуір күні ашылған мобильді қосымшаны жүктегендер саны әзірге тек - 5. Баян Есентаеваның Instagram желісінде 1.5 миллионға жуық оқырманы барын ескерсек, бұл цифрлар әлі талай көбейеді.

Ендеше, жаңа бастамаларыңыз оңынан болсын!

5
0
1150

Еще по теме