Жолдастары кеткен күні Горохов кешірек тұрды, оның
өзін де самбырлаған әйелдердің даусы оятып жіберді.
– Аннуир қайда? Байқайсыңдар ма, түнде ол байына,
әлгі ақ сиқыршыға қашып кеткен ғой, тегі! Тыйым салғанды
тыңдамағаны да!
– Барып осында алып келіңдер! – деген Амнундактың
үні гүр ете түсті.
– Келмесе, шашынан сүйреп әкеліңдер, – деген әйел
даусы қостады оны.
Осыны есітіп, жолдастарының бүгін түнде кетеміз дегені
есіне түсіп, Гороховтың көңілі құлазып қалды. Олардың
кеткен-кетпегенін білу үшін жалма-жан киіне бастады. Ол
киініп болғанша Аннуирге жіберген Аннуэн мен екі әйел де
келіп үлгеріп, өкінішті үнмен былай деді:
– Үй бос тұр, Аннуир де жоқ, ақ сиқыршылар да жоқ,
жалғыз ғана ит қалыпты.
– Жақсылап қарадыңдар ма? Тегі, олар көрпесін тұйықтап
алып ұйықтап жатқан шығар, – деді Горохов.
– Кірмек болып едік, ит ырылдады бізге. Айғай салып
едік – ешкім үн қаткан жоқ. Өліп қалды дейсің бе?
– Жарайды, мен өзім барып көрейін, – деп Горохов
шығар ауызға беттей беріп еді, Амнундак оған:
– Аннуирді осында алып кел! – деп барқ етті.
Жертөлесіне бара жатып Горохов жолдастарының кетіп
қалғанына шүбәланған жоқ. Алайда ол өзіне нұсқау
қалдырғанына да сенеді олардың, сонда да бұл қылығын
онкилондарға қалай түсіндірмек керек, өз жағдайын
нашарлатып алмас үшін Амнундакқа айтар сөзін алдын ала
жүйелеп, тігісін жатқызып қою шарт. Кеткендер Кротқа еріп,
соңдарынан қалмай жүрмесін деп әдейі жертөлеге қамап
кеткен Пеструха оны қыңсылап еркелей қарсы алды. Оның
көзі бірден ашаға жапсырып кеткен қағазға түсті. Жадында
жақсы сақтау үшін оны ол ежіктеп бірнеше рет оқыды да,
Амнундактың үйіне оралды.
– Ал Аннуир қайда? – деп оған Аннуэн бірден бас салды.
– Тоқтасаңшы! Әуелі айтып алайын да! Ақ адамдар жылы
киімдерін әкелу үшін өз тұрағына кетіпті. Көрмейсің бе мына
қар мен суықты, ал олардың киімдері болса, ана жақта
жатыр. Маған да ала келмекші. Ертең кешке оралады.
– Олар кетіп қалған болса, мұның бәрін сен қайдан білесің?
– деп айқай салды Амнундак.
– Міне, мынада жазылған, олар маған хат қалдырыпты. Мә,
оқы! – деп күлкісін әрең іріккен Горохов оған қағазды ұсынды.
Амнундак оны қолында бұлғап бәзбір қара белгілерді
көрді де:
– Мұны бақсыға жіберемін, сенің айтқаның шын ба екен,
сол ажыратады, – деді.
– Онда олармен Аннуир неге кеткен? Оның жылы киімі
осында ғой, – деп бір жағынан қызғаншақ Аннуэн де
қыстырылып қалар емес.
– Демек, ол оны сенен күштірек сүйеді! – деп Горохов та
бір-ақ түйді.
– Сүюіме көсем тыйым салды – мен соның әмірін
тыңдаймын.
– Міне, мәселе осында, күштірек сүйгендіктен де ол кез
келгеннің көлденең сөзін тыңдамайды.
– Ол оның тоқалы, өзі жабысқан...
– Доғар сөзді, қатын! – деп Амнундак оны тыйып
тастады.
Ол өзі әлі не істерін білмей қолындағы қағазбен әлек.
Кеткендердің ізімен қуғын жіберсе ме екен, әлде Гороховтың
сөзіне сеніп күте тұрса ма екен? Қолда келімсектердің тағы
да біреуі бар, олар жолдасын тастап кетпеске тиіс деген ой
келді оған.
Кенет оның басына ақ адамдар ана жолғыдай қасиетті
көлді суалтқалы кеткен жоқ па екен, онда да Гороховсыз
барып еді деген бір ой сумаң ете қалды.
Киініп ол жертөлесінен шықты да, үш жауынгерді шақырып
алып, ақ адамдар барған-бармағанын біліп келу үшін қасиетті
көлге жұмсады. Үйге келген соң ол Гороховқа:
– Басқаларың оралғанша сен осында, менің үйімде қал,
– деді.
Түске қарай жұмсаған жауынгерлер қайтып келіп
Амнундакқа:
– Қасиетті көлде ақ адамдар жоқ, – деді, – алайда
олар болыпты онда. – Біз қардан үш үлкен, бір кішірек із
көрдік.
– Міне, көрдің бе, сен маған өтірік айтқансың немесе
олар саған хатпен өтірік айтқан!.. – деп барқылдады
Амнундак Гороховқа қарап, сосын жауынгерлерден: –
қасиетті көл қайта суалып па екен? – деп сұрады.
– Жоқ, мәртебелі көсем, ол суалудың орнына үлкейе
түсіпті, су кемерінен асып, құрмалдық тасына баруға болмай
қалыпты.
Судың кемерінен асқанын не жақсылыққа, не жамандыққа
жорырын білмей Амнундак қабағын түйді. Қашанғысындай
қиын сәтте бақсыға иек артты.
– Көрген-баққандарыңды барып бақсыға айтыңдар!..
