Перейти к содержимому
Обложка сообщества Qaz

АКАДЕМИК АЛДЫНДА

Алыс жолдың ауыртпалығы мен азабынан айығу үшін
жиһангездер Никифоровтың үйінде бір апта бойы дем алды,
тек тамақ ішуге ғана тұрып, ұйықтай берді, ұйықтай берді.
Оның үстіне қысқы поляр түні мен сақылдаған сары аяз,
осынау самарқау өлке тұрғындарын енжар тартқызып, қызу
қарекетке мойнын жар бергізбеді де.
Анқау Аннуирге екі жүзге тарта ғана үйі бар күйкі Казачье
керемет бір шаһардай әсер етті, себебі ол шатырлы үйлерді,
мұржалы пештерді, терезе, үстел, орындық, кереует дегендерді
тумысында тұңғыш рет көріп, жерден басқа орында отыруға,
ұйықтауға болатынын, тізерлемей-ақ тамақ ішу мүмкін екенін
алғаш біліп отыр, кейбірі күлкілі, тіпті керексіз сияқтанғанмен,
үйренуге тура келгеннің бәрі оған таңғажайып тәрізді.
Қыруар жаңалық ашқан, алайда бір адамы өліп, күллі
коллекциясы мен қазбаларынан қапияда айырылып, ақыры
қайғылы біткен экспедицияны Казачьеге келуімен
тәмамдалды деп санап, академик Шенкке жазбаша толық
есеп жіберіп, Горюновтың кез келген жерде қалуына болатын
еді. Бірақ белгісіз біреуге, құрғақ қиял сияқты ұсынысқа
сеніп, қаншама қаржысы мен құрал-жабдығын тапсырған
осынау оқымыстыға Горюновтың сый-құрметі мен ілтипаты
ұшан-теңіз болды. Сондықтан оған өзі барып, әңгімесін
экспедицияның екінші мүшесінің сөзімен куәландырғысы
келді. Және құрал-жабдықтарды қайтарып, нарта, қайық,
мылтық, шатыр сияқты бұйымдарды сатудан түскен ақшаны
тапсыру қажет. Ол бұйымдардың басым бөлегін жақсы нарта
мен мылтықтың нарқын білетін Горохов пен Никифоров алды.
Шенк бергеннен қалған азын-аулақ тиын-тебенді қосқанда
барлығы мың сомдай ақша жинап, Горюнов, Ордин және
Аннуир Верхоянскіні басып Якутскіге жол тартты. Алайда
мұнда бөгет тап болды: Ординнің кесімді күні біткен жоқты,
сондықтан айдаудағы адамды босатуға губернатор келіспеді,
қысқы ұзақ жолға жүрегі дауаламаған Аннуирдің жалғыз
барғысы және келмеді. Ординге Якутскіде қалуға рұқсат
етілді, бұл қала Аннуирге ғажайып заттардан аяқ алып жүре
алмайтын байтақ бір астанадай әсер етті, оған мысық пен
сиыр, шанаға жегілген аттан бастап, балға киетін көйлек пен
граммофонға дейінгінің бәрі таң, бәрі таңсық.
Горюнов Аннуирдің денесіндегі өрнек-таңбасын түгел
көрсетіп, жалғыз-ақ белдемшемен түскен суретін ғана алып,
оған Санников жерінің аттанар алдында жотадан түсірілген
бейнесін, біраз тау жыныстарын (арасында Беннетта аралынан
да бар) қосып, жалғыз өзі аттануына тура келді. Желтоқсанның
аяғында ол астанаға жетіп, бірден Шенкке келді.
Санников жерінің ашылғаны, оны ашушылардың оралғаны
туралы қысқаша телеграммадан біліп отырған академик
ғажайып саяхаты туралы баяндамамен академия және
оқымыстылар қоғамы алдына шығару үшін Горюновтың келуін
сабырсыздана күтіп жүр еді. Алайда Горюнов өзінің ауызша
баяндамасын оңаша тыңдауын өтінді.
Міне, бұдан бір жыл бұрынғы сол баяғы бөлмеде Шенк
Горюновтың әңгімесін бір кеш тыңдады. Әңгіме «Тас боп
қату дәуірінің» тірі көзі мамонт, мүйізтұмсық, өгіздер жайына
ойысқанда жүзі бал-бұл жайнап академик дауыстап жіберді.
