Горохов каналдан алысырақ жаққа қарай бұрылып, алаңқай
мен айдынның толқыны жетпейтін, жетсе де әлсіреп жететін
шоққа келіп, қайығын бір ағашқа байлап, көрпеге оранып
түбіне көсіліп жата қалып, толқынмен сәл тербеліп ұйықтап
та кетті.
Ол Пеструханың ұлыған даусынан кеш оянды. Көзін ашып
ол түнде су көп көтеріліп, қайықты ағаштың бұтақтарына
апарып қысып тастағанын көрді. Иттің қысылғаны сонша,
ол сорлы тіпті қозғала алмай қалыпты Оны босату үшін
бірқатар бұтақты пышақпен кесіп түсіруге тура келді. Горохов
судың тереңдігін өлшеп көрейін деп еді, түбіне жете алмады,
ескегі мен қолын қосқанда екі метрден кем емес-ті.
«Топан су деген осы! – деп ойлады якут. – Жолда енді
еш жануарды кездестірмейсің: қашып құтыла алмағандары
қарық болды».
Тұтқыннан босанған Пеструха иіскелеп, құйрығын
бұлғаңдатып, иесіне тілене қарады.
– Ашықтың ба, бейшара! – деп оны бірден ұқты иесі.
– Ас ішетін уақыт та болды, тек бізде тамақтың өзі аз,
шай қайнатуға болмайды. Аң-құс жоқ!
Ол қоржыннан шелпек пен кептіріп жертөле шатырының
астына жайып қойған қыруар қаз етінен бағанағы алас-күлесте
ала салған бірер мүшесін алып, сүйек-саяғын итке тастап,
тәуірін өзі жей бастады.
– Эх, Пеструха, ақырғы қаз еті осы! – деді ол итке
қарап. – Біздің сақтық етіміз ғой қарық болды, ешкім оны
алған жоқ, қандай өкініш!
Сол сақтық ет оның ойына Ракуды, оның қамкорлығы
мен шаруақорлығын түсіріп, көңіліне мұң ұялатты. Ол
Казачьедегі кәрі, ұрысқақ қатынын да еске алды, соның
қазымырлығынан бұл көршілеріне қонып не саудагерлерге
каюр болып жалданып, алыс сапарға жиі кетіп қалушы еді.
Ракуды алып кетуге әлі де әрекет жасауға болар деп ойлады
ол. Шамасы, онкилондар алғашқы кездескен құрғақ алаңқайға
тоқтап, түнгі сергелдең мен босқыннан кейін тынығып ұйықтап
жатқан шығар. Соларға жақын жүзіп барып, бұтаның арасына
кіріп тақау жерден Ракудың көрінгенін күтіп, іле шақырып
алып, қайыққа салып ала тартпақшы. Суда онкилондар қуып
жете алмайды. Серіктері бүгін кешке дейін күтуге тиіс, тіпті
кетіп қалғанның өзінде алғашқы күні онша ұзай алмайды,
қуып жетуге болады. Горохов түні бойы тек келесі алаңқайға
дейін ғана, яғни ең әрі кеткенде үш-төрт шақырым жүздім
деп ойлады, демек, қайтып оралуға онша алыс емес.
Ертеңгі ас үстінде осы байламға тоқтаған якут қайығын
шешіп алып терістікке қарай тартты. Күн шыққалы қашан,
бұлт арасынан сығалап қойып, жылу да себездеп кетеді.
Күндіз топан су түндегідей үрейлі әсер тастамайды. Су
жалтырап, беті сәл діріл қағып, айнасына орман баурайы
түсіп тұр. Гороховты таңдандырғаны тек суда, әсіресе, орман
мен канал тұсында қоқыстың көптігі, жан-жақтан су келіп
құйылып жатқан алаңқай аумағы ғана таза. Тұрақ тұрған бір
алаңқайға шығып, азық-түлігін үстеу үшін жертөлеге жүзіп
келіп, шатырына шығып, шаңырағына қолын тығып жіберді
де, кептіріп қойған бірнеше құсты суырып алды, қуанғаннан
бір үйректі тұтасымен Пеструхаға тастай салды. Риза болған
ит рахаттана ырылдап, жата қап оны кеміре бастады.
Содан соң ол түнде онкилондар кеткен бағытты ұстап
жүзе жөнелді. Ормандағы каналда киіздей боп ұйысқан
жапырақ, бұтақ тәрізді су бетіне шығарып тастаған не түрлі
қоқыстың арасымен жүзуге тура келді. Жол-жөнекей өлі
құс, кішігірім төртаяқтылар кездесті, бір ағаштан жасырынған
сусарды көріп қалып, аңшылық құмарлығы қозып кетті де,
оны ескекпен ұрып алды.
– Жазғы тері болса да құлақшынға жарап жатыр, бәрібір
аштан өледі, – деп міңгірледі ол олжаны алып жатып.
Терістікке таман жақындай түсіп ол көлдердің онша
көпіршімейтінін, судың да онша терең емес екенін байқады,
ескек түбіне жетіп тұр.
– Қап, Матвей Ивановичтің жоғын қарашы, ол болса ғой,
осынша су жердің қай тұсынан шығып жатқанын түсінер еді.
Діни жазбаларда айтылғандай, жер тұңғиықтың тігісі сөгіліп,
дүниені топан басты. Құдай-ай, тәубе, әйтеуір аспан тұңғиығы
аман тұр, жоғарыдан ол сөгілсе – одан сұмдық не бар.