Айтпақшы, қардағы ақ адамдардың ізі екенін сендер қайдан
білдіндер? Олардың аяқкиімдерін танушы ма едіңдер?
– Анығын айтқанда із аюдікі, – деді жауынгерлердің
үлкені, – алайда ақ сиқыршылар ізінен қайда барғанын бізге
білгізбес үшін аюға айналуы да мүмкін ғой.
Горохов қарқ-қарқ күлді. Оған онкилондар таңырқай
қарады, ал Амнундак ашу шақырып:
– Сен неңе жетісіп күлесің? – деп зекіді.
Онкилондарды ақ адамдардың құдіреттілігіне деген
сенімнен тандыра алмайтынын сезген Горохов өзін бірден
тыйып, салиқалы жауап қатты:
– Маған олардың Аннуирді аюға айналдырып жібергені
күлкі боп көрінді, ойбай-ау, олар үшеу ғана еді, ал
жауынгерлер төрт із көріпті.
– Иә, иә, төртіншісі кішірек, Шамасы, әйел ізі болуы
керек! – деп жауынгерлер қоштап қойды.
– Жарайды, бақсыға жөнеліңдер! – деп түйді Амнундак.
...Қайтып оралған жаушылар қасиетті көлге бақсының өзі
барғысы келеді, содан оралған соң тәуеп етуге отырмақ,
құрмалдыққа шалатын бұғыны дайындай берсін деген хабар
әкелді.
Амнундактың әмірімен жауынгерлер басқан ізін аңдып
отырған Горохов өз төсегінде жатып онкилондарда осы
жалғыз қалуым дұрыс па, әлде бұрыс па деген ойға кетті.
Тағы бір бақытсыздық бола қалса ғой, оны бұған жаба
бастайды, не жолдастарының кетіп қалғанына аударады.
Немесе бұдан қолынан келмейтін бірдеңе талап етіп, оны
орындамаса қоқан-лоққы көрсетеді... Бұлар ма, бұлар не
ойлап таппайды дейсің!
Кетіп қалса ма екен? Жолдастары екі тәулік күтеміз деп
уәде етіпті. Тек енді мұны аңдып, бұра бастырмайды ғой.
Кешкісін бақсының не айтатыны және беймәлім. Осылай ол
әбден құлазып кетер еді, жалғыз-ақ жанына отырып ап әйелі
Раку әрнені айтып көңілін аулайды.
Қас қарая бақсы да келіп, Амнундакпен сыбырласты да,
ошақ басына жайғасып, отқа жылытқалы сүйекті қолын
созды. Оттың жалынына тесіле қарап, ерні жыбыр-жыбыр
етіп, үн-түнсіз козғалақтап қояды. Сосын басын көтеріп алып:
– Уақыт болды! – деді.
– Қатындар, балаларды алып ақ адамдардың тұрағына
барыңдар, ол бос тұр. Қашан шақыртқанша сонда отырындар!
– деп әмір берді көсем.
Горохов қорқайын деді. Ақырғы рет анада әйелдерді
шығарып жіберіп бәтуаласқанда, артынан қасиетті көлдің
басында құрбандыққа адам шалынған еді. Оны да бүгін аяқ
астынан әрнені айтып алдарқатып отырған әйелінен есітті.
Бақсы бұл жолы да қанды құрбандықпен көлді кемеріне
түсіреміз демес пе екен? Онда құрбан болатын бұл ғой! Ол
аяқ-қолы мұздап, жүрегі тоқтап қалғандай болды кеудесінде.
– Әйелдермен сен де өз тұрағыңа тарт!.. – деді оған
Амнундак. – Қатындар байқаңдар, мынау ешқайда кетіп
қалмасын, бұл үшін жауап бересіңдер!
Бұл Гороховтың көңілін аз-кем орнықтырайын деді.
Құрбандыққа шалынатын болса ғой, бұны бүйтіп әйелдермен
жіберудің не қажеті бар оларға.
Ол кетісімен Амнундактың екі жауынгерге оның
жертөлесін сырттан күзетуге әмір бергенін білсе, бұндай
жайбарақаттық қайда оған.
Қаңырап қалған жертөлені әйелдер ойын-күлкі мен әзіл-
қалжыңға толтырып, отты жағып жіберді де айнала отырды.
Горохов өз төсегіне қисайып, қолын ұдайы іргесінде жататын
мылтығына созды. Мылтық жоқ. Оны кім әкетті?
Жолдастары ма әлде? Мұны олар құдіретті қаруынан айырып,
тұлдырсыз қалдырмаса керек еді ғой. Онда олар патрондарын
да әкетуге тиіс. Горохов қоржынын ақтарып, тұтас бір қорап
патрон тапты. Зайыры, Амнундактың әмірімен онкилондар
бүгін оның төсек-орнын аударыстырып, нажағай мен жасын
отын ататын зәрлі таяғын алып кеткен, сөйтіп, мұны
қорғанатын қаруынан айырған. Іс насырға шабайын деді,
мұның астарында бір сойқан бар.
Горохов өзіне Ракуды шақырып алып, әйелдердің күлкісі
мен қалжыңдарының арасында одан онкилондардың не ойы
барын тұспалдай сұрады. Ақ сиқыршылардың құдіреті мен
кесепат-қырсығы туралы әйелдердің алыпқашпа өсегінен артық
жарытып ол ештеңе айта алған жоқ.
Кенет Гороховтың есіне базаға соңғы барғанда кетерде
Амнундаққа тарту етпек болып алып келген су жаңа мылтық
түсті. Жолдастары оны ұмытып кетпеді ме екен? Ұмытса,
бұл деген бақыт! Ол Горюнов төсегінің басында бөлшектеліп
оралған қалпында жататын-ды, тапса да оны онкилондар
нажағай мен жасын отын ататын сол деп білмейді. Оның
орнында бар-жоғын Гороховтың қазір тексеруі керек.