– Әрине, оларды өлшеп, суретке түсіріп, осынау тамаша
жаңалықтың белгісі болар бірдеңе әкелген шығарсыз?
Онкилондардың және палеолит адамының болуы да
олардың тұрмысы мен ғұрып-салты жайындағы мағлұматтар
сияқты оны баурап алды.
Санников жері мен оның тұрғындарының ақтық күндері
жақындағанда аянышты да ауыр оқиғаны баяндар алдында
Горюнов кідіріп қалды. Мұны әңгіменің біткені деп білген
Шенк сөзге араласты:
– Сіздер күнделік, сурет, тіпті хайуандардың бас сүйегі
мен онкилондардың, тағы адамдардың үй әбзелдерін ала
келген шығарсыздар! Міне, біз баяндаманы осылай құрып,
сенбейтіндердің көмейіне су құямыз.
– Иә, соның бәрі де бізде бар еді, бірақ бәрін де құртып
алдық!
– Не айтып тұрсыз? Бәрің бәрін құртып алдық дейсіз бе?
Шенк әңгіменің аяғын толқи отырып тыңдады да,
суреттерді, тау жыныстарын көріп сөйлеп кетті.
– Сонымен, көзімен көрген төрт адамның айғағы бойынша
Санников жері бар, ол Қазандық аралынан терістікке қарай
шамамен жүз шақырымдай тұрады, жақында қайта атқылай
бастаған сөнген жанартаудың алып кратері деп білеміз ғой
енді оны біз. Осының негізінде академияға қозғау салып, ол
жерге жедел барып, зерттеп, тұрғындарынан не қалғанын
анықтау үшін таяу уақытта керек-жарақпен, ғылыми күшпен
толық жарақтанған экспедиция аттандыруға атсалысамын.
Әрине, шарамыздың табысты болуына тәжірибелеріңізбен
жағдай туғызу үшін оған сіз екеуіңіз де қатысасыздар емес пе!
– О, әлбетте ғой! Ал академия мен оқымыстылар
қоғамындағы баяндама не болады? – деп сұрады Горюнов.
– Қазір ол істі тек бүлдірер еді, – деді Шенк. – Сіздің
айтқаныңыздың керемет ғажайыптығы, тіпті миға
сыймайтындығы сондай, олардың бәріне бұлтартпас дәлел
керек екеніне өзіңіз де келісерсіз деп ойлаймын, ал
тыңдаушыларға айғақ қып көрсететіндеріңіз тіптен аз. Мынау
өрнек-таңбалы келіншектің суретін көрсе, олар бұл эскимос
не чукча әйелі дейді. Себебі олар да үйінде жалаңаш жүреді,
денесіне осындай өрнек-таңба салады, кескін-келбеттері де
ұқсас. Ал мынау Санников жерінің жотасынан алынған
базальтқа қараңыз, мұның Беннетта аралынікі, болмаса киелі
Тұмсықтыкі емес екенін немен дәлелдейсіз? Анау көлі мен
жанартаудың атылғаны түскен ойпаттың суретінен ештеңе
айырып білуге болмайды. Коллекция тиелген нарта құлаған
жерде суретті көбірек, анығырақ түсірмедіндер ме?
– Себебі біз барлық пластинканы ойпатта адамдарды,
жануарларды, табиғатты түсіріп алу үшін көп жұмсадық та,
кассетте кездейсоқ қана біреуі қалыпты. Мына әйелді суретке
мен Якутскіде түсіріп алдым.
– Өкінішті-ақ! Жотадан түсірілген сурет, сондай-ақ
Беннетта аралының бедері болса, олар дәлел бола алатын
еді. Ал былайша сендерге ешкім де сенбейді.
– Маған енді сіздің де сенбегеніңіз бе? – деді қапаланған
Горюнов.
– О, жоқ, мен кәміл сенемін, – деді оны жұбатуға
тырысып Шенк. Сіз айтқанның бәрін ойлап шығару мүмкін
емес. Ал басқалар сенгісі келмей: алжыған ақымақ шал
қайдағы бір белгісіз жер ауғандардың бөспе сөзіне сеніп,
ақшаны ұстатып қоя берді. Олар болса, ақшаны шашып-
шашып, ақыры ақталу үшін қайдағы бір қиял жер, оның ғажайып тұрғындары туралы кішкентай балаларға арналған
қызықты әңгіме шығарып, оны аңқау Шенкке әкеп ұстата
салды, – деп сан-саққа жүгіртері шәксіз. Жоқ, онан да
әзірше үндемей тұра тұрайық.
