Бағанқас қарайып келе жатқанда-ақ Горохов өз төсегінің
тұсынан жертөленің сырт жағындағы шымын алып, қармен
жауып қойған. Жерге қадай сап, үргіге қадап қойған бірнеше
сырғауылды қазір еш сиқырсыз суырып алуға болады. Таң
алдында, әсіресе, ұйқы қатты қысып, күзетшілер қалғыған
тұста сол тесіктен білдіртпей сыртқа шығуға мүмкіндік бар.
Аннуирдің өнегесін ұстанып Раку де бірге кетеді деген
Гороховтың үміті күшті еді. Қоржынын да қамдап қойған-
ды. Раку қысқы киімін киіп ап жүрген. Қашып кеткенін
таңертең ғана біледі, себебі төсек орнында қалады. Пеструха
да әзір жата тұрады – кейін іздеп тауып жетер, тесікті
сыртынан жауып тастайды. Қапелімде абыржып олар
жиналып үлгергенше, бұлар он шақты шақырым ұзап та кетеді,
екі жұп әйел шаңғысы да сайланып, кешкісін қарға
жасырылған-ды.
Ракудың оралмауы Гороховты қатты опындырды, оны
ол жанындай жақсы көріп, әуел баста бір сол үшін
онкилондармен қалып еді. Енді онсыз кетуге тура келіп тұр.
Әй, бірақ сол кетуге көнбей, дабыл қағуы да мүмкін ғой.
Асылы, оның жоғы да жөн болар.
Горохов ұйқыға ерте бас қойып, Пеструханы өз төсегіне
алып жатты, енді мұны өзімен бірге алып кетуге болады.
Жатқалы жатып ол от басында отырған жауынгерлер естісін
деп дауыстап:
– Раку келмей қалды. Ит ертең мені оятып, ас әзірлеп
беретін болады, – деді.
Түн ортасына таман қатты жер асты дүмпуі қалғып отырған
қарауылды да, Гороховты да оятып жіберді. Жертөленің
сырғауылдары сықырлап, саңылауларынан балшық саулады.
Ұйықтап жатқан жауынгерлер атып тұрып, құлазып қатты
күйзелген Горохов та тұрып отырды. Дүмпу қайта қайталанса,
Амнундак жертөлесінің бар тұрғыны жүгіріп шығып, от айнала
ашық аспан астында түнейді, онда білдіртпей тайып тұру
мүмкін емее. Ертерек алас-күлес кезінде кетіп қалу керек.
Ол ойын шумақтап үлгергенше жер екінші рет сілкініп,
жертөле түгел сықырлап, төбеден бір сырғауыл шым-
мымымен атып отқа түсті. Горохов апыл-ғұпыл жылы киініп,
жауынгерлер жан даусы шығып есіктен бір-ақ атты. Дүмпу
толқыны толастап, жертөле орнында қалған соң, әлгілердің
біреуі қайтып келіп бірнеше шала алып кетті, Тегі, есік алдында
от жағып күзетін жалғастыра бермек ойы болса керек.
– Сен, ең жақсысы үйден шықсаң еді, – деді әлгі жауынгер
өз төсегінде отырған Гороховқа, – басып қалуы кәдік мына
үйдің, Амнундак жертөлесінің жартысы құлап та қалды.
– Жоқ, мен осында қалып алаңсыз ұйықтай беремін, –
деп жауап қатты Горохов. – Менің бұрышым опырылмақ
емес.
