Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

Жандүниені жаулап алған жаһандық құбылыс

Қазіргі таңда ғаламторсыз өмір сүру қорқынышты түс секілді. Ғаламтор заманымыздың ажырамас бір бөлігі. Адамның санасын жаулап алып, оны түбегейлі өзгертуге ықпал етті.Ақпарат алу, тарату және коммуникацияға түсудегі ең жылдам әрі тиімді әдісі екені анық. Бұл ғаламтордың өмірді жеңілдетудегі пайдасы болғанымен тигізетін зардаптары ұшан-теңіз. Ғаламтор адамның жандүниесіне, психологиясына кері әсер етіп, ғаламторға тәуелділік деген үлкен проблеманы туындатты. Виртуалды әлемнің бір бөлігін құрайтын адамдар шынайы өмірден алыстап, өзінің жандүниесін онлайн әлемге бағыттайды. Яғни, екі әлемнің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Бұл көбінесе стресстік күйге түскенде, шынайы өмірге көңілі толмағанда және эмоциялық қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмаған жағдайда тап болатын үдеріс. Тіпті, бастапқыда өзінің тәуелділікке тап болғаныңды мойындай алмайсың, бұл өзіндік бір гипноз секілді құбылыс. Ғаламторға деген тәуелділіктің басты белгілері: уақыттың бақылаусыз өтуі, шынайы өмірден алыстау және күйзеліске ұшырып пен агрессия таныту. Бұл әсіресе жасөспірімдер арасында көп таралған құбылыс. Сондай-ақ интернет тәуелділікке байланған адамдар туралы арнайы термин бар, бұл номофобия. Номофобия – бұл адамның ұялы телефоннан немесе мобильді құрылғыдан ажырап қалудан қорқуы немесе сол жағдай үшін қатты алаңдауы. Бұл фобия технологияның өмірге терең енгендігін және адамдардың күнделікті тіршілігінде мобильді құрылғыларға тәуелділігін көрсетеді.

Дүниежүзілік деңгейде жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, адамдардың шамамен 5-10%-ы интернетке тәуелділік мәселесін бастан кешіруі мүмкін. ERNUR.KZ (https://ernur.kz/gadzhetter/internet-pen-aleumettik-zhelige-katysty-ote-kyzykty-derekter) порталындағы деректер бойыншы,қазір орташа есеппен әр пайдаланушы интернетте күніне жеті сағатқа жуық уақыт өткізеді екен, яғни адамның ояу өмірінің 40%-дан астамы ғаламторда өтеді. We Are social сарапшыларының болжамы бойынша, 2022 жылы бүкіл әлемдегі пайдаланушылар интернетте 12,5 триллион сағаттан астам уақыт өткізеді. Көрсеткіштердің нәтижесі интернеттің дамуымен қатар өте шапшаң жылдамдықпен сананы улап жатқанын көруге болады. Әрине, ғаламторлық тәуелділікпен күресу жолында көп ұсыныстар айтылды және бұл ретте ғалымдардың үлесі айырықша . Айта кеткен де

  1. Ең бастысы- тайм-менеджмент, яғни уақытты жоспарлау,бұл-ғаламтордағы уақытты шектеі үшін маңызды қадам. Арнайы көрсеткіштер арқылы, адам өзінің экран алдындағы уақытын басқару мүмкіндік алады, соның нәтижесінде тәуелділікттә төмендетеді. Ақпараттық технологиялар мен психология саласындағы зерттеуші- Дуглас Гросс “технологиялық детокс” концепциясын ұсынған еді. Бұл идеяның мақсаты - адамдарды виртуалды әлемнен уақытша алшақтатып, олардың шынайы өмірмен байланысын қайта орнату. Аптасына бір рет ғаламторсыз күн өткізу айналадағы үдерістерге назар аударуға мүмкіндік береді.Бұл әдіс адамның шынайы өмірдегі байланыстарын нығайтуға және психологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
  2. Тәуелділікпен күресу жолындағы тағы бір шешім- физикалық белсенділік. Бұл әдістің маңызды артықшылығы интернет пайдаланудың орнын толтыруға септігін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей, физикалық жаттығулар адамның психологиялық және эмоционалдық денсаулығына оң әсер етеді. Спорт – адамның тек физикалық денсаулығын ғана емес, сонымен қатар ішкі жандүниесін бекем ететін процесс. Жаттығулар кезінде ағза эндорфиндер бөліп шығарады, олар көңіл-күйді жақсартып, позитивті эмоциялар сыйлайды. 
  3. Әр тәуелділікті шешу өз- өзіңмен жұмыс істеуден басталады. Бұл процесс адамның ішкі жандүниесін, эмоцияларын және әдеттерін тереңірек түсінуді талап етеді. Атақты психолог Лаура Хоган интернетке тәуелділіктің психологиялық аспектілерін терең зерттеп, адамдарға стрессті жеңуге, өз эмоцияларын басқаруға және ішкі тепе-теңдікті сақтауға арналған тәсілдерді қолдануды ұсынады. “Mindfulness, яғни, медитациялық жаттығулары адамдардың қазіргі сәтті қабылдауына, ішкі тыныштыққа қол жеткізуіне және шынайы қарым-қатынастарды нығайтуына жол ашады. Егер тәуелділік тереңірек деңгейде болса, психолог немесе психотерапевтпен кеңесу қажет. Өйткені, маман-дәрігер пайдалы стратегиялар мен әдістерді қолдануға нұсқау береді.


Ғаламтор қазіргі заманда өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады, бірақ оны тиімді пайдалануды әркім өзіне жүктелген міндет ретінде қабылдауы тиіс. Ең бастысы –виртуалды әлемде уақыт өткізу мен шынайы өмірдегі қатынастар арасында теңгерім табу. Тек осылай ғана, біз интернеттің барлық артықшылықтарын пайдаланып, өзіміздің жеке және әлеуметтік өмірімізді қажетімізге қарай, саналы түрде байыта аламыз.

Актуреева Асель 

Алматы қаласы, №58 ЖББМ 11 А сынып оқушысы

Шығармашылық жетекшісі: Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ доценті Әбдіжәділқызы Жидегүл 

0
0
2659

Еще по теме

Жандүниені жаулап алған жаһандық құбылыс - Yvision.kz