ӨТКЕННЕН БЕЛГІ
ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.1988 жылы көктемде Индияға туристік сапармен бардық. Әуелі Тұманбай Молдағалиев бастаған қаламгерлер Москваға ұштық. Ол жерде қатарымызды толықтырып, кеңестер тыңдап, жанымызға 42 сом-1250 рупийден артық ақша алғызбай, Ташкент арқылы Делиге ұштық. Сөйтіп Дели, Агра, Калькутта, Бомбей, Сринагар-Кашмирге жетіп бірақ тоқтадық. Үнді мәдениеті ошақтары мен Бабур ұрпақтары билік құрған кезеңдегі ислами құндылықтар жадымызда айрықша сақталды. Асқан байлық пен тақыр кедейлік көріністері көз алдымыздан тоқтаусыз өтіп жатты. Калькуттадағы Р.Тагор мұражай-үйінде болғанымыз естен кетпейді. Кришнаиттердің дүниежүзілік орталығында кезгенімізді де қайтерсің. Аградағы Тәж-Маxал, тау төбесіндегі байырғы Фатиxпур-Сикри тас қаласы, ғажайып сәулетті қадыми мешіттер, Делидегі Қызыл форд - мұсыл…