Түс ауған соң алаңқай мен каналдардағы су мүлдем таяздап
қалды, кішігірім бұталардың басы қылтиып, көл жағаларының
қамысы көрінді, қайықты сөгіп алмас үшін ақырын жүзуге
тура келді. Сосын қайықтың түбі тиіп, ақыры тоқтап қалды.
Горохов түсіп, қайықты жаяу сүйреді. Ұзамай су сәл ғана
жасырып тұрған шөппен қайықты сүйреу оңай болсын деп,
Пеструханы да түсіріп, қоржынды өз арқасына асып алды.
Ақыры ол дымқыл шабындық сияқты бір алаңқайға шықты,
су кейбір шұңқырда ғана жалтырайды. Алаңқай табын-табын
өгіз, үйір-үйір жылқы, желі-желі бұғыдан сыңсып тұр,
аулағырақ бірнеше ұя мүйізтұмсықтар жайылып жүр, кейбіреуі
шалғында жусап жатыр, бұта арасында дымқыл топырақты
қопарып қабандар қорсылдайды.
«Мыналардың қаншама жиналғанын қарашы, ғажайып! –
деп таңданды Горохов. – Бейшаралар түні бойы суда
шылпылдап, тыным көрмей әбден болдырған ғой. Міне,
олардың аңшылары да келе жатыр!»
Орман жиегін жағалай бұта сыртында төрт тағандай
еңбектеп вампулар жылқы үйіріне жақындап келе жатқанын
ол байқап қалды. Жылқы жануарлар көптігіне сене ме,
әдеттегіден бейқам тәрізді, вампулар оларға жақындап та
қалды. Горохов олардан жиырма адам санады. Бағанадан
үріп қолұшын бермесін деп Пеструханың бетін басып, бақылап
тұрған ең жақын вампуы бұтадан қырық қадамдай.
«Бәлем, бұларды бір қорқытайын! Нажағай мен жасын
әлі де бар екенін біліп қойсын!» деп вампудың басынан жоғары
алып басып қалды. Түтін тарағанда бірде-бір вампу көзге
түскен жоқ, тек бұта бастарының қимылы ғана олардың
орманға тығылғанын әйгілеп тұр, о жақта шыққан дауыс
бірте-бірте ұзай берді. Мылтық үні алаңқайда да алакүлік
сапырылыс туғызды – жатқан жануарлар атып-атып тұрып,
бір табын бері, бір табын әрі шапқылады.
«Вампулар мұнда болғанда онкилондар онша жақын
жүрмеуі керек, – деп түйді Горохов. – Ал бұларды
шошытқаным жақсы болды, әйтпесе оларға өзім тап болуым
кәдік еді!»
Ол қайығын әрі қарай сүйреді, алайда ұзамай жер құп-
құрғақ болып кетті, сүрлеуден тастар кездесті – бүйте берсе,
түбін тесіп алуы хақ. Келесі алаңқайдың шетінде көзге ерек
түсетін, жоғары жағы екі айырық бір бәйтерек бар екен,
қайықты ол сонда қалдыруға шешті. Қайығын екі тармақтың
арасына қойып, оған қоржынын салып, Пеструханы үстіне
отырғызып, қарғысынан байлап қойды, әрі қарай өзі салт
бас кетті. Алда екі шақырымдай жерден ол адамдар даусын
естіп, түтін иісін сезді. Бауырға дейін ептеп басып барып
Горохов бақылауға кірісті. Алаңқайдың әр жерінде от алаулап,
оның басында жатқан, түрегеп тұрған онкилондар көрінеді,
отта қуырылған еттің иісі якуттын танауын қытықтап барады.
Шамасы, бұл араға бүкіл ру, немесе, топан басқан жерден
босқан тайпаның басым бөлегі жиналған. Әдеттегідей әр ру
бөлек оттың басында отыр. Бақылап тұрған жерінен қиғашырақ
бір оттың басына жұрт тіпті көп топырлапты, соған қарап
Горохов Амнундак тұқымы осы болар деп түйді, Ол жиек
жағалай жасырынып келіп отыз қадамдай жерден
рубасыларының ортасында отырған Амнундакты таныды.
Олар ойпаттың осы тұрған қу тақыр терістік жағына жағалай
қонып, қыс жақын болғандықтан жаппай жертөле салмақ
керек пе, әлде судың тартылғанын тосып бұрынғы жайларына
көшпек керек пе деген мәселені талқылап отыр екен.
«Міне, ақымақтар, – деп ойлады Горохов. – Бұлар әлі су
бір жаққа сарқады деп дәмеленіп отыр. Ойпаттың түстігі түгел
шүпілдеп аузы-мұрнынан шыққан су екенін білмейді екен ғой».
Су кездеспеген жаңағы жердегі сияқты бұл арада да бір
шөкім қар жоғына якут тағы да назар аударды. Тегінде қар
еріп кетсе керек, себебі мұнда тіптен жылы – топан су
ойпатқа жазды қайта алып келген сияқты.
Оттың екінші жағында әйелдер мен балалар отыр. Горохов
Аннуэнді және басқа келіншектерді таныды, бірақ Раку
көрінбеді.
«Жесір ретінде ол өз руына қайтып келген жоқ па екен?