Жауынгер басын шайқап шығып кетті. Якутке керегі осы
еді, ол көрші бөлмеден Костяковтың көрпесін алып жұмарлап
орады да, оны алғаш кіргенде кісі ұйықтап жатқандай етіп,
өз көрпесінің астына тықты. Сосын өз төсегінің тұсындағы
сырғауылдарды суырып, тысқа қоржыны мен мылтығын
қойып ап, сосын өзі шығып, Пеструханы алды да, тесікті
сыртынан қармен бекітіп тастады. Жауынгерлер жаққан оттың
жарығынан түскен жертөле көлеңкесін жамылып, жиырма
қадамдай жерде алаңқайдың шетінде жақын тұрған ағашқа
жетті. Бұл онкилондар отынға да, құрылысқа да ұқсата
алмайтын болған соң аман қалдырған мәуелі алып бәйтерек
еді. Пеструха мен қоржынды теректің қуысына жасырып,
өзі басына шығып, бір жуан бұтаққа отырып жан-жаққа көз
салды. Гороховқа бұл арадан алаңқайда не болып жатқаны
алақандағыдай, ал өзін жапырағы болмағанымен қалың
бұтақтар көлегейлеп онша көрсетпейді. Алаңқайды баса-
көктеп өтуге болмайды деп ойлады ол, себебі ақ қарда
мұның қара сүлдесін елеңдеп отырған кісілер бірден көреді.
Айналып өту тіпті ұзақ, оның үстіне Горохов жеті қараңғыда
базаға емес, басқа жаққа апаратын жолға түсіп, адасып
кетермін деп те қауіп ойлады.
Өзінің бақылау пунктінде отырып ол Амнундактың
жертөлесінің жартысы опырылғанын көрді, әйелдер алып
шыққан заттарымен балаларының қасында, от басында
сапырылысып жүр, жауынгерлер қалған мүлікті сыртқа тасуда.
Ұзамай жаңа бір дүмпу ойпатты бойлап дүбірлетіп өтті, ол
бәйтеректің солқ етіп, теңселіп кеткенін түйсінді. Амнундак
жертөлесінің және бір бұрышы құлап, от айналасындағы
адамдар ұлардай шулап, кейбіреуі жығылып-сүрініп жатыр,
тағы да айқай-шу, зар қақсау, ал ойпат аңғарынан құз құлаған
гүрсіл келеді құлаққа. Сол замат ол осы таяу маңда орман
арасынан жердің қақ айрылып жарылған сықырын есітті.
Сол жаққа жалт қарап, ол аппақ қар көрпесінің ортасынан
орманның қара қойнауынан бөлініп шыққан қоңыр жолақты
көрді, барған сайын далиған сол жолақтың бетінде аппақ
дақтар көзге шалынды.
«Көлдің мұзы бұзылған ғой! – деп ойлады ол. Енді тура
жүре алмайсың! Мына қырсықты қарашы!»
Жердің гүрілі мен құздың құлаған гүрсілі басылған шақта
Гороховтың құлағы жаңағы шапшаң далиып бара жатқан
қоңыр жолақтан судың сылдырын шалды.
– Су көлдерден асып кеткені ме? Осы арада бізді қарық
қылмаса игі? Мына кесірді қара: отты сөндіріп, адамдарды
қараңғыға тастайды-ау! Маған бұлардан аулақ қашу абзал.
Ал өзге алаңқайларды да су осылай басса, қалай жүрмек
керек. Мына бақытсыздықты қарашы! Не үшін ғана мен осы
жерде қалдым екен? Шіркін, қайық болса!
Осы сәтте оның есіне су қатар кезде онкилондардың екі
қабық қайықты көлден алып келіп, жерде қалдырса, қыста
бұғылар қажалап, түтіп тесіп тастайды деп жертөленің
сыртына әкеп қарға көмгені түсті. Олармен жазда өзі талай
рет балық аулағаны бар. Бұл болса да оның көңілін сәл
орнықтырайын деді – қайық жақын, тек мұнан бұрын
онкилондар алып кетпесе жарар еді.
Қара жолақ әп-сәтте далиып, оның шеті отқа отыз қадамдай
ғана қалды, қарды жұтып жайылған су арнасын кеңейтіп
барады. Оны енді онкилондар да көрді. Біреуі жолақ шетіне
жүгіріп барып, оның жайылып келе жатқан су екеніне көзі
жеткенде жан даусы шықты.
– Құтыла көріңдер, су жайылып, топан басқалы тұр!
Адам айтқысыз абыржу енді басталды: айғай-шу, жылау-
сықтау, сапырылыс. Біреулер «Ағаш басына!», «Ағаш басына!»
деп айғайлайды. Енді бірі «Қайық қайдалап» жүр, екіншісі
«Сиқыршылардың жертөлесіне паналайық!» дейді.