Бақсының зікірі аяқталған соң өз өмірін қорғау үшін бұған
мылтық әбден қажет болуы мүмкін. Жалма-жан ол Ракуды
құрбыларына қарай жіберіп, бұрышта жатқан көңілді әрі
құрметті орын деген желеу айтып, аздан соң ол Горюновтың
төсегіне ауысты. Қисайып жатып ақырын ғана ол төсеніштері
мен шөптің арасына қолын сұғып буманы тапты. Ал оны
қалай ашып, әйелдердің көзіне түсірмей қайтып жинамақ
керек? Бұлардың көзін немен алса екен? Әлде мұны да бір
сиқыр деп түсіндіріп, бәрін көз алдында жасаса ма? Асылы,
осы жөн болар – олар қағаз бен бөлшектен үрейлі таяқ өсіп
шығатынын көрсін.
Буманы суырып алып, әйелдермен қатарласпай төсектің
шетіне отырып, «кісіжегіштерден тартып алған мына
шоқпардан нажағай мен жасын отын ататын таяқ жасаймын»
деді. «Ой, керегі жоқ!» деп кейбір әйел баж ете қалды,
көпшілік жағының жеңсігі жеңіп кетті. Астананың дүкенінде
буып байланған орауды шешіп, Горохов оның жібін бұрын
мұндайды қолына ұстамақ тұрсын, көрмеген әйелдерге берді.
Жіп қолдан-қолға жүгіріп түсер емес. Сосын ол онкилондар
өмірі көрмеген орау қағаздың үлкен парағын жазып еді, ол
да қолдан-қолға көшіп, «жұқа сары былғары» бәрін таң-
тамаша етті. Отқа тым жақын ұсталған бір парақ лап ете
қалғанда терінің бұлай жанғанын көрмеген олар әрі таңданып,
әрі шошып шар ете қалды. Жұрттың назары жайған қағазға
ауып отырғанда Горохов шапшаң жинап, қосауыз мылтықты
әзір етіп, көздеп көрді де:
– Міне, таяқ дайын болды! – деді.
Жақын отырған әйелдер шалқая беріп, одан қазір жасын
оты жарқ ете қалады екен деп шыңғырып қалды. Горохов
оған күлді де түсіндіре бастады.
– Қорықпаңдар, нажағай тек маған қастық ойлағандарға
ғана атылады, ал сендер ізгі жанды әйелсіңдер.
Бұл көзбояушылықтың әсері күшті болды: әйелдердің
кейбірі «боз сиқыршыны» (Гороховты олар қара торы өңіне
қарап өзгелерден айыру үшін осылай атайтын) бүгін қарусыз
қалдыру үшін зәрлі таяғын алып қойғанын білетін. Міне, көз
алдында ол жай бір шоқпардан жаңа зәрлі таяқ жасап ала
қойды. Мұны ерлерге сөзсіз жеткізу керек.
Жаңа мылтықтың жанында болған бір қорап патронды
қажет кезінде оқтай қою үшін Горохов қалтасына салып алды.
Мылтық тауып алып қобалжығаны сәл басылайын деді. Көңіл
күйі де көтеріліп, мылтықты қолына алып:
– Ал енді, әйелдер, өткен жолы бізде қонақта
болғандағыдай билеңдер. Сыйлыққа мынау былғары мен
таспа жіпті беремін. Бақсы рухын шақырып болғанша билеңдер.
Зәрлі таяғы бар сиқыршының айтқанын істеуге тура келді.
Сонда да әйелдер биге құмар еді, әсіресе жылдай ұзақ поляр
түндерінде көп билейтін, ал қазір де қыс емес пе, қар түсті
де ерімей жатып алды. Жертөлеге кіре шешінбегендер енді
шешінді. Ана жолғыдай лаулаған оттың айналасында би
басталды. Горохов Горюновтың төсегіне қисайып жатып,
қорқорын сорып қойып билеген әйелдерден көз алар емес.
Алайда бұл жолы әйелдер құлап жығылғанша билей алған
жоқ, бір жауынгер келіп зікір аяқталғанын, енді үйге қайтуға
болатынын хабарлады.
– Раку осында менімен қалады... – деді Горохов. –
Раку! Естіп тұрсың ба?
– Амнундак, сен де соның үйіне келіп жатсын деген, –
деді жауынгер.
– Амнундаққа айт, мен өз тұрағымда ұйықтайын және
Раку менімен қалады! – деп кесіп айтты Горохов.
– Амнундак айтты, – деп тағы міңгірледі жауынгер.
– Мен онкилон емеспін және Амнундакқа бағынышты
емен, – деп оның сөзін Горохов тыйып тастады. Ол маған
бұйрық бере алмайды... Раку, бері кел.
Киініп жатқан әйелдер бір-біріне таңырқай қарасып сыбыр-
сыбыр етісті де, жауынгер аңырып тұрып қалды. Күні бүгінге
дейін білдіртпей қастандық жасап, апат әкеліп жүрсе де, ақ
адамдар мұндай сөз айтпайтын, көсемнің көңілін табуға
тырысатын. Ал қазір жалғыз қалып «боз сиқыршы» былай
сес көрсетеді, өзге әйелдермен кетерін де, Гороховпен қаларын
да білмей Раку тұр.
– Раку, саған айтып тұрмын, бері таман, маған кел! –
деп айғайлап жіберді Горохов.
Осынау әмірлі үн әсер етіп Раку оның жанына келді.
– Міне, мында отыр, Раку! Бәрі кеткесін кешкі асымызды
ішеміз.
Балаларын алып әйелдер, бірінен соң бірі үйден шықты;
жауынгер әрі-сәрі болып тұрды да, ақыры ол да кетті. Раку
тізе бүгіп отырып күбір етті:
– Амнундак енді қатты ашуланады. Осында қалғаным
үшін мені жазалайтыны хақ.