– деп ойлап, от бастарында отырған басқа әйелдерге көз
тастай бастады ол, көсем тұрағына тақау Раку шыққан рудың
адамдары әне отыр, алайда арасында ол тағы жоқ. Қайда
ғана ұшып кетті екен ол? Бір жаққа кетті ме, әлде ұйықтап
жатыр ма? Күте тұрайын. Ұзамай олар ауқатқа отырады,
сонда бір жиналуы керек».
Аздан соң ет әзір деп әйелдер айғай салды да, барлығы
ру-руына тарап, от басына жайғасты, қыз-келіншектер істікке
шанышқан ет пен шелпекті үлестіріп тұрды. Ал Раку не
Амнундактың, не өзінің тұқымына келген жоқ. Бұл Гороховты
алаңдатайын деді, көсемнің тілін алмағаны үшін онкилондар
Ракуды өлтіріп тастады ма екен осы деп ойлады ол. Әйтпесе
оның ұшты-күйлі жоқ болуын қалай түсінуге болады, әлде
ол жер сілкінген кезде құлаған жертөленің астында қалып,
қазаға ұшырады ма?
– Жолы болмаған деген осы! – деп міңгірледі ол. –
Әрлі-берлі босқа сенделіп жүрген екенмін. Ұзамай кетуім
керек, күн батысқа еңкейіп те қалыпты.
Сол сәт, әлгінде орманнан өзі жасырынған жерге жақын
маңнан шыға келген қарулы он жауынгер, оның назарын
аударды. Жауынгерлер Амнундакқа келіп, оның аяғының
астына вампулардың бірнеше шоқпары мен найзасын тастады.
– Ұлы көсем, сен бізді әлгі бір әзірде нажағай шатырлаған
маңды тінтіп қайт деп жіберген едің, – деді жасақ басы. –
Сен ақ сиқыршылар оралған деп ойлап едің. Бірақ біз ол
арадан қисапсыз көп ірі хайуанаттар көрдік те, мыналарды
таптық, – деп ол шоқпарларды нұсқады. – Ақ
сиқыршылардың не өзін, не ізін ұшырастырмадық.
– Қалай дегенмен де олар бізге жақын жерде қаңғырып
жүр, – деді Амнундак. – Вампуларда нажағай жоқ. Ал
нажағай шатырлағанын жұрттың бәрі жақсы естіді.
«Бұларда ит жоғы абырой болды! – деп ойлады Горохов.
– Әйтпесе тіміскілеп мені бағана тауып алады ғой!»
Алайда оны көсемнің келесі сөзі қатты қобалжытты.
– Рубасыларыңа айтыңдар, барлық жауынгерлерді осы қазір
айналамыздағы ормандарды сүзіп шығуға жіберсін. Ақ
сиқыршылар жақында жүр және жаңа апатты жіберген де солар.
Жауынгерлер бұйрықты таратып от жағалап кетті. Ұзап
алыс кете алмайтынын сезген Горохов ағаш басына шығып
алып, тұзақты тақау маңнан күтуге бел байлады. Ол табан
аузында орманға сүңгіп, бір ыңғайлы ағашты таңдап басына
шықты, бір жақсысы, бұта арасынан бүкіл алаңқай көрінеді
екен. Тармаққа отырып алып ол от басынан жан-жаққа
жауынгерлердің қару асынып тұра-тұра жүгіргенін, бауырға
келіп қатарласа шашырай тұра қап, орманға кіргенін көрді.
Бұл отырған ағаштың оңынан да, солынан да жауынгерлер
өтіп жатыр, бірақ бәрі жерді тіміскіп, бұтаның түбін, шоқтың
арасын қарап, найзаларымен де түрткілеп жүр. Ол болса
қоңыр киіммен биікке шығып, ағашқа жабысқан да қалған,
жапырағы жоқ болса да қалың бұтақтар, ағаш басында барын
біліп әдейі іздеген болмаса, көлегейлеп көрсете қоймайды.
Торға түсіреміз деп төңіректі тінткілеу екі сағатқа созылып,
шаршап-шалдыққан жауынгерлер қолына түк те іліктіре алмай
қайтып кеп, өз отының басына тыныққалы жайғасқанда күн
таудан асып та кеткен еді. Горохов ағаштан түсіп, білдіртпей
кеп тағы да көсем тұқымының тұсындағы бауырға жасырына
қойды. Бақсының қасында отырған көсемге іздеудің
нәтижесіз болғанын баяндады біреу. Ол оған риза болмай,
шамданып қалды да, сөзді бақсы алды.
– Барлық рубасыларын бәтуаға жина деп әмір бер! –
Амнундак әмір берді де, жаршылар от басын аралай жөнелді.
«Кәрі қырт сиқыршы тағы да қандай зұлымдық ойлап
тапты? – деді іштей Горохов. – Ал Раку әлі күнге жоқ.
Әйелдердің барлығы орын босатып, от басынан көтеріле
тұрып кетіп барады, Ракуден басқасы төрт көзі түгел осында.
Бақытсыз сорлыны жазым етпесе жарайды ғой!».