Жауынгерлер жиһаздарға, әйелдер балаларға ұмтылды.
Амнундак жатжерліктер жертөлесінің алдында от басында
отырған қарулы жауынгерлерге жүгіріп келіп айғай салды:
– Ақ сиқыршы қайда? Алып келіңдер. Не ол суды
тоқтатсын, не біз қазір оны жарып өлтіреміз.
Кенет осы кезде биіктен бір әмірлі үн шықты.
– Онкилондар! Жедел терістікке қарай жүгіріңдер, онда
су жоқ. Терістікке, терістікке тартыңдар, сонда ғана
құтыласыңдар. Мұны айтып тұрған мен – аспан иесімін.
Қорқып құты қашқан адамдарға осы сөз әрең әсер етіп,
бірінен соң бірі қайталай жөнелді.
– Терістікке, терістікке қарай тарттық, тез!
Ауыр жүк арқалаған жауынгерлер, бала құшақтаған әйелдер
бұғы табынымен араласа орманның бауырына қарай басты.
Су жақын жердегі оттарды өшіріп, ащы түтін қолқаны алып,
пысылдап шалалар сөніп, жарық жоқ болды.
Амнундак жатжерліктер жертөлесінің жанында әлі тұр.
Гороховты алып келу үшін ішке кірген жауынгерлер үрейленіп
ата шықты.
– Ақ сиқыршы түндіктен итін алып ұшып кетіпті, үй
қаңырап бос тұр! – деп мәлімдеді.
Амнундак қолын бір сермеп қасына қарауылдарды ертіп
алып бағыныштыларының артынан терістік бауырға қарай
тұра жүгірді. Алаңқай бос қалғанда барып ағаштан түскен
Горохов жертөленің жапсарындағы ескегі байланған бір
қайықты аршып алып қарын қақты да, бәйтеректің түбіне
әкеп бір басына Петруханы отырғызып, ортасына қоржыны
мен мылтығын салып, өзі жайғасты да, қолына ескекті алып
тың тыңдады. Онкилондардың шуы шалғайға сіңіп, алыстай
берді, соңғы оттар да сөніп, су жертөлелердің табалдырығына
жетті.
«Өй, қайықпен әлі де біраз кәкір-шүкір әкетуге болады
ғой, – деп ойлады Горохов, – тым құрмаса бірер тері көрпе
әкетейін де, менің төсек-қабымды жолдастар Аннуирге берген
шығар және түнде жүрсем суық».
Ол жертөлеге жүгіріп келіп еді, кірер ауызды су алып
кетіпті, ізінше өзі жасаған тесікке қайтып келіп, өкшелей
қуған сумен ұшып отырып қайығына келді.
«Осылай дұрыс болар» деп ойлады ол, көрпенің
жартысына өзі отырып, жартысымен аяғын жауып жатып.
Қайықтың айналасында қарды жұтқан су пысылдап,
төңірек түгел қарауыта түсті, қап-қара дүниеде тек жертөле
ғана. Міне, қабық қайық та жүріп кетті, көл жаққа құлаштап
Горохов та ескегін есе жөнелді.
– Хош бол, тұрағымыз! – деді ол, жертөленің жанынан
өте беріп. Сенде қыстап шығу бізге бұйырмады, жалпы енді
ешкім де қыстай алмайды – су бәрін шірітеді!
Екі басты ескекпен оңды-солды ескен соң жеңіл қайық
қара суда ұшты да отырды; көз қараңғылыққа үйреніп, кейін
ысырылған қара орманды да, төбесі аппақ жертөлелерді де
ажырата бастады. Алда ерек екпінмен су лықсыған ашық
алаңқай. Осы жазықтың ортасынан Горохов төмпе көріп,
ескек есу қиындай түскенін аңғарды. Ол көл ортасынан судың
жалдана шығып жатқанын сезіп, ағынмен алысып, оны
айналып өтуге тырысты. Оны айналып өткен кезде ағын
енді өзіне көмектесе бастады. Ұзамай ол қарама-қарсы
баурайдан барып шықты. Енді түстікке тартатын жолды тауып
алу керек, қара орман сәулесінде ағараңдаған жертөлелер
бағдар алуға мүмкіндік берді, ол осыдан қай бағытқа жол
шығатынын ұмытқан жоқ.