– Қорықпа, ол саған ештеңе істей алмайды. Көресің ғой!
Ал енді шай қайнат.
Гороховтың салқын сабырлылығы әсер етіп, келіншек үй
шаруасына оралды. Олар алаңсыз ауқаттанып алып, жатқалы
жатыр еді, есік ашып, қарулы төрт жауынгер кіріп келді.
– Амнундак айтты: менің үйіме қонақ болғысы келмесе
– сонда-ақ қала берсін, – деді олардың үлкені. – Алайда
ол сен қорғансыз қалмас үшін бізді жіберді. Орын бар, осында
ұйықтаймыз.
«Данышпанның айласын-ай!» – деп ойлаған Горохов:
– Амнундак өте жақсы ойлап тапқан! – деді дауысын
көтере. Онда екеуің анау араға жат, – деп Ординнің төсегін
нұсқады, – ал екеуің мында жайғас, – деп өзінің бұрынғы
орнын көрсетті. Өзге ақ адамдар оралғанша мен құрметті
орынға жатуға тиістімін.
Үш жауынгер шешінбестен жатты да, біреуі от басында
отырды.
– Өзге ақ адамдар сияқты білдіртпей тайып отырмасын
деп сені аңдуға келді бұлар, – деп үрейлене сыбыр ете
қалды Раку.
– Олар бізді вампулардан, аю мен жер үсті жын-перісінен
қорғауға келді, аңқауым! – деді Горохов байсалды ғана.
Әрине, Амнундактың айла-шарғысын толық түсініп отыр.
Ал түнде ол біраз сақтық жасады: бір бытыра, бір
жарқыншақ, екі оқпен оқталған мылтығын алып өзі іргеге
жатты, Пеструханы төсегінің аяқ жағына қойды. Ұйықтап
жатқан иесіне иттің ешкімді маңайлатпайтынын Горохов жақсы
білетін.
Түн тыныш өтті. От басындағы жауынгер ұйықтап
жатқандардың бірімен алма-кезек ауыстырылып тұрды; ол
отты үстеп қойып, қолына найзасын ұстаған қалпы, бағанға
арқасын сүйеп қалғып отырды. Горохов қатты ұйықтады да,
Раку әлсін-әлі аунақшып тынши алмады: ертең Амнундак не
қылады деген ой оны қайта-қайта мазалай берді.
Таң атқан сон жауынгерлер кетті де, оның орнына ізінше
Аннуэн мен екі әйел келді. Горохов әлі ұйықтап жатқан. Раку
сол замат төсектен тұрып әйелдердің жанына келіп, рухтардың
бақсыға не аян бергенін, Гороховтың қарсылығына, мұның
мойынсұнғанына көсем қалай қарағанын сұрастыра бастады.
Алайда алдын ала нұсқау алған ба, әйелдер ашыла сөйлемей:
– Рухтардың не аян бергенін біз білмейміз. Амнундак
жауынгерлердің айтқанын тыңдады да, келісімін білдірді,
түнде оны үйіңде өзін де есіттің, ал сен туралы ләм-мим
деген жоқ, – дей салды.
Ракудың көңілі осымен орнығып еді, оянып оның
сұрастырғандарының нәтижесін білген Горохов оған
қанағаттанған жоқ. Оған ең керегі – түнде бақсының не деп
арбап кеткені. Күні бойы ол өз үйінде, аздап таза ауада
болды да, көсемнің жертөлесіне әлденеше барлауға барып
келген Раку ештеңе өндіре алмады. Алғаш ол Амнундактың
әмірімен ұстап алып, әйелдер тыржалаңаш шешіндіріп
сабайды ғой деп жүрексініп барған еді. Әдетте ұрысқаны,
ақылға бақпағаны, жалқау болғаны үшін әйелдерді осылай
жазалаушы еді. Алайда Амнундак оның келгенін
көрмегендей, көңіл де аудармады.
Кешкісін Гороховқа Амнундактың өзі келіп, от басына
жайғасты да, сөз бастады:
– Сен менің қонағым болғың келмеді, міне, енді өзім
келдім... Сен ғой кеше ақ адамдар бүгін оралады дедің. Түн
болды, бірақ олар әлі жоқ. Тағы не айтасың?
– Көріп отырсың ғой, қар қалың, оппалап жүру қиын,
оларда шаңғы және жоқ, содан кешігіп жатқан шығар. Түнде
не ертемен келіп қалуы керек.
– Шаңғыны онкилондардан неғып алмаған олар? – деп
Амнундак аз-кем үнсіз қалды да, сөзін әрі қарай сабақтады.
– Таңертеңге дейін тосайын. Егер келмесе іздеуге жауынгерлер
жіберемін, бір кәдікке ұшырады ма екен, біліп қайтсын.
Ол әлі де аз-кем отырып, қар қалың түсіп, ерімей жатып
алғанына, қыстың табаны күректей бір ай бұрын түскеніне
қапаланып, осыған онкилондар қатты алаң болып отырғанын
айтты. Сосын тұрды да кетіп қалды. Оның ізінше
жолдастарының күні бойы осы жертөледе болған әйелдері
де кетуге жнналды. Кетіп бара жатып олар Ракуге:
– Раку, келіп сүт пен шелпек алып кет, – деді.
Ыдысын алып солармен бірге кеткен Раку қайтып оралған
жоқ. Оның орнына қоналқаға тағы да төрт жауынгер келді.