– Әзірше? Қай кезге дейін?
– Сіз қатысатын жаңа экспедиция ол жерге барып, алып
кратерді, қарық болған орманды, жаңа жанартауды, адамдар
мен жануарлардың сүйегін тапқанша үндемейміз. Тапқан соң
документтер, жаңа экспедицияға қатысқандар растайтын
баяндамамыз толық сеніммен қарсы алынып, қырсықты
Санников жерінің тұрғындары, олардың өмірі мен опат болуы
туралы ғылымға тың мағлұмат енгізесіз.
– Иә, айтқаныңыз дұрыс! – деді Горюнов. – Солай
жасау орынды әрі мақсатты болар. Әрине, сізді де, өзімді
де ұятқа қалдырғым келмейді.
– Ал, – деп сөзін әрі қарай сабақтады Шенк, – өткен
күн естегіні көмескілендіре бермек. Көргендерің көңілінде
сайрап тұрған кезде соның бәрін, саяхаттың барысын мына
мен үшін қағазға түсіру керек. Мен оны бір оңтайлы уақытқа
дейін сақтап қояйын.
– Әрине, мен мұны міндетті түрде жазамын. Бұл қасиетті
борышым ғой. Беннетта аралында қоржын тамда отырып
және Якутскіде аялдағанда азын-аулақ жазғандарым бар.
Енді оны жүйелеп баяндап екі-үш аптада алдыңызға алып
келемін. Ал мынау – мырзалықпен сіз бере салған ақшаның
есебі мен қалған-құтқан тиын-тебен.
Шенк есепті қарап шығып, ақшаны Горюновтың өзіне
қайтарды:
– Байқаймын, Ордин екеуіңіз де өздеріңізге тәбәрік
қалдырмаған сияқтысыз. Бұл дұрыс емес, әрбір еңбектің
ақысы болуы керек.
– Алайда біз сізге қиял-ғажайып әңгіме мен жиырма шақты
тастан басқа түк те әкелген жоқпыз ғой, сондықтан сый-сияпат
дәметуіміздің өзі ыңғайсыз және оған татымаймыз да.
– Былай, бауырым, ақшаның қалғанын қайтарып, болған
оқиғаны баяндау үшін ерінбей-жалықпай сонау он мың
шақырым шалғайдан әдейі іздеп келуіңіздің өзі сендердің
шын сырларыңа күмәнім болғанда да оны жойып жіберер
еді. Жоқ, сіздер аса қиын міндет атқардыңыздар, оның
нәтижесінен айрылып қалуларыңыз да өз кінәлеріңіз емес.
Мұндай-мұндайлар талай болған: коллекция мен есеп алып
келе жатқан кемелер суға батып, экспедицияға қатысушылар
әрең жан сақтап қалған жағдай аз емес. Міне, сіздер де
сондай кеме опатына душар болғансыздар. Поштамен
жіберген коллекциялардың да жоқ болып кететіні бар. Жо-
жоқ, сіздер тарту-таралғы алуларыңыз шарт. Оның үстіне
маған деп есеп жазып, осында біраз тұруыңыз керек, ал
астананың тұрмыс нарқы қымбат. Ақшаны тым құрмаса сол
есебіңіздің қаламақысы ретінде алыңыз.
Шенктің көңілін қалдырмас үшін Горюновтың ақшаны
алуына тура келді. Ұзамай ол есебін тапсырып, жаңа
экспедицияға жақсы әзірлену үшін университетке түсті.
Өкінішке орай, сол экспедицияның сәті әлі күнге түскен
жоқ. Жапониямен арада соғыс басталып кетті де, академия
қажетті қаржысын ала алмай қалды. Соғыс аяқталысымен
жобаны жүзеге асырудың алғашқы адымын ғана жасап
үлгерген Шенк дүние салды. Солтүстік Сібірді зерттеуге
түрткі салар кісі қайтып шықпай, ол мәңгі ұмытылды.
Хабарды Шенктен құр босқа күтіп, Горюнов пен Ордин
басқа шаруамен шұғылданып кетті.
Алайда Академия архивындағы Шенк қағаздарының
арасында сақталған есеп осы кітапты жазуға мәйекті материал
болды. Бәлкім, бұл жаңа ұрпақтың біреуінің кеудесінде
тылсым жатқан Санников жеріне деген құмарлық отын
тұтандырып, Солтүстік теңізінің байтақ мұз алқаптары
арасынан оны іздеп шығуға құлшындырар.