Міне, ол сол сүрлеуді тауып, екі орман арасындағы жіңішке
каналға түсіп алып жүзе жөнелді, қараңғылық қоюланып,
қабық қайықтың жұқа түбін тесіп алмас үшін абайлап жүзуге
тура келді. Горохов есуді доғарып, жеңіл қайықты бірауық
ағынның ырқына қоя берді. Аздан соң ағыс саябырлап, ескекті
қайта қолға алуға тура келді, тереңдікті өлшеп Горохов судың
тізеден сәл ғана асатынын анықтады.
Қарсы ағынға ол құлаштап енді есе бастап еді, су
шолпылдап, осқырған, пысқырған, мөңіреген шу шықты –
шамасы, сүрлеумен жабайы өгіздер келе жатқан тәрізді, ал
олармен ұшырасу – үлкен қатер. Көп ойланып жатпай Горохов
қайығын орман қабырғасына ысырып, жолдан екі-үш
қадамдай бір ағаштың түбіне тіреп, бір қолымен ескекті судың
түбіне қадап, бір қолымен ағаштан құшақтап, қатып тұрды
да қалды. Шу-сыбдыр шапшаң жақындап, міне, ыңыранып,
осқырып, пысқырып, селден қорқып, бірін-бірі баса-жаншып
кимелей терістікке ұмтылған кесек хайуандардың алпамсадай
тұлғалары қозғалып келеді, олар қарнымен су сызып, бүлк-
бүлк желіп, суды фонтандай атып, орман баурайына дейінгі
жерді толқындатып жіберді. Горохов ағаштан ұстап, ескекті
жерге шанышпағанда қайығы төңкеріліп қалатын еді, не керек,
өстіп хайуандар әбден өтіп боп су сабасына түскенше якут
бірнеше қатерлі минутты бастан кешірді.
Осыдан соң ол жүз метрдей жүзіп үлгермей әлгі сыбдыр
мен шу қайта естіліп, тез таяла берді, шоққа тағы да тығылуға
тура келді. Бұл жолы бірнеше мүйізтұмсық өтті жөңкіп,
олар көтерген толқыннан Горохов аударылмай шақ қалды,
су фонтандары оны көміп кетті.
– Қарғыс атқыр, қолапайсыз хайуандар, қарасан келсін
сендерге! – деп бұрқылдады ол бетін сүртіп тұрып. – Бүйтіп
қарға адым жер ұзарсың ба, суды қайтып төкпек керек,
оның үстіне тас қараңғы.
Мүйізтұмсықтар көтерген толқын сап болмай жатып
жылқы үйірі жетті, бірін-бірі басып озғалы арындап аспанға
атып, осқырынып кісінеген олар өгіздерден тез қозғалып,
суды бұрынғылардан да күшті толқындатып жіберді.
Келесі алаңқайға жетпей, Гороховтың тағы бір тығылуына
тура келді, бұл жолы өгіздер мен жылқылар аралас жөңкіп,
олардың ізімен он шақты аю қорбаңдап жөнелді. Ақыры, ол
алаңқай көлге де жүзіп шығып, суы жал-жал болып бұрқырай
шығып жатқан орта тұсынан айналып өтпек болған сәтінде су
кенет көпіршіп көтеріліп кетті де, толқындар оны төңкөріп
тастай жаздады. Ойпат жағалауын бойлап өткен гүріл мен
гуіл жердің жанадан тағы бір дүмпігенін байқатты.
Толқындармен жағаласып, Горохов келесі баурайға жетті
де, каналды тауып алып, әрі қарай жүзді, алайда көп ұзамай
ақылы алтау боп аңтарылып тұрып қалды, канал осы тұстан
үш тармаққа бөлініп кетті, түнде қажет бағытқа таңдап түсер
еш мүмкіндік жоқ – ойпат аңғарларын ажырату оңай емес,
компас жоқ, жұлдыз көрінбейді.
