Өзің таңдаған білім ордасына бір қадам
Әрбір жас түлек мектеп қабырғасынан шыққан соң, үлкен өмірге бет бұрады. Бұл жолда ең маңызды кезеңдердің бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеудің оң нәтижесі (ҰБТ). ҰБТ – мақсатқа жетудің алғашқы баспалдағы. Әр түлек өз таңдаған оқу орнына түсу үшін жинаған ұпайлары арқылы мемлекеттік гранттарға немесе ақылы бөлімдерге түсе алады. Бірақ, кейде ең жоғары ұпай жинағандардың өздері грантқа ие бола алмай қалуы мүмкін. Осындай жағдайда ішкі гранттар – үлкен қолдау.
Ішкі гранттар – жоғары оқу орындарының студенттерге ұсынатын қосымша мүмкіндіктері. Олар, әдетте, университеттің жеке қоры немесе серіктес ұйымдардың қаржыландыруы есебінен тағайындалады. Мұндай гранттар академиялық жетістіктері жоғары, белсенді әрі дарынды жастарға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл грант түрінің басты ерекшелігі – олар белгілі бір оқу орнының өзіндік талаптарына сәйкес беріледі. Бұл тек білім көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен қатар талапкердің шығармашылық қабілетіне, қоғамдық белсенділігіне, және кейде әлеуметтік жағдайына байланысты тағайындалады. Мектеп бітіруші түлектерге бұл салада бағыт-бағдар беру маңыздылығын ескеріп,ішкі гранттар ұсынатын кейбір университеттер туралы мәліметтерді бөлісуді жөн көрдім:
- Сулейман Демирель атындағы университет-Қазақстандағы ең беделді және халықаралық деңгейде мойындалған жоғары оқу орындарының бірі. Әр жыл сайын SDU мектеп және колледж түлектеріне арналған SPT атты ішкі олимпиада өткізеді. Онда әрбір оқушы таңдаған бағыты бойынша өз білім деңгейін көрсете отырып, СДУ-дың 4 жылға жарамды 306 грант немесе жеңілдігіне ие бола алады. Толық ақпаратпен ресми сілтемелерден танысуға болады. (https://sdu.edu.kz/language/kz/spt-2/)
2. Тұран университеті шығармашылық және кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан талапкерлерге арнайы тегін гранттар ұсынады. Оның ішіндегі Grant Project – тек мектеп және колледж түлектері үшін өткізілетін байқау. Университет белсенді және мақсатқа ұмтылған жастарды қолдауды мақсат етеді
Толық ақпаратпен ресми сілтемелерден танысуға болады. (https://turan.edu.kz/kz/granty-i-skidki/)
3. Алматы қаласындағы UIB Университеті (Халықаралық бизнес университеті) – Қазақстанның заманауи, кәсіпкерлік бағытта дамып келе жатқан жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университет білім алушыларға тек сапалы білім беріп қана қоймай, олардың жеке тұлға ретінде дамуына және кәсіби жетілуіне жағдай жасайды. Жыл сайын UIB университеті ішкі грант пен түрлі жеңілдіктер ұсынады. Қазірге кезде u-vision олимпиадасына тіркелу арқылы, 4 жылдық грант ұтып алуға керемет мүмкіндік бар.
Толық ақпаратпен ресми сілтемелерден танысуға болады.
- Astana IT University – еліміздегі заманауи технологиялар мен сандық білім беру саласындағы көшбасшы жоғары оқу орындарының бірі. Университет жыл сайын талантты жастарды қолдау мақсатында ішкі гранттарды көбейтіп, IT саласындағы маман тапшылығын азайтуға үлес қосуда. Егер с IT саласында табысты мансап құруды армандасаңыз, Astana IT University – сіздер үшін бағдарламау бойынша 9-12 сыныптарға арналған олимпиада өткізіп жатыр. Бұл жоғарғы оқу орнына грант және қолайлы жеңілдіктер ұтып алуға керемет мүмкіндік. Толық ақпаратпен ресми сілтемелерден танысуға болады. (https://www.icode.astanait.edu.kz)
Ішкі гранттар – әрбір мектеп бітіруші түлек үшін жоғары білім алуға бағытталған үлкен қолдау және маңызды мүмкіндік. Олар білім беру саласында жаңа есіктер ашып, көптеген талантты, белсенді және білімге құштар жастардың армандарын жүзеге асырады. Әртүрлі университеттер ұсынатын гранттық бағдарламалар – тек қаржылай көмек қана емес, сонымен қатар жеке және кәсіби дамудың бірегей платформасы.
Түлектерге айтар кеңес: өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыз, ішкі гранттар мен жеңілдіктер туралы ақпаратты зерттеп, белсенді болыңыз. Сіз таңдаған білім ордасы мен өзіңіздің табандылығыңыз білім жолындағы биік белестерді бағындыруға септігін тигізеді. Өз арманың үшін жасалатын ұмтылыс – жарқын болашақтың кепілі.Білім алу мүмкіндігі барлығына беріледі, тек оны дұрыс бағытта пайдалану қажет. Ішкі гранттарға қатысып, өз арманыңызға бір табан жақындап, жарқын болашаққа қадам басыңыз!
Актуреева Асель
Алматы қаласы, №58 ЖББМ 11 А сынып оқушысы