Күллі рудың өкілдері келіп от басына отырғасын, бақсы
орнынан тұрып, басын қақшитып, қолын алға жайып
жиналғандарға мынадай сөз арнады:
– Біздің тайпаға адам айтқысыз алапат бақытсыздық тап
келді. Біз бұрын бейқам тыныш тұрып жатқан жерімізге ақ
сиқыршылар келгелі жер қаншама сілкініп, қаншама жертөле
құлады. Олар келді де, қары кетпейтін, күні жылытпайтын
өздеріндегіден мұнда өмір сүрудің жақсы екенін көрді. Мұнда
қалың орман, әр алуан шөп, жақсы жайылым барын, жабайы
жануарлардың жыртылып-айырылатынын, біздің бұғымыз
көп екенін көрді. Көрді де тайпамызды түгел қырып, жеріміз
бен малымызды иемденіп алуды көкседі. Сол үшін олар
қасиетті көлді суалтып еді, қанды құрмалдық беріп, суын
қайтарып алдық. Олар әдейі суық болсын деп, қысты
табандатқан бір ай бұрын түсіріп, қарды ерітпей қойды.
Ондағысы біз үсіп-жаурап өлсін дегені. Үсіп-тоңғанымыз
жоқ, үйімізге от жағып, өзімізді-өзіміз жылытып, ол ойларын
да орындатпадық. Сосын олар топан су жіберіп, бізді
тұрағымыздан қуып шығуға кірісті, жер қайта сілкініп, жер
астынан сел қаптап, баспанамыз бен даламызды алып кетті.
Одан да аман құтылдық: аспан иесі – рухтар суы жоқ осы
жаққа бағыттап жіберді бізді. Алайда үйлеріміз құлап,
малдарымыз бытырап кетті. Бұл қорлыққа қашанға дейін
төзуге болады? Қыс жақын, біз құримыз, ак сиқыршылар
жерімізді басып қалады. Олар осыны күтіп отыр. Осыны
күтіп олар анау мәңгі қардың етегінде отыр да, әлгі қалған
біреуі, біз қайда барсақ сонда барып, ізімізді аңдып жүр.
Ол осы маңда, бірақ оны таба алмай қойдық.
Бақсы тоқтап тыныс алды, жұрттың бәрінін назары соған
ауып, бірдеңені тықыршып күтетін тәрізді.
– Ақ сиқыршылардың жоқтауын бір-ақ асыратын шақ
болды. Біз оларды құрметті қонақ ретінде қабылдап, басына
жақсы үй, қойнына жас келіншек салып, дәмімізді алдына
тосып жүр едік. Олардың сыйымызға сыйлағаны көз көріп,
құлақ естімеген алапат апат болды... Осының бәрі ақиқат
емес пе, онкилондар?
– Шын, шындық осының бәрі! – деген рубасыларының
даусы шықты.
– Біз берген қыздарымыздың бірін, олармен анау қарға
қашып кеткен қарбаша сияқты тайпаға опасыздық етпек
болғаны, ақылға бағынбағаны үшін аяусыз жазаладық та.
Сиқыршылардың жерден қасақана шығарған суына
батырғанымызда ол көмекке шақырып қанша шырылдаса
да, сиқыршы ақ күйеуі қорғаған да, қолұшын берген де жок.
Енді біз барлық ақ сиқыршыны ұстап, жеріміздің мейірбан
рухына құрбандықка шалуымыз қажет. Ертең тандаулы жүз
жауынгер мәңгі қарға жорыққа аттанады. Олар сал жасап,
басы көсеміміздің өзі болып судан жүзіп өтеді, бәрінің де
найзалары мен жебелері, ал көсемде ақ сиқыршыдан алынған
нажағай мен жасын бар. Енді бізде де тең қару бар және біз
көппіз, ал олар тек төртеу ғана. Жүз жауынгердің қалайша
оларға шамасы, жетпейді? Тең жартысы осылардың майдан
алаңында қалсыншы-ақ, тек жеріміз сақталып, бұрынғыдай
өмір сүретін болсақ жетіп жатыр бізге! Ақ сиқыршылар
құрбандыққа шалынбай тұрып, су жер астына қайта
сарықпайды, үйіміз опырылып, малымыз бытыраған
қалпында қалады. Айтарымды айтып болдым!
– Әп, бәлем, кәрі қырт, қаскөй төбет! – деп бұрқылдады
бақсының сөзін есіткен Горохов. – Сен менің Ракуымды
суға кетірдің, енді өзімді ұстап алып, бұғы сияқты бауыздағың
келеді екен ғой. Әуелі ата-бабаларыңның жанына өзің
аттанарсың!
Ол мылтығын кезеп, оттың арғы жағында басын қақшитып,
қолын көтеріп, сәуегейсіген күйде жалынмен жүзі алаулап,
өзіне тұп-тура қарсы тұрған бақсыны көздеді. Нажағай гүрс
еткенде бақсы отқа бетімен етпетінен түсті. Үрейден құты
қашқан Амнундак пен рубасылар тас боп тұрды да қалды,
бақсының елтірі бөркі отқа түсіп, лап ете қалды да, үрпие
қарап тұрған әйелдер дауыс салып қоя берді. Кенет, бейнебіреу
белгі бергендей от басында отырғандар қолдарын аспанға
жайып, бәзбір көмек жайында зарлана бірдеңе айтты да
бетін басты, осы аянышты көрініс үш мәрте қайталанды.