– Енді еш амал жоқ, таңның атуын күту керек, – деп
түйді ойын Горохов. – Алыс қалмаған шығар, таң атуы
керек: суда сергелдеңге түскеніме қанша уақыт, түн ортасынан
бері безек қағып жүрмін.
Бағана қас қарайып келе жатқанда-ақ Горохов өз төсегініңтұсынан жертөленің сырт жағындағы шымын алып, қарменжауып қойған. Жерге қадай сап, үргіге қадап қойған бірнешесырғауылды қазір еш сиқырсыз суырып алуға болады. Таң алдында, әсіресе, ұйқы қатты қысып, күзетшілер қалғығантұста сол тесіктен білдіртпей сыртқа шығуға мүмкіндік бар.Аннуирдің өнегесін ұстанып Раку де бірге кетеді дегенГороховтың үміті күшті еді. Қоржынын да қамдап қойған-ды. Раку қысқы киімін киіп ап жүрген. Қашып кеткенінтаңертең ғана біледі, себебі төсек орнында қалады. Пеструхада әзір жата тұрады – кейін іздеп тауып жетер, тесіктісыртынан жауып тастайды. Қапелімде абыржып оларжиналып үлгергенше, бұлар он шақты шақырым ұзап та кетеді,екі жұп әйел шаңғысы да сайланып, кешкісін қарғажасырылған-ды.Ракудың оралмауы Гороховты қатты опындырды, оныол жанындай жақсы көріп, әуел баста бір сол үшінонкилондармен қалып еді. Енді онсыз кетуге тура келіп тұр.Әй, бірақ сол кетуге көнбей, дабыл қағуы да мүмкін ғой.Асылы, оның жоғы да жөн болар.Горохов ұйқыға ерте бас қойып, Пеструханы өз төсегінеалып жатты, енді мұны өзімен бірге алып кетуге болады.Жатқалы жатып ол от басында отырған жауынгерлер естісіндеп дауыстап:– Раку келмей қалды. Ит ертең мені оятып, ас әзірлепберетін болады, – деді.Түн ортасына таман қатты жер асты дүмпуі қалғып отырғанқарауылды да, Гороховты да оятып жіберді. Жертөленіңсырғауылдары сықырлап, саңылауларынан балшық саулады.Ұйықтап жатқан жауынгерлер атып тұрып, құлазып қаттыкүйзелген Горохов та тұрып отырды. Дүмпу қайта қайталанса,Амнундак жертөлесінің бар тұрғыны жүгіріп шығып, от айналаашық аспан астында түнейді, онда білдіртпей тайып тұрумүмкін емее. Ертерек алас-күлес кезінде кетіп қалу керек.Ол ойын шумақтап үлгергенше жер екінші рет сілкініп,жертөле түгел сықырлап, төбеден бір сырғауыл шым-мымымен атып отқа түсті. Горохов апыл-ғұпыл жылы киініп,жауынгерлер жан даусы шығып есіктен бір-ақ атты. Дүмпу толқыны толастап, жертөле орнында қалған соң, әлгілердіңбіреуі қайтып келіп бірнеше шала алып кетті, Тегі, есік алдындаот жағып күзетін жалғастыра бермек ойы болса керек.– Сен, ең жақсысы үйден шықсаң еді, – деді әлгі жауынгерөз төсегінде отырған Гороховқа, – басып қалуы кәдік мынаүйдің, Амнундак жертөлесінің жартысы құлап та қалды.– Жоқ, мен осында қалып алаңсыз ұйықтай беремін, –деп жауап қатты Горохов. – Менің бұрышым опырылмақемес.