Горохов Ракуды көп күтті, ақыры жібермей қойған екен деп
түйді ойын. Күні бойы ол өз жағдайын таразыға тартып,
жападан-жалғыз Амнундакпен қарсыласа берудің
жақсылыққа апарып соқпайтынын, оның қатерге бас тігу екенін
түсінді, ерегестіре берсе, олар айламен де, күшпен де
мылтығын тартып алып бақсы не айтса, бұған соны істеуі
айдан анық. Екі тәулік күтуге уәде еткен жолдастарын мұның
куып жетуіне де болады. Уәделі мерзім ертең кешке ғана
өтеді. Осылай ол бүгін түн қашпаққа бел буды.
Жолдастары кеткен күні Горохов кешірек тұрды, оныңөзін де самбырлаған әйелдердің даусы оятып жіберді.– Аннуир қайда? Байқайсыңдар ма, түнде ол байына,әлгі ақ сиқыршыға қашып кеткен ғой, тегі! Тыйым салғандытыңдамағаны да!– Барып осында алып келіңдер! – деген Амнундактыңүні гүр ете түсті.– Келмесе, шашынан сүйреп әкеліңдер, – деген әйелдаусы қостады оны.Осыны есітіп, жолдастарының бүгін түнде кетеміз дегеніесіне түсіп, Гороховтың көңілі құлазып қалды. Олардыңкеткен-кетпегенін білу үшін жалма-жан киіне бастады. Олкиініп болғанша Аннуирге жіберген Аннуэн мен екі әйел декеліп үлгеріп, өкінішті үнмен былай деді:– Үй бос тұр, Аннуир де жоқ, ақ сиқыршылар да жоқ,жалғыз ғана ит қалыпты.– Жақсылап қарадыңдар ма? Тегі, олар көрпесін тұйықтапалып ұйықтап жатқан шығар, – деді Горохов.– Кірмек болып едік, ит ырылдады бізге. Айғай салыпедік – ешкім үн қаткан жоқ. Өліп қалды дейсің бе?– Жарайды, мен өзім барып көрейін, – деп Гороховшығар ауызға беттей беріп еді, Амнундак оған:– Аннуирді осында алып кел! – деп барқ етті.Жертөлесіне бара жатып Горохов жолдастарының кетіпқалғанына шүбәланған жоқ. Алайда ол өзіне нұсқауқалдырғанына да сенеді олардың, сонда да бұл қылығынонкилондарға қалай түсіндірмек керек, өз жағдайыннашарлатып алмас үшін Амнундакқа айтар сөзін алдын алажүйелеп, тігісін жатқызып қою шарт. Кеткендер Кротқа еріп,соңдарынан қалмай жүрмесін деп әдейі жертөлеге қамапкеткен Пеструха оны қыңсылап еркелей қарсы алды. Оныңкөзі бірден ашаға жапсырып кеткен қағазға түсті. Жадында жақсы сақтау үшін оны ол ежіктеп бірнеше рет оқыды да,Амнундактың үйіне оралды.– Ал Аннуир қайда? – деп оған Аннуэн бірден бас салды.– Тоқтасаңшы! Әуелі айтып алайын да! Ақ адамдар жылыкиімдерін әкелу үшін өз тұрағына кетіпті. Көрмейсің бе мынақар мен суықты, ал олардың киімдері болса, ана жақтажатыр. Маған да ала келмекші. Ертең кешке оралады.– Олар кетіп қалған болса, мұның бәрін сен қайдан білесің?– деп айқай салды Амнундак.– Міне, мынада жазылған, олар маған хат қалдырыпты. Мә,оқы! – деп күлкісін әрең іріккен Горохов оған қағазды ұсынды.Амнундак оны қолында бұлғап бәзбір қара белгілердікөрді де:– Мұны бақсыға жіберемін, сенің айтқаның шын ба екен,сол ажыратады, – деді.– Онда олармен Аннуир неге кеткен? Оның жылы киіміосында ғой, – деп бір жағынан қызғаншақ Аннуэн деқыстырылып қалар емес.– Демек, ол оны сенен күштірек сүйеді! – деп Горохов табір-ақ түйді.– Сүюіме көсем тыйым салды – мен соның әмірінтыңдаймын.– Міне, мәселе осында, күштірек сүйгендіктен де ол кезкелгеннің көлденең сөзін тыңдамайды.– Ол оның тоқалы, өзі жабысқан...– Доғар сөзді, қатын! – деп Амнундак оны тыйыптастады.Ол өзі әлі не істерін білмей қолындағы қағазбен әлек.Кеткендердің ізімен қуғын жіберсе ме екен, әлде Гороховтыңсөзіне сеніп күте тұрса ма екен? Қолда келімсектердің тағыда біреуі бар, олар жолдасын тастап кетпеске тиіс деген ойкелді оған.Кенет оның басына ақ адамдар ана жолғыдай қасиеттікөлді суалтқалы кеткен жоқ па екен, онда да Гороховсызбарып еді деген бір ой сумаң ете қалды.279Киініп ол жертөлесінен шықты да, үш жауынгерді шақырыпалып, ақ адамдар барған-бармағанын біліп келу үшін қасиеттікөлге жұмсады. Үйге келген соң ол Гороховқа:– Басқаларың оралғанша сен осында, менің үйімде қал,– деді.Түске қарай жұмсаған жауынгерлер қайтып келіпАмнундакқа:– Қасиетті көлде ақ адамдар жоқ, – деді, – алайдаолар болыпты онда. – Біз қардан үш үлкен, бір кішірек ізкөрдік.– Міне, көрдің бе, сен маған өтірік айтқансың немесеолар саған хатпен өтірік айтқан!.. – деп барқылдадыАмнундак Гороховқа қарап, сосын жауынгерлерден: –қасиетті көл қайта суалып па екен? – деп сұрады.– Жоқ, мәртебелі көсем, ол суалудың орнына үлкейетүсіпті, су кемерінен асып, құрмалдық тасына баруға болмайқалыпты.