Алыс жолдың ауыртпалығы мен азабынан айығу үшінжиһангездер Никифоровтың үйінде бір апта бойы дем алды,тек тамақ ішуге ғана тұрып, ұйықтай берді, ұйықтай берді.Оның үстіне қысқы поляр түні мен сақылдаған сары аяз,осынау самарқау өлке тұрғындарын енжар тартқызып, қызуқарекетке мойнын жар бергізбеді де.Анқау Аннуирге екі жүзге тарта ғана үйі бар күйкі Казачьекеремет бір шаһардай әсер етті, себебі ол шатырлы үйлерді,мұржалы пештерді, терезе, үстел, орындық, кереует дегендердітумысында тұңғыш рет көріп, жерден басқа орында отыруға, ұйықтауға болатынын, тізерлемей-ақ тамақ ішу мүмкін екеніналғаш біліп отыр, кейбірі күлкілі, тіпті керексіз сияқтанғанмен,үйренуге тура келгеннің бәрі оған таңғажайып тәрізді.Қыруар жаңалық ашқан, алайда бір адамы өліп, күлліколлекциясы мен қазбаларынан қапияда айырылып, ақырықайғылы біткен экспедицияны Казачьеге келуіментәмамдалды деп санап, академик Шенкке жазбаша толықесеп жіберіп, Горюновтың кез келген жерде қалуына болатынеді. Бірақ белгісіз біреуге, құрғақ қиял сияқты ұсынысқасеніп, қаншама қаржысы мен құрал-жабдығын тапсырғаносынау оқымыстыға Горюновтың сый-құрметі мен ілтипатыұшан-теңіз болды. Сондықтан оған өзі барып, әңгімесінэкспедицияның екінші мүшесінің сөзімен куәландырғысыкелді. Және құрал-жабдықтарды қайтарып, нарта, қайық,мылтық, шатыр сияқты бұйымдарды сатудан түскен ақшанытапсыру қажет. Ол бұйымдардың басым бөлегін жақсы нартамен мылтықтың нарқын білетін Горохов пен Никифоров алды.Шенк бергеннен қалған азын-аулақ тиын-тебенді қосқандабарлығы мың сомдай ақша жинап, Горюнов, Ордин жәнеАннуир Верхоянскіні басып Якутскіге жол тартты. Алайдамұнда бөгет тап болды: Ординнің кесімді күні біткен жоқты,сондықтан айдаудағы адамды босатуға губернатор келіспеді,қысқы ұзақ жолға жүрегі дауаламаған Аннуирдің жалғызбарғысы және келмеді. Ординге Якутскіде қалуға рұқсатетілді, бұл қала Аннуирге ғажайып заттардан аяқ алып жүреалмайтын байтақ бір астанадай әсер етті, оған мысық пенсиыр, шанаға жегілген аттан бастап, балға киетін көйлек пенграммофонға дейінгінің бәрі таң, бәрі таңсық.Горюнов Аннуирдің денесіндегі өрнек-таңбасын түгелкөрсетіп, жалғыз-ақ белдемшемен түскен суретін ғана алып,оған Санников жерінің аттанар алдында жотадан түсірілгенбейнесін, біраз тау жыныстарын (арасында Беннетта аралынанда бар) қосып, жалғыз өзі аттануына тура келді. Желтоқсанныңаяғында ол астанаға жетіп, бірден Шенкке келді. Санников жерінің ашылғаны, оны ашушылардың оралғанытуралы қысқаша телеграммадан біліп отырған академикғажайып саяхаты туралы баяндамамен академия жәнеоқымыстылар қоғамы алдына шығару үшін Горюновтың келуінсабырсыздана күтіп жүр еді. Алайда Горюнов өзінің ауызшабаяндамасын оңаша тыңдауын өтінді.Міне, бұдан бір жыл бұрынғы сол баяғы бөлмеде ШенкГорюновтың әңгімесін бір кеш тыңдады. Әңгіме «Тас бопқату дәуірінің» тірі көзі мамонт, мүйізтұмсық, өгіздер жайынаойысқанда жүзі бал-бұл жайнап академик дауыстап жіберді.– Әрине, оларды өлшеп, суретке түсіріп, осынау тамашажаңалықтың белгісі болар бірдеңе әкелген шығарсыз?