Жауынгер басын шайқап шығып кетті. Якутке керегі осыеді, ол көрші бөлмеден Костяковтың көрпесін алып жұмарлапорады да, оны алғаш кіргенде кісі ұйықтап жатқандай етіп,өз көрпесінің астына тықты. Сосын өз төсегінің тұсындағысырғауылдарды суырып, тысқа қоржыны мен мылтығынқойып ап, сосын өзі шығып, Пеструханы алды да, тесіктісыртынан қармен бекітіп тастады. Жауынгерлер жаққан оттыңжарығынан түскен жертөле көлеңкесін жамылып, жиырмақадамдай жерде алаңқайдың шетінде жақын тұрған ағашқажетті. Бұл онкилондар отынға да, құрылысқа да ұқсатаалмайтын болған соң аман қалдырған мәуелі алып бәйтерекеді. Пеструха мен қоржынды теректің қуысына жасырып,өзі басына шығып, бір жуан бұтаққа отырып жан-жаққа көзсалды. Гороховқа бұл арадан алаңқайда не болып жатқаныалақандағыдай, ал өзін жапырағы болмағанымен қалыңбұтақтар көлегейлеп онша көрсетпейді. Алаңқайды баса-көктеп өтуге болмайды деп ойлады ол, себебі ақ қардамұның қара сүлдесін елеңдеп отырған кісілер бірден көреді.Айналып өту тіпті ұзақ, оның үстіне Горохов жеті қараңғыдабазаға емес, басқа жаққа апаратын жолға түсіп, адасыпкетермін деп те қауіп ойлады.Өзінің бақылау пунктінде отырып ол Амнундактыңжертөлесінің жартысы опырылғанын көрді, әйелдер алыпшыққан заттарымен балаларының қасында, от басындасапырылысып жүр, жауынгерлер қалған мүлікті сыртқа тасуда.Ұзамай жаңа бір дүмпу ойпатты бойлап дүбірлетіп өтті, ол бәйтеректің солқ етіп, теңселіп кеткенін түйсінді. Амнундакжертөлесінің және бір бұрышы құлап, от айналасындағыадамдар ұлардай шулап, кейбіреуі жығылып-сүрініп жатыр,тағы да айқай-шу, зар қақсау, ал ойпат аңғарынан құз құлағангүрсіл келеді құлаққа. Сол замат ол осы таяу маңда орманарасынан жердің қақ айрылып жарылған сықырын есітті.Сол жаққа жалт қарап, ол аппақ қар көрпесінің ортасынанорманның қара қойнауынан бөлініп шыққан қоңыр жолақтыкөрді, барған сайын далиған сол жолақтың бетінде аппақдақтар көзге шалынды.«Көлдің мұзы бұзылған ғой! – деп ойлады ол. Енді туражүре алмайсың! Мына қырсықты қарашы!»Жердің гүрілі мен құздың құлаған гүрсілі басылған шақтаГороховтың құлағы жаңағы шапшаң далиып бара жатқанқоңыр жолақтан судың сылдырын шалды.– Су көлдерден асып кеткені ме? Осы арада бізді қарыққылмаса игі? Мына кесірді қара: отты сөндіріп, адамдардықараңғыға тастайды-ау! Маған бұлардан аулақ қашу абзал.Ал өзге алаңқайларды да су осылай басса, қалай жүрмеккерек. Мына бақытсыздықты қарашы! Не үшін ғана мен осыжерде қалдым екен? Шіркін, қайық болса!Осы сәтте оның есіне су қатар кезде онкилондардың екіқабық қайықты көлден алып келіп, жерде қалдырса, қыстабұғылар қажалап, түтіп тесіп тастайды деп жертөленіңсыртына әкеп қарға көмгені түсті. Олармен жазда өзі талайрет балық аулағаны бар. Бұл болса да оның көңілін сәлорнықтырайын деді – қайық жақын, тек мұнан бұрынонкилондар алып кетпесе жарар еді.Қара жолақ әп-сәтте далиып, оның шеті отқа отыз қадамдайғана қалды, қарды жұтып жайылған су арнасын кеңейтіпбарады. Оны енді онкилондар да көрді. Біреуі жолақ шетінежүгіріп барып, оның жайылып келе жатқан су екеніне көзіжеткенде жан даусы шықты.– Құтыла көріңдер, су жайылып, топан басқалы тұр!Адам айтқысыз абыржу енді басталды: айғай-шу, жылау-сықтау, сапырылыс. Біреулер «Ағаш басына!», «Ағаш басына!»деп айғайлайды. Енді бірі «Қайық қайдалап» жүр, екіншісі«Сиқыршылардың жертөлесіне паналайық!» дейді.