Сосын Амнундак орнынан тұрып, салтанатты бір мақаммен
былай деді:
– Ақ сиқыршылардың жасын оғы бақсымызды жайратып
салды, себебі бізді бұл оларға қастандық жасауға шақырған
еді. Ақ адамдардың құдіреті күшті, оларға қарсыласып күресу
біздің қолымыздан келмейді. Бабаларымызды осынау жерге
бастап келген ұлы бақсы тап осылай деп көрегендікпен айтқан.
Қане, өлікті оттан алыңдар!
Горохов каналдан алысырақ жаққа қарай бұрылып, алаңқаймен айдынның толқыны жетпейтін, жетсе де әлсіреп жететіншоққа келіп, қайығын бір ағашқа байлап, көрпеге ораныптүбіне көсіліп жата қалып, толқынмен сәл тербеліп ұйықтапта кетті.Ол Пеструханың ұлыған даусынан кеш оянды. Көзін ашыпол түнде су көп көтеріліп, қайықты ағаштың бұтақтарынаапарып қысып тастағанын көрді. Иттің қысылғаны сонша,ол сорлы тіпті қозғала алмай қалыпты Оны босату үшінбірқатар бұтақты пышақпен кесіп түсіруге тура келді. Гороховсудың тереңдігін өлшеп көрейін деп еді, түбіне жете алмады,ескегі мен қолын қосқанда екі метрден кем емес-ті.«Топан су деген осы! – деп ойлады якут. – Жолда ендіеш жануарды кездестірмейсің: қашып құтыла алмағандарықарық болды».Тұтқыннан босанған Пеструха иіскелеп, құйрығынбұлғаңдатып, иесіне тілене қарады.– Ашықтың ба, бейшара! – деп оны бірден ұқты иесі. – Ас ішетін уақыт та болды, тек бізде тамақтың өзі аз,шай қайнатуға болмайды. Аң-құс жоқ!Ол қоржыннан шелпек пен кептіріп жертөле шатырыныңастына жайып қойған қыруар қаз етінен бағанағы алас-күлестеала салған бірер мүшесін алып, сүйек-саяғын итке тастап,тәуірін өзі жей бастады.– Эх, Пеструха, ақырғы қаз еті осы! – деді ол иткеқарап. – Біздің сақтық етіміз ғой қарық болды, ешкім оныалған жоқ, қандай өкініш!Сол сақтық ет оның ойына Ракуды, оның қамкорлығымен шаруақорлығын түсіріп, көңіліне мұң ұялатты. ОлКазачьедегі кәрі, ұрысқақ қатынын да еске алды, соныңқазымырлығынан бұл көршілеріне қонып не саудагерлергекаюр болып жалданып, алыс сапарға жиі кетіп қалушы еді.Ракуды алып кетуге әлі де әрекет жасауға болар деп ойладыол. Шамасы, онкилондар алғашқы кездескен құрғақ алаңқайғатоқтап, түнгі сергелдең мен босқыннан кейін тынығып ұйықтапжатқан шығар. Соларға жақын жүзіп барып, бұтаның арасынакіріп тақау жерден Ракудың көрінгенін күтіп, іле шақырыпалып, қайыққа салып ала тартпақшы. Суда онкилондар қуыпжете алмайды. Серіктері бүгін кешке дейін күтуге тиіс, тіптікетіп қалғанның өзінде алғашқы күні онша ұзай алмайды,қуып жетуге болады. Горохов түні бойы тек келесі алаңқайғадейін ғана, яғни ең әрі кеткенде үш-төрт шақырым жүздімдеп ойлады, демек, қайтып оралуға онша алыс емес.Ертеңгі ас үстінде осы байламға тоқтаған якут қайығыншешіп алып терістікке қарай тартты. Күн шыққалы қашан,бұлт арасынан сығалап қойып, жылу да себездеп кетеді.Күндіз топан су түндегідей үрейлі әсер тастамайды. Сужалтырап, беті сәл діріл қағып, айнасына орман баурайытүсіп тұр. Гороховты таңдандырғаны тек суда, әсіресе, орманмен канал тұсында қоқыстың көптігі, жан-жақтан су келіпқұйылып жатқан алаңқай аумағы ғана таза. Тұрақ тұрған біралаңқайға шығып, азық-түлігін үстеу үшін жертөлеге жүзіпкеліп, шатырына шығып, шаңырағына қолын тығып жіберді де, кептіріп қойған бірнеше құсты суырып алды, қуанғаннанбір үйректі тұтасымен Пеструхаға тастай салды. Риза болғанит рахаттана ырылдап, жата қап оны кеміре бастады.Содан соң ол түнде онкилондар кеткен бағытты ұстапжүзе жөнелді. Ормандағы каналда киіздей боп ұйысқанжапырақ, бұтақ тәрізді су бетіне шығарып тастаған не түрліқоқыстың арасымен жүзуге тура келді. Жол-жөнекей өліқұс, кішігірім төртаяқтылар кездесті, бір ағаштан жасырынғансусарды көріп қалып, аңшылық құмарлығы қозып кетті де,оны ескекпен ұрып алды.– Жазғы тері болса да құлақшынға жарап жатыр, бәрібіраштан өледі, – деп міңгірледі ол олжаны алып жатып.Терістікке таман жақындай түсіп ол көлдердің оншакөпіршімейтінін, судың да онша терең емес екенін байқады,ескек түбіне жетіп тұр.