Судың кемерінен асқанын не жақсылыққа, не жамандыққажорырын білмей Амнундак қабағын түйді. Қашанғысындайқиын сәтте бақсыға иек артты.– Көрген-баққандарыңды барып бақсыға айтыңдар!..Айтпақшы, қардағы ақ адамдардың ізі екенін сендер қайданбілдіндер? Олардың аяқкиімдерін танушы ма едіңдер?– Анығын айтқанда із аюдікі, – деді жауынгерлердіңүлкені, – алайда ақ сиқыршылар ізінен қайда барғанын бізгебілгізбес үшін аюға айналуы да мүмкін ғой.Горохов қарқ-қарқ күлді. Оған онкилондар таңырқайқарады, ал Амнундак ашу шақырып:– Сен неңе жетісіп күлесің? – деп зекіді.Онкилондарды ақ адамдардың құдіреттілігіне дегенсенімнен тандыра алмайтынын сезген Горохов өзін бірдентыйып, салиқалы жауап қатты:– Маған олардың Аннуирді аюға айналдырып жібергенікүлкі боп көрінді, ойбай-ау, олар үшеу ғана еді, алжауынгерлер төрт із көріпті. – Иә, иә, төртіншісі кішірек, Шамасы, әйел ізі болуыкерек! – деп жауынгерлер қоштап қойды.– Жарайды, бақсыға жөнеліңдер! – деп түйді Амнундак....Қайтып оралған жаушылар қасиетті көлге бақсының өзібарғысы келеді, содан оралған соң тәуеп етуге отырмақ,құрмалдыққа шалатын бұғыны дайындай берсін деген хабарәкелді.Амнундактың әмірімен жауынгерлер басқан ізін аңдыпотырған Горохов өз төсегінде жатып онкилондарда осыжалғыз қалуым дұрыс па, әлде бұрыс па деген ойға кетті.Тағы бір бақытсыздық бола қалса ғой, оны бұған жабабастайды, не жолдастарының кетіп қалғанына аударады.Немесе бұдан қолынан келмейтін бірдеңе талап етіп, оныорындамаса қоқан-лоққы көрсетеді... Бұлар ма, бұлар неойлап таппайды дейсің!Кетіп қалса ма екен? Жолдастары екі тәулік күтеміз депуәде етіпті. Тек енді мұны аңдып, бұра бастырмайды ғой.Кешкісін бақсының не айтатыны және беймәлім. Осылай оләбден құлазып кетер еді, жалғыз-ақ жанына отырып ап әйеліРаку әрнені айтып көңілін аулайды.Қас қарая бақсы да келіп, Амнундакпен сыбырласты да,ошақ басына жайғасып, отқа жылытқалы сүйекті қолынсозды. Оттың жалынына тесіле қарап, ерні жыбыр-жыбыретіп, үн-түнсіз козғалақтап қояды. Сосын басын көтеріп алып:– Уақыт болды! – деді.– Қатындар, балаларды алып ақ адамдардың тұрағынабарыңдар, ол бос тұр. Қашан шақыртқанша сонда отырындар!– деп әмір берді көсем.Горохов қорқайын деді. Ақырғы рет анада әйелдердішығарып жіберіп бәтуаласқанда, артынан қасиетті көлдіңбасында құрбандыққа адам шалынған еді. Оны да бүгін аяқастынан әрнені айтып алдарқатып отырған әйелінен есітті.Бақсы бұл жолы да қанды құрбандықпен көлді кемерінетүсіреміз демес пе екен? Онда құрбан болатын бұл ғой! Олаяқ-қолы мұздап, жүрегі тоқтап қалғандай болды кеудесінде. – Әйелдермен сен де өз тұрағыңа тарт!.. – деді оғанАмнундак. – Қатындар байқаңдар, мынау ешқайда кетіпқалмасын, бұл үшін жауап бересіңдер!Бұл Гороховтың көңілін аз-кем орнықтырайын деді.Құрбандыққа шалынатын болса ғой, бұны бүйтіп әйелдерменжіберудің не қажеті бар оларға.Ол кетісімен Амнундактың екі жауынгерге оныңжертөлесін сырттан күзетуге әмір бергенін білсе, бұндайжайбарақаттық қайда оған.Қаңырап қалған жертөлені әйелдер ойын-күлкі мен әзіл-қалжыңға толтырып, отты жағып жіберді де айнала отырды.Горохов өз төсегіне қисайып, қолын ұдайы іргесінде жататынмылтығына созды. Мылтық жоқ. Оны кім әкетті?Жолдастары ма әлде? Мұны олар құдіретті қаруынан айырып,тұлдырсыз қалдырмаса керек еді ғой. Онда олар патрондарында әкетуге тиіс. Горохов қоржынын ақтарып, тұтас бір қораппатрон тапты. Зайыры, Амнундактың әмірімен онкилондарбүгін оның төсек-орнын аударыстырып, нажағай мен жасынотын ататын зәрлі таяғын алып кеткен, сөйтіп, мұнықорғанатын қаруынан айырған. Іс насырға шабайын деді,мұның астарында бір сойқан бар.Горохов өзіне Ракуды шақырып алып, әйелдердің күлкісімен қалжыңдарының арасында одан онкилондардың не ойыбарын тұспалдай сұрады. Ақ сиқыршылардың құдіреті менкесепат-қырсығы туралы әйелдердің алыпқашпа өсегінен артықжарытып ол ештеңе айта алған жоқ.Кенет Гороховтың есіне базаға соңғы барғанда кетердеАмнундаққа тарту етпек болып алып келген су жаңа мылтықтүсті. Жолдастары оны ұмытып кетпеді ме екен? Ұмытса,бұл деген бақыт! Ол Горюнов төсегінің басында бөлшектеліпоралған қалпында жататын-ды, тапса да оны онкилондарнажағай мен жасын отын ататын сол деп білмейді. Оныңорнында бар-жоғын Гороховтың қазір тексеруі керек.