Жауынгерлер жиһаздарға, әйелдер балаларға ұмтылды.Амнундак жатжерліктер жертөлесінің алдында от басындаотырған қарулы жауынгерлерге жүгіріп келіп айғай салды:– Ақ сиқыршы қайда? Алып келіңдер. Не ол судытоқтатсын, не біз қазір оны жарып өлтіреміз.Кенет осы кезде биіктен бір әмірлі үн шықты.– Онкилондар! Жедел терістікке қарай жүгіріңдер, ондасу жоқ. Терістікке, терістікке тартыңдар, сонда ғанақұтыласыңдар. Мұны айтып тұрған мен – аспан иесімін.Қорқып құты қашқан адамдарға осы сөз әрең әсер етіп,бірінен соң бірі қайталай жөнелді.– Терістікке, терістікке қарай тарттық, тез!Ауыр жүк арқалаған жауынгерлер, бала құшақтаған әйелдербұғы табынымен араласа орманның бауырына қарай басты.Су жақын жердегі оттарды өшіріп, ащы түтін қолқаны алып,пысылдап шалалар сөніп, жарық жоқ болды.Амнундак жатжерліктер жертөлесінің жанында әлі тұр.Гороховты алып келу үшін ішке кірген жауынгерлер үрейленіпата шықты.– Ақ сиқыршы түндіктен итін алып ұшып кетіпті, үйқаңырап бос тұр! – деп мәлімдеді.Амнундак қолын бір сермеп қасына қарауылдарды ертіпалып бағыныштыларының артынан терістік бауырға қарайтұра жүгірді. Алаңқай бос қалғанда барып ағаштан түскенГорохов жертөленің жапсарындағы ескегі байланған бірқайықты аршып алып қарын қақты да, бәйтеректің түбінеәкеп бір басына Петруханы отырғызып, ортасына қоржынымен мылтығын салып, өзі жайғасты да, қолына ескекті алыптың тыңдады. Онкилондардың шуы шалғайға сіңіп, алыстайберді, соңғы оттар да сөніп, су жертөлелердің табалдырығынажетті. «Өй, қайықпен әлі де біраз кәкір-шүкір әкетуге боладығой, – деп ойлады Горохов, – тым құрмаса бірер тері көрпеәкетейін де, менің төсек-қабымды жолдастар Аннуирге бергеншығар және түнде жүрсем суық».Ол жертөлеге жүгіріп келіп еді, кірер ауызды су алыпкетіпті, ізінше өзі жасаған тесікке қайтып келіп, өкшелейқуған сумен ұшып отырып қайығына келді.«Осылай дұрыс болар» деп ойлады ол, көрпеніңжартысына өзі отырып, жартысымен аяғын жауып жатып.Қайықтың айналасында қарды жұтқан су пысылдап,төңірек түгел қарауыта түсті, қап-қара дүниеде тек жертөлеғана. Міне, қабық қайық та жүріп кетті, көл жаққа құлаштапГорохов та ескегін есе жөнелді.– Хош бол, тұрағымыз! – деді ол, жертөленің жанынанөте беріп. Сенде қыстап шығу бізге бұйырмады, жалпы ендіешкім де қыстай алмайды – су бәрін шірітеді!Екі басты ескекпен оңды-солды ескен соң жеңіл қайыққара суда ұшты да отырды; көз қараңғылыққа үйреніп, кейінысырылған қара орманды да, төбесі аппақ жертөлелерді деажырата бастады. Алда ерек екпінмен су лықсыған ашықалаңқай. Осы жазықтың ортасынан Горохов төмпе көріп,ескек есу қиындай түскенін аңғарды. Ол көл ортасынан судыңжалдана шығып жатқанын сезіп, ағынмен алысып, оныайналып өтуге тырысты. Оны айналып өткен кезде ағыненді өзіне көмектесе бастады. Ұзамай ол қарама-қарсыбаурайдан барып шықты. Енді түстікке тартатын жолды тауыпалу керек, қара орман сәулесінде ағараңдаған жертөлелербағдар алуға мүмкіндік берді, ол осыдан қай бағытқа жолшығатынын ұмытқан жоқ.