Перейти к содержимому
Обложка сообщества QazAgym

Пырагырамма

Мәдениет бөлімі бастап, білім бөлімі қостап, ішкі саясат бөлімі бір қарап, аудан әкімі бекітіп беретін бағдарлама ғой, кәдімгі. 09:00 Қонақтарды қарсы алу. 10:00 Тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелі конференция. 11:00 Өнер шеберлерінің концерті. 12:00 Түскі ас. 14:00 Ұлттық ойындар, ат спорты, бәйге, көкпар, қыз қууу. 17:00 Қонақтарды шығарып салу. Осыны деймін да, әңгімені көбейтпей, қысқаша былай жасай салса кәйтеді? 09:00 Қонақтарды қарсы алу. 10:00 Бата сұрап, мал шалу. 11:00 Алты алашқа жар салу. 12:00 Өлең айтып, ән салу. 13:00 Тәтті асқа тамсану. 15:00 Атқа мініп, қамшы алу. 17:00 Алдап-сулап шығарып салу. 19:00 Өзіміз қап ылаң салу.

Ақпарат көзі

0
0
202

Еще по теме