Бақсының зікірі аяқталған соң өз өмірін қорғау үшін бұғанмылтық әбден қажет болуы мүмкін. Жалма-жан ол Ракуды құрбыларына қарай жіберіп, бұрышта жатқан көңілді әріқұрметті орын деген желеу айтып, аздан соң ол Горюновтыңтөсегіне ауысты. Қисайып жатып ақырын ғана ол төсеніштерімен шөптің арасына қолын сұғып буманы тапты. Ал онықалай ашып, әйелдердің көзіне түсірмей қайтып жинамақкерек? Бұлардың көзін немен алса екен? Әлде мұны да бірсиқыр деп түсіндіріп, бәрін көз алдында жасаса ма? Асылы,осы жөн болар – олар қағаз бен бөлшектен үрейлі таяқ өсіпшығатынын көрсін.Буманы суырып алып, әйелдермен қатарласпай төсектіңшетіне отырып, «кісіжегіштерден тартып алған мынашоқпардан нажағай мен жасын отын ататын таяқ жасаймын»деді. «Ой, керегі жоқ!» деп кейбір әйел баж ете қалды,көпшілік жағының жеңсігі жеңіп кетті. Астананың дүкеніндебуып байланған орауды шешіп, Горохов оның жібін бұрынмұндайды қолына ұстамақ тұрсын, көрмеген әйелдерге берді.Жіп қолдан-қолға жүгіріп түсер емес. Сосын ол онкилондарөмірі көрмеген орау қағаздың үлкен парағын жазып еді, олда қолдан-қолға көшіп, «жұқа сары былғары» бәрін таң-тамаша етті. Отқа тым жақын ұсталған бір парақ лап етеқалғанда терінің бұлай жанғанын көрмеген олар әрі таңданып,әрі шошып шар ете қалды. Жұрттың назары жайған қағазғаауып отырғанда Горохов шапшаң жинап, қосауыз мылтықтыәзір етіп, көздеп көрді де:– Міне, таяқ дайын болды! – деді.Жақын отырған әйелдер шалқая беріп, одан қазір жасыноты жарқ ете қалады екен деп шыңғырып қалды. Гороховоған күлді де түсіндіре бастады.– Қорықпаңдар, нажағай тек маған қастық ойлағандарғағана атылады, ал сендер ізгі жанды әйелсіңдер.Бұл көзбояушылықтың әсері күшті болды: әйелдердіңкейбірі «боз сиқыршыны» (Гороховты олар қара торы өңінеқарап өзгелерден айыру үшін осылай атайтын) бүгін қарусызқалдыру үшін зәрлі таяғын алып қойғанын білетін. Міне, көз алдында ол жай бір шоқпардан жаңа зәрлі таяқ жасап алақойды. Мұны ерлерге сөзсіз жеткізу керек.Жаңа мылтықтың жанында болған бір қорап патрондықажет кезінде оқтай қою үшін Горохов қалтасына салып алды.Мылтық тауып алып қобалжығаны сәл басылайын деді. Көңілкүйі де көтеріліп, мылтықты қолына алып:– Ал енді, әйелдер, өткен жолы бізде қонақтаболғандағыдай билеңдер. Сыйлыққа мынау былғары ментаспа жіпті беремін. Бақсы рухын шақырып болғанша билеңдер.Зәрлі таяғы бар сиқыршының айтқанын істеуге тура келді.Сонда да әйелдер биге құмар еді, әсіресе жылдай ұзақ поляртүндерінде көп билейтін, ал қазір де қыс емес пе, қар түстіде ерімей жатып алды. Жертөлеге кіре шешінбегендер ендішешінді. Ана жолғыдай лаулаған оттың айналасында бибасталды. Горохов Горюновтың төсегіне қисайып жатып,қорқорын сорып қойып билеген әйелдерден көз алар емес.Алайда бұл жолы әйелдер құлап жығылғанша билей алғанжоқ, бір жауынгер келіп зікір аяқталғанын, енді үйге қайтуғаболатынын хабарлады.– Раку осында менімен қалады... – деді Горохов. –Раку! Естіп тұрсың ба?– Амнундак, сен де соның үйіне келіп жатсын деген, –деді жауынгер.– Амнундаққа айт, мен өз тұрағымда ұйықтайын жәнеРаку менімен қалады! – деп кесіп айтты Горохов.– Амнундак айтты, – деп тағы міңгірледі жауынгер.– Мен онкилон емеспін және Амнундакқа бағыныштыемен, – деп оның сөзін Горохов тыйып тастады. Ол мағанбұйрық бере алмайды... Раку, бері кел.Киініп жатқан әйелдер бір-біріне таңырқай қарасып сыбыр-сыбыр етісті де, жауынгер аңырып тұрып қалды. Күні бүгінгедейін білдіртпей қастандық жасап, апат әкеліп жүрсе де, ақадамдар мұндай сөз айтпайтын, көсемнің көңілін табуғатырысатын. Ал қазір жалғыз қалып «боз сиқыршы» былай сес көрсетеді, өзге әйелдермен кетерін де, Гороховпен қаларында білмей Раку тұр.– Раку, саған айтып тұрмын, бері таман, маған кел! –деп айғайлап жіберді Горохов.Осынау әмірлі үн әсер етіп Раку оның жанына келді.– Міне, мында отыр, Раку! Бәрі кеткесін кешкі асымыздыішеміз.Балаларын алып әйелдер, бірінен соң бірі үйден шықты;жауынгер әрі-сәрі болып тұрды да, ақыры ол да кетті. Ракутізе бүгіп отырып күбір етті:– Амнундак енді қатты ашуланады. Осында қалғанымүшін мені жазалайтыны хақ.– Қорықпа, ол саған ештеңе істей алмайды. Көресің ғой!