Онкилондардың және палеолит адамының болуы даолардың тұрмысы мен ғұрып-салты жайындағы мағлұматтарсияқты оны баурап алды.Санников жері мен оның тұрғындарының ақтық күндеріжақындағанда аянышты да ауыр оқиғаны баяндар алдындаГорюнов кідіріп қалды. Мұны әңгіменің біткені деп білгенШенк сөзге араласты:– Сіздер күнделік, сурет, тіпті хайуандардың бас сүйегімен онкилондардың, тағы адамдардың үй әбзелдерін алакелген шығарсыздар! Міне, біз баяндаманы осылай құрып,сенбейтіндердің көмейіне су құямыз.– Иә, соның бәрі де бізде бар еді, бірақ бәрін де құртыпалдық!– Не айтып тұрсыз? Бәрің бәрін құртып алдық дейсіз бе?Шенк әңгіменің аяғын толқи отырып тыңдады да,суреттерді, тау жыныстарын көріп сөйлеп кетті.– Сонымен, көзімен көрген төрт адамның айғағы бойыншаСанников жері бар, ол Қазандық аралынан терістікке қарайшамамен жүз шақырымдай тұрады, жақында қайта атқылайбастаған сөнген жанартаудың алып кратері деп білеміз ғойенді оны біз. Осының негізінде академияға қозғау салып, олжерге жедел барып, зерттеп, тұрғындарынан не қалғанын анықтау үшін таяу уақытта керек-жарақпен, ғылыми күшпентолық жарақтанған экспедиция аттандыруға атсалысамын.Әрине, шарамыздың табысты болуына тәжірибелеріңізбенжағдай туғызу үшін оған сіз екеуіңіз де қатысасыздар емес пе!– О, әлбетте ғой! Ал академия мен оқымыстыларқоғамындағы баяндама не болады? – деп сұрады Горюнов.– Қазір ол істі тек бүлдірер еді, – деді Шенк. – Сіздіңайтқаныңыздың керемет ғажайыптығы, тіпті миғасыймайтындығы сондай, олардың бәріне бұлтартпас дәлелкерек екеніне өзіңіз де келісерсіз деп ойлаймын, алтыңдаушыларға айғақ қып көрсететіндеріңіз тіптен аз. Мынауөрнек-таңбалы келіншектің суретін көрсе, олар бұл эскимосне чукча әйелі дейді. Себебі олар да үйінде жалаңаш жүреді,денесіне осындай өрнек-таңба салады, кескін-келбеттері деұқсас. Ал мынау Санников жерінің жотасынан алынғанбазальтқа қараңыз, мұның Беннетта аралынікі, болмаса киеліТұмсықтыкі емес екенін немен дәлелдейсіз? Анау көлі менжанартаудың атылғаны түскен ойпаттың суретінен ештеңеайырып білуге болмайды. Коллекция тиелген нарта құлағанжерде суретті көбірек, анығырақ түсірмедіндер ме?– Себебі біз барлық пластинканы ойпатта адамдарды,жануарларды, табиғатты түсіріп алу үшін көп жұмсадық та,кассетте кездейсоқ қана біреуі қалыпты. Мына әйелді суреткемен Якутскіде түсіріп алдым.– Өкінішті-ақ! Жотадан түсірілген сурет, сондай-ақБеннетта аралының бедері болса, олар дәлел бола алатынеді. Ал былайша сендерге ешкім де сенбейді.– Маған енді сіздің де сенбегеніңіз бе? – деді қапаланғанГорюнов.– О, жоқ, мен кәміл сенемін, – деді оны жұбатуғатырысып Шенк. Сіз айтқанның бәрін ойлап шығару мүмкінемес. Ал басқалар сенгісі келмей: алжыған ақымақ шалқайдағы бір белгісіз жер ауғандардың бөспе сөзіне сеніп,ақшаны ұстатып қоя берді. Олар болса, ақшаны шашып-шашып, ақыры ақталу үшін қайдағы бір қиял жер, оның316ғажайып тұрғындары туралы кішкентай балаларға арналғанқызықты әңгіме шығарып, оны аңқау Шенкке әкеп ұстатасалды, – деп сан-саққа жүгіртері шәксіз. Жоқ, онан даәзірше үндемей тұра тұрайық.– Әзірше? Қай кезге дейін?