Мен редактор болсам...
Ал балалар мен жасөспірімдердің иммунитеті әлі де толық қалыптаспағандықтан,олар кез келген дүниені, әсіресе, теріс әрекеттерді тез қабылдап алады. Сондықтан, біз балаларға көрсететін дүниені өзіміз жасамасақ болмайды деп ойлаймын.Сол тұрғыда мен балаларға арналған «Айналайын» деп аталатын балалардың рухани азығын байытуға үлес қосатын журналды жарыққа шығарғым келеді.Журналдың атауын бұлай қоюымның өзіндік себебі де бар «Айналайында»-мейірім бар,жақсылық бар,өмір бар дер едім. Өзім де үйге барсам кәрі апамның басымнан сипап, "айналайын" деп емірене сүюін күтіп тұрамын. Қариядан бата алсақ та, сөз соңында "айналайын" дер ме екен деп, елеңдеймізҒой. Пейілі өзге ағаның "айналайын" деп еміренгенін естігенде, әлем гүлденіп кеткендей болады маған. Қараңызшы,сөздің құдіреті қандай ә?! Бұл журна…