Ал енді шай қайнат.Гороховтың салқын сабырлылығы әсер етіп, келіншек үйшаруасына оралды. Олар алаңсыз ауқаттанып алып, жатқалыжатыр еді, есік ашып, қарулы төрт жауынгер кіріп келді.– Амнундак айтты: менің үйіме қонақ болғысы келмесе– сонда-ақ қала берсін, – деді олардың үлкені. – Алайдаол сен қорғансыз қалмас үшін бізді жіберді. Орын бар, осындаұйықтаймыз.«Данышпанның айласын-ай!» – деп ойлаған Горохов:– Амнундак өте жақсы ойлап тапқан! – деді дауысынкөтере. Онда екеуің анау араға жат, – деп Ординнің төсегіннұсқады, – ал екеуің мында жайғас, – деп өзінің бұрынғыорнын көрсетті. Өзге ақ адамдар оралғанша мен құрметтіорынға жатуға тиістімін.Үш жауынгер шешінбестен жатты да, біреуі от басындаотырды.– Өзге ақ адамдар сияқты білдіртпей тайып отырмасындеп сені аңдуға келді бұлар, – деп үрейлене сыбыр етеқалды Раку.– Олар бізді вампулардан, аю мен жер үсті жын-перісіненқорғауға келді, аңқауым! – деді Горохов байсалды ғана.Әрине, Амнундактың айла-шарғысын толық түсініп отыр. Ал түнде ол біраз сақтық жасады: бір бытыра, біржарқыншақ, екі оқпен оқталған мылтығын алып өзі іргегежатты, Пеструханы төсегінің аяқ жағына қойды. Ұйықтапжатқан иесіне иттің ешкімді маңайлатпайтынын Горохов жақсыбілетін.Түн тыныш өтті. От басындағы жауынгер ұйықтапжатқандардың бірімен алма-кезек ауыстырылып тұрды; олотты үстеп қойып, қолына найзасын ұстаған қалпы, бағанғаарқасын сүйеп қалғып отырды. Горохов қатты ұйықтады да,Раку әлсін-әлі аунақшып тынши алмады: ертең Амнундак неқылады деген ой оны қайта-қайта мазалай берді.Таң атқан сон жауынгерлер кетті де, оның орнына ізіншеАннуэн мен екі әйел келді. Горохов әлі ұйықтап жатқан. Ракусол замат төсектен тұрып әйелдердің жанына келіп, рухтардыңбақсыға не аян бергенін, Гороховтың қарсылығына, мұныңмойынсұнғанына көсем қалай қарағанын сұрастыра бастады.Алайда алдын ала нұсқау алған ба, әйелдер ашыла сөйлемей:– Рухтардың не аян бергенін біз білмейміз. Амнундакжауынгерлердің айтқанын тыңдады да, келісімін білдірді,түнде оны үйіңде өзін де есіттің, ал сен туралы ләм-мимдеген жоқ, – дей салды.Ракудың көңілі осымен орнығып еді, оянып оныңсұрастырғандарының нәтижесін білген Горохов оғанқанағаттанған жоқ. Оған ең керегі – түнде бақсының не депарбап кеткені. Күні бойы ол өз үйінде, аздап таза ауадаболды да, көсемнің жертөлесіне әлденеше барлауға барыпкелген Раку ештеңе өндіре алмады. Алғаш ол Амнундактыңәмірімен ұстап алып, әйелдер тыржалаңаш шешіндіріпсабайды ғой деп жүрексініп барған еді. Әдетте ұрысқаны,ақылға бақпағаны, жалқау болғаны үшін әйелдерді осылайжазалаушы еді. Алайда Амнундак оның келгенінкөрмегендей, көңіл де аудармады.Кешкісін Гороховқа Амнундактың өзі келіп, от басынажайғасты да, сөз бастады: – Сен менің қонағым болғың келмеді, міне, енді өзімкелдім... Сен ғой кеше ақ адамдар бүгін оралады дедің. Түнболды, бірақ олар әлі жоқ. Тағы не айтасың?– Көріп отырсың ғой, қар қалың, оппалап жүру қиын,оларда шаңғы және жоқ, содан кешігіп жатқан шығар. Түндене ертемен келіп қалуы керек.– Шаңғыны онкилондардан неғып алмаған олар? – депАмнундак аз-кем үнсіз қалды да, сөзін әрі қарай сабақтады.– Таңертеңге дейін тосайын. Егер келмесе іздеуге жауынгерлержіберемін, бір кәдікке ұшырады ма екен, біліп қайтсын.Ол әлі де аз-кем отырып, қар қалың түсіп, ерімей жатыпалғанына, қыстың табаны күректей бір ай бұрын түскенінеқапаланып, осыған онкилондар қатты алаң болып отырғанынайтты. Сосын тұрды да кетіп қалды. Оның ізіншежолдастарының күні бойы осы жертөледе болған әйелдеріде кетуге жнналды. Кетіп бара жатып олар Ракуге:– Раку, келіп сүт пен шелпек алып кет, – деді.Ыдысын алып солармен бірге кеткен Раку қайтып оралғанжоқ. Оның орнына қоналқаға тағы да төрт жауынгер келді.Горохов Ракуды көп күтті, ақыры жібермей қойған екен дептүйді ойын. Күні бойы ол өз жағдайын таразыға тартып,жападан-жалғыз Амнундакпен қарсыласа берудіңжақсылыққа апарып соқпайтынын, оның қатерге бас тігу екенінтүсінді, ерегестіре берсе, олар айламен де, күшпен демылтығын тартып алып бақсы не айтса, бұған соны істеуіайдан анық. Екі тәулік күтуге уәде еткен жолдастарын мұныңкуып жетуіне де болады. Уәделі мерзім ертең кешке ғанаөтеді. Осылай ол бүгін түн қашпаққа бел буды.