– Қап, Матвей Ивановичтің жоғын қарашы, ол болса ғой,осынша су жердің қай тұсынан шығып жатқанын түсінер еді.Діни жазбаларда айтылғандай, жер тұңғиықтың тігісі сөгіліп,дүниені топан басты. Құдай-ай, тәубе, әйтеуір аспан тұңғиығыаман тұр, жоғарыдан ол сөгілсе – одан сұмдық не бар.Түс ауған соң алаңқай мен каналдардағы су мүлдем таяздапқалды, кішігірім бұталардың басы қылтиып, көл жағаларыныңқамысы көрінді, қайықты сөгіп алмас үшін ақырын жүзугетура келді. Сосын қайықтың түбі тиіп, ақыры тоқтап қалды.Горохов түсіп, қайықты жаяу сүйреді. Ұзамай су сәл ғанажасырып тұрған шөппен қайықты сүйреу оңай болсын деп,Пеструханы да түсіріп, қоржынды өз арқасына асып алды.Ақыры ол дымқыл шабындық сияқты бір алаңқайға шықты,су кейбір шұңқырда ғана жалтырайды. Алаңқай табын-табынөгіз, үйір-үйір жылқы, желі-желі бұғыдан сыңсып тұр,аулағырақ бірнеше ұя мүйізтұмсықтар жайылып жүр, кейбіреуішалғында жусап жатыр, бұта арасында дымқыл топырақтықопарып қабандар қорсылдайды.296«Мыналардың қаншама жиналғанын қарашы, ғажайып! –деп таңданды Горохов. – Бейшаралар түні бойы судашылпылдап, тыным көрмей әбден болдырған ғой. Міне,олардың аңшылары да келе жатыр!»Орман жиегін жағалай бұта сыртында төрт тағандайеңбектеп вампулар жылқы үйіріне жақындап келе жатқанынол байқап қалды. Жылқы жануарлар көптігіне сене ме,әдеттегіден бейқам тәрізді, вампулар оларға жақындап тақалды. Горохов олардан жиырма адам санады. Бағанаданүріп қолұшын бермесін деп Пеструханың бетін басып, бақылаптұрған ең жақын вампуы бұтадан қырық қадамдай.«Бәлем, бұларды бір қорқытайын! Нажағай мен жасынәлі де бар екенін біліп қойсын!» деп вампудың басынан жоғарыалып басып қалды. Түтін тарағанда бірде-бір вампу көзгетүскен жоқ, тек бұта бастарының қимылы ғана олардыңорманға тығылғанын әйгілеп тұр, о жақта шыққан дауысбірте-бірте ұзай берді. Мылтық үні алаңқайда да алакүліксапырылыс туғызды – жатқан жануарлар атып-атып тұрып,бір табын бері, бір табын әрі шапқылады.«Вампулар мұнда болғанда онкилондар онша жақынжүрмеуі керек, – деп түйді Горохов. – Ал бұлардышошытқаным жақсы болды, әйтпесе оларға өзім тап болуымкәдік еді!»Ол қайығын әрі қарай сүйреді, алайда ұзамай жер құп-құрғақ болып кетті, сүрлеуден тастар кездесті – бүйте берсе,түбін тесіп алуы хақ. Келесі алаңқайдың шетінде көзге еректүсетін, жоғары жағы екі айырық бір бәйтерек бар екен,қайықты ол сонда қалдыруға шешті. Қайығын екі тармақтыңарасына қойып, оған қоржынын салып, Пеструханы үстінеотырғызып, қарғысынан байлап қойды, әрі қарай өзі салтбас кетті. Алда екі шақырымдай жерден ол адамдар даусынестіп, түтін иісін сезді. Бауырға дейін ептеп басып барыпГорохов бақылауға кірісті. Алаңқайдың әр жерінде от алаулап,оның басында жатқан, түрегеп тұрған онкилондар көрінеді,отта қуырылған еттің иісі якуттын танауын қытықтап барады. Шамасы, бұл араға бүкіл ру, немесе, топан басқан жерденбосқан тайпаның басым бөлегі жиналған. Әдеттегідей әр рубөлек оттың басында отыр. Бақылап тұрған жерінен қиғашырақбір оттың басына жұрт тіпті көп топырлапты, соған қарапГорохов Амнундак тұқымы осы болар деп түйді, Ол жиекжағалай жасырынып келіп отыз қадамдай жерденрубасыларының ортасында отырған Амнундакты таныды.Олар ойпаттың осы тұрған қу тақыр терістік жағына жағалайқонып, қыс жақын болғандықтан жаппай жертөле салмақкерек пе, әлде судың тартылғанын тосып бұрынғы жайларынакөшпек керек пе деген мәселені талқылап отыр екен.«Міне, ақымақтар, – деп ойлады Горохов. – Бұлар әлі субір жаққа сарқады деп дәмеленіп отыр. Ойпаттың түстігі түгелшүпілдеп аузы-мұрнынан шыққан су екенін білмейді екен ғой».Су кездеспеген жаңағы жердегі сияқты бұл арада да біршөкім қар жоғына якут тағы да назар аударды. Тегінде қареріп кетсе керек, себебі мұнда тіптен жылы – топан суойпатқа жазды қайта алып келген сияқты.Оттың екінші жағында әйелдер мен балалар отыр. ГороховАннуэнді және басқа келіншектерді таныды, бірақ Ракукөрінбеді.