Міне, ол сол сүрлеуді тауып, екі орман арасындағы жіңішкеканалға түсіп алып жүзе жөнелді, қараңғылық қоюланып,қабық қайықтың жұқа түбін тесіп алмас үшін абайлап жүзугетура келді. Горохов есуді доғарып, жеңіл қайықты бірауықағынның ырқына қоя берді. Аздан соң ағыс саябырлап, ескекті қайта қолға алуға тура келді, тереңдікті өлшеп Горохов судыңтізеден сәл ғана асатынын анықтады.Қарсы ағынға ол құлаштап енді есе бастап еді, сушолпылдап, осқырған, пысқырған, мөңіреген шу шықты –шамасы, сүрлеумен жабайы өгіздер келе жатқан тәрізді, алолармен ұшырасу – үлкен қатер. Көп ойланып жатпай Гороховқайығын орман қабырғасына ысырып, жолдан екі-үшқадамдай бір ағаштың түбіне тіреп, бір қолымен ескекті судыңтүбіне қадап, бір қолымен ағаштан құшақтап, қатып тұрдыда қалды. Шу-сыбдыр шапшаң жақындап, міне, ыңыранып,осқырып, пысқырып, селден қорқып, бірін-бірі баса-жаншыпкимелей терістікке ұмтылған кесек хайуандардың алпамсадайтұлғалары қозғалып келеді, олар қарнымен су сызып, бүлк-бүлк желіп, суды фонтандай атып, орман баурайына дейінгіжерді толқындатып жіберді. Горохов ағаштан ұстап, ескектіжерге шанышпағанда қайығы төңкеріліп қалатын еді, не керек,өстіп хайуандар әбден өтіп боп су сабасына түскенше якутбірнеше қатерлі минутты бастан кешірді.Осыдан соң ол жүз метрдей жүзіп үлгермей әлгі сыбдырмен шу қайта естіліп, тез таяла берді, шоққа тағы да тығылуғатура келді. Бұл жолы бірнеше мүйізтұмсық өтті жөңкіп,олар көтерген толқыннан Горохов аударылмай шақ қалды,су фонтандары оны көміп кетті.– Қарғыс атқыр, қолапайсыз хайуандар, қарасан келсінсендерге! – деп бұрқылдады ол бетін сүртіп тұрып. – Бүйтіпқарға адым жер ұзарсың ба, суды қайтып төкпек керек,оның үстіне тас қараңғы.Мүйізтұмсықтар көтерген толқын сап болмай жатыпжылқы үйірі жетті, бірін-бірі басып озғалы арындап аспанғаатып, осқырынып кісінеген олар өгіздерден тез қозғалып,суды бұрынғылардан да күшті толқындатып жіберді.Келесі алаңқайға жетпей, Гороховтың тағы бір тығылуынатура келді, бұл жолы өгіздер мен жылқылар аралас жөңкіп,олардың ізімен он шақты аю қорбаңдап жөнелді. Ақыры, олалаңқай көлге де жүзіп шығып, суы жал-жал болып бұрқырай шығып жатқан орта тұсынан айналып өтпек болған сәтінде сукенет көпіршіп көтеріліп кетті де, толқындар оны төңкөріптастай жаздады. Ойпат жағалауын бойлап өткен гүріл менгуіл жердің жанадан тағы бір дүмпігенін байқатты.Толқындармен жағаласып, Горохов келесі баурайға жеттіде, каналды тауып алып, әрі қарай жүзді, алайда көп ұзамайақылы алтау боп аңтарылып тұрып қалды, канал осы тұстанүш тармаққа бөлініп кетті, түнде қажет бағытқа таңдап түсереш мүмкіндік жоқ – ойпат аңғарларын ажырату оңай емес,компас жоқ, жұлдыз көрінбейді.– Енді еш амал жоқ, таңның атуын күту керек, – дептүйді ойын Горохов. – Алыс қалмаған шығар, таң атуыкерек: суда сергелдеңге түскеніме қанша уақыт, түн ортасынанбері безек қағып жүрмін.