ҰБТ-ны хакерше бұзып өткен қыз
Ержанова Айым Муратбекқызы – Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары 140 ұпай жинаған үздік түлектердің бірі. Көпшілік үшін бұл қол жетпес көрсеткіш болып көрінсе, Айым үшін – еңбектің тәтті жемісі. Айымның жетістікке жету жолы, дайындық әдістері және болашақ жоспарлары жайлы сұхбаттасқан болатынмын.– 140 балл жинау жолында қандай стратегияңыз болды?– Менің басты стратегиям — жақсы ниет пен еңбек. Дайындық барысында бар күшімді салып жұмыс істедім. Мұғалімнің берген тапсырмасын әрдайым артығымен орындайтынмын.– ҰБТ-ға дайындықты қашан бастадыңыз?– Тестке дайындықты мен 10-сыныптан бастап қолға алдым.– TFL(екі шет тілі)мамандығынтаңдауыңызға не себеп болды?– Мен SDU университетінде TFL (екі шет тілі) мамандығында оқып жатырмын. Бұл мамандық мені жан-жақтылығымен және өзектілігімен баурап алды…