«Жесір ретінде ол өз руына қайтып келген жоқ па екен?– деп ойлап, от бастарында отырған басқа әйелдерге көзтастай бастады ол, көсем тұрағына тақау Раку шыққан рудыңадамдары әне отыр, алайда арасында ол тағы жоқ. Қайдағана ұшып кетті екен ол? Бір жаққа кетті ме, әлде ұйықтапжатыр ма? Күте тұрайын. Ұзамай олар ауқатқа отырады,сонда бір жиналуы керек».Аздан соң ет әзір деп әйелдер айғай салды да, барлығыру-руына тарап, от басына жайғасты, қыз-келіншектер істіккешанышқан ет пен шелпекті үлестіріп тұрды. Ал Раку неАмнундактың, не өзінің тұқымына келген жоқ. Бұл Гороховтыалаңдатайын деді, көсемнің тілін алмағаны үшін онкилондарРакуды өлтіріп тастады ма екен осы деп ойлады ол. Әйтпесеоның ұшты-күйлі жоқ болуын қалай түсінуге болады, әлде298ол жер сілкінген кезде құлаған жертөленің астында қалып,қазаға ұшырады ма?– Жолы болмаған деген осы! – деп міңгірледі ол. –Әрлі-берлі босқа сенделіп жүрген екенмін. Ұзамай кетуімкерек, күн батысқа еңкейіп те қалыпты.Сол сәт, әлгінде орманнан өзі жасырынған жерге жақынмаңнан шыға келген қарулы он жауынгер, оның назарынаударды. Жауынгерлер Амнундакқа келіп, оның аяғыныңастына вампулардың бірнеше шоқпары мен найзасын тастады.– Ұлы көсем, сен бізді әлгі бір әзірде нажағай шатырлағанмаңды тінтіп қайт деп жіберген едің, – деді жасақ басы. –Сен ақ сиқыршылар оралған деп ойлап едің. Бірақ біз оларадан қисапсыз көп ірі хайуанаттар көрдік те, мыналардытаптық, – деп ол шоқпарларды нұсқады. – Ақсиқыршылардың не өзін, не ізін ұшырастырмадық.– Қалай дегенмен де олар бізге жақын жерде қаңғырыпжүр, – деді Амнундак. – Вампуларда нажағай жоқ. Алнажағай шатырлағанын жұрттың бәрі жақсы естіді.«Бұларда ит жоғы абырой болды! – деп ойлады Горохов.– Әйтпесе тіміскілеп мені бағана тауып алады ғой!»Алайда оны көсемнің келесі сөзі қатты қобалжытты.– Рубасыларыңа айтыңдар, барлық жауынгерлерді осы қазірайналамыздағы ормандарды сүзіп шығуға жіберсін. Ақсиқыршылар жақында жүр және жаңа апатты жіберген де солар.Жауынгерлер бұйрықты таратып от жағалап кетті. Ұзапалыс кете алмайтынын сезген Горохов ағаш басына шығыпалып, тұзақты тақау маңнан күтуге бел байлады. Ол табанаузында орманға сүңгіп, бір ыңғайлы ағашты таңдап басынашықты, бір жақсысы, бұта арасынан бүкіл алаңқай көрінедіекен. Тармаққа отырып алып ол от басынан жан-жаққажауынгерлердің қару асынып тұра-тұра жүгіргенін, бауырғакеліп қатарласа шашырай тұра қап, орманға кіргенін көрді.Бұл отырған ағаштың оңынан да, солынан да жауынгерлерөтіп жатыр, бірақ бәрі жерді тіміскіп, бұтаның түбін, шоқтыңарасын қарап, найзаларымен де түрткілеп жүр. Ол болса қоңыр киіммен биікке шығып, ағашқа жабысқан да қалған,жапырағы жоқ болса да қалың бұтақтар, ағаш басында барынбіліп әдейі іздеген болмаса, көлегейлеп көрсете қоймайды.Торға түсіреміз деп төңіректі тінткілеу екі сағатқа созылып,шаршап-шалдыққан жауынгерлер қолына түк те іліктіре алмайқайтып кеп, өз отының басына тыныққалы жайғасқанда күнтаудан асып та кеткен еді. Горохов ағаштан түсіп, білдіртпейкеп тағы да көсем тұқымының тұсындағы бауырға жасырынақойды. Бақсының қасында отырған көсемге іздеудіңнәтижесіз болғанын баяндады біреу. Ол оған риза болмай,шамданып қалды да, сөзді бақсы алды.– Барлық рубасыларын бәтуаға жина деп әмір бер! –Амнундак әмір берді де, жаршылар от басын аралай жөнелді.«Кәрі қырт сиқыршы тағы да қандай зұлымдық ойлаптапты? – деді іштей Горохов. – Ал Раку әлі күнге жоқ.Әйелдердің барлығы орын босатып, от басынан көтерілетұрып кетіп барады, Ракуден басқасы төрт көзі түгел осында.Бақытсыз сорлыны жазым етпесе жарайды ғой!».