Перейти к содержимому

ЖАҢБЫР АДАМЫ ЖАЙЛЫ  БІР ҮЗІК СЫР

 “Климаттық технологиялар жөніндегі эксперт Алтай Айнабектің Аралдың қалпына келтіру жөніндегі жобасы туралы ойтолға”

      Бүгінгі күнгі Арал проблемасы қазіргі таңдағы әлемдік деңгейдегі дағдарысқа ұласуы мүмкін екені баршамыз үшін айдай анық ақиқат. Оның салдары  экологиялық, экономикалық, әлеуметтік салада кері көрсеткіш  танытуда. Әрине,  Аралды қайта қалпына келтіру жұмыстары  жүргізілген болатын, бірақ, ол оң нәтиже берген жоқ. Мемлекет басшысы 2021-2025 жылдар аралығында 1млн 100 мың гектар жерге сексеуіл егу туралы арнайы тапсырма берді. Бұл белгілі дәрежеде өзіндік пайдасын тигізгенімен, Аралдың қалпына келуі тым ұзақ, әрі өте күрделі процесс болып қала берді. Күндер өте бұл проблеманың шешілуі адамдарға сенімсіздік таныта бастады.

Осылайша, Арал проблемасы нақты шешімін таба алмай үн-түнсіз қалған кезде жаңбыр адамының жанайғайы естілген еді. Әлеуметтік желіде алуан түрлі қоғамдық пікір туғызып, халықтың назарын өзіне аударып алған Алтай Айнабек Аралдың экологиялық дағдарасын шешуге қатысты нақты шешім қабылдағаны туралы баяндады. Алтай Айнабек- климаттық технологиялар жөніндегі эксперт,өзінің Абу-Дабиде тіркелген CENTRAL ASIAN CENTER OF CLIMATE CHANGE TECHNOLOGIES атты атмосферадағы құрғақшылықты иондау әдісі арқылы, климатты өзгерту процесстерімен айналасатын компаниясы бар. Бұл саланы 8 жылдан астам уақыт меңгеріп келеді.Алтай Айнабек 2021-2022 жылы Маңғыстау облысында, 2023 жылы Түркістан облысында осы салада көлемді жұмыстарды атқарған болатын.

Алтай Айнабектің «Аралға су жеткізе алатын жалғыз адам-мен» деген мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланып, түрлі пікірталастардың өзегіне айналды. Адамдардың белгілі бір тобы оның жаңашыл идеяларын қолдап, ал басқалары бұл әдістің ғылыми негізі мен тиімділігіне күмән келтірген еді. Бұл пікірталас қарапайым халық арасында ғана емес, ғылыми мекемелер мен мемлекеттік органдардың да назарын аударған еді. Экологтар бұл технологияның табиғи тепе-теңдікке кері әсер ететінің ескертті.Ал Алтай Айнабекты қолдаушылар бұл идеяны Аралды қайта жандандырудағы ерекше мүмкіндік деп таныды.

 Алтай Айнабектің пікірінше, иондау әдісін пайдалану арқылы, жасанды жаңбыр жауғызу-ең ұтымды шешім. Өйткені жасанды жаңбыр құрғақшылық проблемасын шешуге, жергілікті ауа-райын басқаруға, ауа сапасын жақсартуға көмектеседі. Бірақ, бұл әдістің кемшіліктері де бар. Атап айтсақ, экономикалық тиімсіздік,техникалық қиындықтар және де экологиялық қауіп-қатерлер. Сондықтан да иондау әдісін қолдану туралы шешім қабылдамас бұрын, сарапшылармен кеңестер жүргізу, барлық кемшіліктер мен артықшылықтарды бағалау, сондай-ақ, су ресурстары мен климатты басқарудың балама әдістерін қарастыру- маңызды шара.

Алтай Айнабектің 2024 жылдың мамыр айында бастаған жоба жайлы айтылған деректері аз. Ең соңғы жарияланған ақпаратында дәл қазіргі уақытта жобаның жүзеге асыруыдың екінші кезеңіне дайындық жүріп жатқанын баяндады. 

“Арал жобасы 2024 жылдың қыркүйек айының 1- нен бастап екінші кезеңге дайындық жұмыстары жүргізулуде. Шамамен 2025-тің қаңтар айынан техналогиялық мүмкіндіктер күшейтіліп жанданады” деген ақпаратпен Алтай Айнабек өзінің әлеуметтік желісінде бөліскен. 

Егер жаңбыр адамының жобасы нақты жүзеге асатын болса, Арал алдағы оңжылдықта толады деген үміт бар.Алайда, бұл тек шамамен бағалау және нақты уақыт әр түрлі факторлар мен болжанбайтын жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.Қазіргі таңда Аралда жауын-шашын рекорды тіркеліп, бір жылдық мөлшерде жауын жауды. Үміт ұялатқан Алтай Айнабек, өз технологиясымен көпшіліктің назарын аударып, ел ішінде экологиялық мәселелерді шешуге деген жаңашыл көзқарас қалыптастырып келеді. Қалай болғанда да,бұл-таңғажайып нәтиже.Алдағы уақытта Аралдың толып, қайта қалпына келетіне сенім пайда болды. 

Ендеше, жаңбыр адамы Алтай Айнабектің жобасын ел болып, жұрт болып қолдайық!

Актуреева Асель 

Алматы қаласы 

№58 ЖББМ 11 А сынып оқушысы.

0
0
1286

Еще по теме

ЖАҢБЫР АДАМЫ ЖАЙЛЫ  БІР ҮЗІК СЫР - Yvision.kz