– Сіз қатысатын жаңа экспедиция ол жерге барып, алыпкратерді, қарық болған орманды, жаңа жанартауды, адамдармен жануарлардың сүйегін тапқанша үндемейміз. Тапқан соңдокументтер, жаңа экспедицияға қатысқандар растайтынбаяндамамыз толық сеніммен қарсы алынып, қырсықтыСанников жерінің тұрғындары, олардың өмірі мен опат болуытуралы ғылымға тың мағлұмат енгізесіз.– Иә, айтқаныңыз дұрыс! – деді Горюнов. – Солайжасау орынды әрі мақсатты болар. Әрине, сізді де, өзімдіде ұятқа қалдырғым келмейді.– Ал, – деп сөзін әрі қарай сабақтады Шенк, – өткенкүн естегіні көмескілендіре бермек. Көргендерің көңіліндесайрап тұрған кезде соның бәрін, саяхаттың барысын мынамен үшін қағазға түсіру керек. Мен оны бір оңтайлы уақытқадейін сақтап қояйын.– Әрине, мен мұны міндетті түрде жазамын. Бұл қасиеттіборышым ғой. Беннетта аралында қоржын тамда отырыпжәне Якутскіде аялдағанда азын-аулақ жазғандарым бар.Енді оны жүйелеп баяндап екі-үш аптада алдыңызға алыпкелемін. Ал мынау – мырзалықпен сіз бере салған ақшаныңесебі мен қалған-құтқан тиын-тебен.Шенк есепті қарап шығып, ақшаны Горюновтың өзінеқайтарды:– Байқаймын, Ордин екеуіңіз де өздеріңізге тәбәрікқалдырмаған сияқтысыз. Бұл дұрыс емес, әрбір еңбектіңақысы болуы керек.– Алайда біз сізге қиял-ғажайып әңгіме мен жиырма шақтытастан басқа түк те әкелген жоқпыз ғой, сондықтан сый-сияпатдәметуіміздің өзі ыңғайсыз және оған татымаймыз да.– Былай, бауырым, ақшаның қалғанын қайтарып, болғаноқиғаны баяндау үшін ерінбей-жалықпай сонау он мыңшақырым шалғайдан әдейі іздеп келуіңіздің өзі сендердіңшын сырларыңа күмәнім болғанда да оны жойып жіберереді. Жоқ, сіздер аса қиын міндет атқардыңыздар, оныңнәтижесінен айрылып қалуларыңыз да өз кінәлеріңіз емес.Мұндай-мұндайлар талай болған: коллекция мен есеп алыпкеле жатқан кемелер суға батып, экспедицияға қатысушыларәрең жан сақтап қалған жағдай аз емес. Міне, сіздер десондай кеме опатына душар болғансыздар. Поштаменжіберген коллекциялардың да жоқ болып кететіні бар. Жо-жоқ, сіздер тарту-таралғы алуларыңыз шарт. Оның үстінемаған деп есеп жазып, осында біраз тұруыңыз керек, аластананың тұрмыс нарқы қымбат. Ақшаны тым құрмаса солесебіңіздің қаламақысы ретінде алыңыз.Шенктің көңілін қалдырмас үшін Горюновтың ақшаныалуына тура келді. Ұзамай ол есебін тапсырып, жаңаэкспедицияға жақсы әзірлену үшін университетке түсті.Өкінішке орай, сол экспедицияның сәті әлі күнге түскенжоқ. Жапониямен арада соғыс басталып кетті де, академияқажетті қаржысын ала алмай қалды. Соғыс аяқталысыменжобаны жүзеге асырудың алғашқы адымын ғана жасапүлгерген Шенк дүние салды. Солтүстік Сібірді зерттеугетүрткі салар кісі қайтып шықпай, ол мәңгі ұмытылды.Хабарды Шенктен құр босқа күтіп, Горюнов пен Ординбасқа шаруамен шұғылданып кетті.Алайда Академия архивындағы Шенк қағаздарыныңарасында сақталған есеп осы кітапты жазуға мәйекті материалболды. Бәлкім, бұл жаңа ұрпақтың біреуінің кеудесіндетылсым жатқан Санников жеріне деген құмарлық отынтұтандырып, Солтүстік теңізінің байтақ мұз алқаптарыарасынан оны іздеп шығуға құлшындырар.

0
0
876

Еще по теме

АКАДЕМИК АЛДЫНДА - Yvision.kz