Күллі рудың өкілдері келіп от басына отырғасын, бақсыорнынан тұрып, басын қақшитып, қолын алға жайыпжиналғандарға мынадай сөз арнады:– Біздің тайпаға адам айтқысыз алапат бақытсыздық тапкелді. Біз бұрын бейқам тыныш тұрып жатқан жерімізге ақсиқыршылар келгелі жер қаншама сілкініп, қаншама жертөлеқұлады. Олар келді де, қары кетпейтін, күні жылытпайтынөздеріндегіден мұнда өмір сүрудің жақсы екенін көрді. Мұндақалың орман, әр алуан шөп, жақсы жайылым барын, жабайыжануарлардың жыртылып-айырылатынын, біздің бұғымызкөп екенін көрді. Көрді де тайпамызды түгел қырып, жерімізбен малымызды иемденіп алуды көкседі. Сол үшін оларқасиетті көлді суалтып еді, қанды құрмалдық беріп, суынқайтарып алдық. Олар әдейі суық болсын деп, қыстытабандатқан бір ай бұрын түсіріп, қарды ерітпей қойды.Ондағысы біз үсіп-жаурап өлсін дегені. Үсіп-тоңғанымыз жоқ, үйімізге от жағып, өзімізді-өзіміз жылытып, ол ойларында орындатпадық. Сосын олар топан су жіберіп, біздітұрағымыздан қуып шығуға кірісті, жер қайта сілкініп, жерастынан сел қаптап, баспанамыз бен даламызды алып кетті.Одан да аман құтылдық: аспан иесі – рухтар суы жоқ осыжаққа бағыттап жіберді бізді. Алайда үйлеріміз құлап,малдарымыз бытырап кетті. Бұл қорлыққа қашанға дейінтөзуге болады? Қыс жақын, біз құримыз, ак сиқыршыларжерімізді басып қалады. Олар осыны күтіп отыр. Осыныкүтіп олар анау мәңгі қардың етегінде отыр да, әлгі қалғанбіреуі, біз қайда барсақ сонда барып, ізімізді аңдып жүр.Ол осы маңда, бірақ оны таба алмай қойдық.Бақсы тоқтап тыныс алды, жұрттың бәрінін назары соғанауып, бірдеңені тықыршып күтетін тәрізді.– Ақ сиқыршылардың жоқтауын бір-ақ асыратын шақболды. Біз оларды құрметті қонақ ретінде қабылдап, басынажақсы үй, қойнына жас келіншек салып, дәмімізді алдынатосып жүр едік. Олардың сыйымызға сыйлағаны көз көріп,құлақ естімеген алапат апат болды... Осының бәрі ақиқатемес пе, онкилондар?– Шын, шындық осының бәрі! – деген рубасыларыныңдаусы шықты.– Біз берген қыздарымыздың бірін, олармен анау қарғақашып кеткен қарбаша сияқты тайпаға опасыздық етпекболғаны, ақылға бағынбағаны үшін аяусыз жазаладық та.Сиқыршылардың жерден қасақана шығарған суынабатырғанымызда ол көмекке шақырып қанша шырылдасада, сиқыршы ақ күйеуі қорғаған да, қолұшын берген де жок.Енді біз барлық ақ сиқыршыны ұстап, жеріміздің мейірбанрухына құрбандықка шалуымыз қажет. Ертең тандаулы жүзжауынгер мәңгі қарға жорыққа аттанады. Олар сал жасап,басы көсеміміздің өзі болып судан жүзіп өтеді, бәрінің денайзалары мен жебелері, ал көсемде ақ сиқыршыдан алынғаннажағай мен жасын бар. Енді бізде де тең қару бар және бізкөппіз, ал олар тек төртеу ғана. Жүз жауынгердің қалайша оларға шамасы, жетпейді? Тең жартысы осылардың майданалаңында қалсыншы-ақ, тек жеріміз сақталып, бұрынғыдайөмір сүретін болсақ жетіп жатыр бізге! Ақ сиқыршыларқұрбандыққа шалынбай тұрып, су жер астына қайтасарықпайды, үйіміз опырылып, малымыз бытырағанқалпында қалады. Айтарымды айтып болдым!– Әп, бәлем, кәрі қырт, қаскөй төбет! – деп бұрқылдадыбақсының сөзін есіткен Горохов. – Сен менің Ракуымдысуға кетірдің, енді өзімді ұстап алып, бұғы сияқты бауыздағыңкеледі екен ғой. Әуелі ата-бабаларыңның жанына өзіңаттанарсың!Ол мылтығын кезеп, оттың арғы жағында басын қақшитып,қолын көтеріп, сәуегейсіген күйде жалынмен жүзі алаулап,өзіне тұп-тура қарсы тұрған бақсыны көздеді. Нажағай гүрсеткенде бақсы отқа бетімен етпетінен түсті. Үрейден құтықашқан Амнундак пен рубасылар тас боп тұрды да қалды,бақсының елтірі бөркі отқа түсіп, лап ете қалды да, үрпиеқарап тұрған әйелдер дауыс салып қоя берді. Кенет, бейнебіреубелгі бергендей от басында отырғандар қолдарын аспанғажайып, бәзбір көмек жайында зарлана бірдеңе айтты дабетін басты, осы аянышты көрініс үш мәрте қайталанды.Сосын Амнундак орнынан тұрып, салтанатты бір мақамменбылай деді:– Ақ сиқыршылардың жасын оғы бақсымызды жайратыпсалды, себебі бізді бұл оларға қастандық жасауға шақырғанеді. Ақ адамдардың құдіреті күшті, оларға қарсыласып күресубіздің қолымыздан келмейді. Бабаларымызды осынау жергебастап келген ұлы бақсы тап осылай деп көрегендікпен айтқан.Қане, өлікті оттан алыңдар!