Перейти к содержимому
Обложка сообщества QazAgym

Сары аптобыз (1)

Аудан орталығынан. Екілерде қайтадан тартып отыратын. Тағы да сол аудан орталығына. Одан кейін бес пен алтының ортасында соңғы айналымын жасап тынатын. О заманда әркімнің тақымында бір-бір машинатын болмайтын. Алматыға баратындар осы сары аптобызбен аудан орталығына баратын. Сол аудан орталығының автовокзалынан екорысқа мініп әрі қарай кететін. Келерде де солай. Бірінші сол екіорыспен аудан орталығына жететін де сол аудан орталығынан осы сары аптобыз арқылы ауылға келетін. Содан болар кімнің қашан, қайда, не үшін кеткенін елдің бәрі біліп отыратын. Қазір олай емес. Ауыл тұрғындары түннің бір уағында кете салады, таңда келе салады. Әркімнің астында жеке көлік. Кімнің не істеп жүргенін білмейсің. Ал ол кезде басқаша еді. Сары аптобыз келер уақытта орталық дүкеннің алдындағы аялдамада жүрсеңіз болғаны... Бәрінен хабардар болатынсыз. Бейшара сарғайып келе жатушы еді ғой.

Кейде қолың боста сол жерде отырсаң сары аптобыс келіп тоқтай қалады. Ішінен ауылдастар түсіп жатады. Ішінара ауыр сөмке көтерген тәтелер де түседі. Ауыр-ауыр сөмкелерін түсіреді. Демек қаладан келген. Қаладан келгендерді көбінесе ташкы сүйреген, есекке, атқа арба шеккен балалары күтіп алады. Егер күтіп алатын ешкімі болмай қалса үйіне дейін сөмкесін апарсып жібересің. Үйіне жеткесін рахмет ретінде қолыңа бір уыс тәттісін, екі-үш алмасын ұстатып жібереді. Сенің күткенің де сол. Рахаттанып жейсің. Бір күні Ерлік, Ербол, мен үшеуміз Пәрида тәтенің сөмкесін үйіне дейін көтерісіп бардық. Үшеуміздің қолымызға үш алма ұстатып жіберді. Үшеуі де көк алма екен. Алма дегеніңіз біздің ұғымымызда не сары, не қызыл болады. Апорт пен лимоннан басқа не көріп ек?. Ал мынауыңыз көк алма. Ербол бірден: - Шикі екен,-деп кесіп айтты.

Ақпарат көзі

1
0
406

Еще по теме