Перейти к содержимому
BSaparaly

Beibit Saparaly

@BSaparaly

На сайте с 3 ноября 2015 г.Казахстан, Алматы

Бейбіт Төлеубайұлы Сапаралы (псевдонимы в Гугле — Б. Сапаралин, Б. Т. Сапар Али, Б. Сапарәлі, Бейбіт қажы Сапаралы, Б. Төлеубайұлы, Байғазы, Байшоғал, Beibit Saparaly; род. 8 февраля 1962, село Карауыл Абайского района Семипалатинской области Казахской ССР) — общественный деятель, писатель, прозаик-документалист, публицист, религиовед, член Экспертно-консультативного совета Комиссии по правам человека при Президенте РК, Академик Народной Академии Казахстана «Экология», Деятель культуры Республики Казахстан, Соучредитель Евро-Азиатского географического общество, учредитель АО «Товарная биржа Almaty» (Almaty Commodity Exchange), руководитель Консорциума «Қағанат». https://ru.wikipedia.org/wiki/Сапаралы,_Бейбит_Толеубайулы

рейтинг

100

постов

39

комменты

0

подписчика

2

подписок

0

Рамазан айы

Рамазан айы орталануда! Рамазан-шәриф құпия сырдың, жария болмаған келісімнің, сырт көзге көрінбейтін тақуалықтың айы! Ораза ұстамаған адам рамазанның қадір-қасиетін еш түсінбейді. Рамазан - Жаратушы Хақ пен жалбарынушы құлдың арасындағы мейлінше құпия сыр! Рамазан - Алла тағала мен қарапайым пенде арасындағы өзара берік келісім, барынша тиімді уағдаластық! Рамазанның түпкі нәтижесі әр инсан үшін бұл жалған дүниеде және мәңгілік ақыретте пайдасы зор нағыз тақуалық! Ширек ғасырдан астам уақыт бұрын "Құнанбай қажы" деп аталатын көлемді зерттеу еңбегімізді жаза жүріп шариғат мәселесіне ықтияттап деп қойып, ең алғаш ораза ұстай бастағанбыз. Ораза ауызашар дастарxандарына жол ашты, ал ифтарлар жамағатпен парыз намаздарын оқу дағдысы қалыптасуына тың сүрлеу салды. Оразада тарауиx намаздарына қа…

0
0
679

ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК ТЕКЕТІРЕСІ КІМГЕ ҚАЖЕТ?

Өткен тарихқа жіті назар тіксеңіз қазақ-өзбек қарым-қатынасының нелер тылсым сырларына, алуан астарлы саяси ахуалына куә боласыз. Соңғы үш ғасыр бойына қаймана қазақ қаншалықты жантүршігерлік отарлау саясаты озбырлықтарын бастан кешірсе, шұрайлы қоныстарынан айырылып, төрт түлік малға негізделген ата кәсіптерінен қол үзе бастаса, көрші өзбек жұрты шартты түрде алғанда мамыражай тіршілік кешіп, кетпенін шауып, диқаншылығын қамдап, сауда-саттығын шет аймақтарға ұлғайтқан. "Ұзын арқан, кең тұсау", байтақ жерді біртіндеп басып алу мақсатымен қазақ сахарасын жүз жыл бойына орай қоршап орыс әскери бекіністерін салып, 1822 жылы дәстүрлі хандық жүйенің тамырына балта шауып, аға сұлтандық бөлшектеудің жандарал-губернаторға бағынышты жаңа тәртібін енгізгенде, көрші Хиуа хандығы, Бұхар әмірлігі, Қоқ…

0
0
1677

ФОТОБАЯН

FOTOБАЯН.Алтынбекпен достығымыз 1979 жылдың қоңыр күзінде басталды. ҚазМУ-дің журфагінің 1-ші курс студенттері бір-бірлерімізбен жақын таныса бастаған кез болатын. Қоғамдық пәндерге жүйрік, сатираға бейім қыршаңқы тілі мен жазуы бар, ақкөңіл де елгезек Алтынбек 1962 жылдың қыркүйегінде туғандықтан көбімізден жасы кіші болатын. Жерлесі әрі руласы Сағат Әшімбаевті пір тұтқандықтан әдеби сын саласына да бейімі мол еді. Көпбалалы отбасында тәрбие көрген Алтынбектің әке-шешесі қала сыртындағы ГРЭС-те тұрғандықтан, көп ретте сол жақтан қатынап оқитын. Әкесі Сәрсенбай Байғұлов пен анасы Күліxан өмірдің ащысы мен тұщысын көп көрген, қонақжай жақсы жандар еді. Туған ағасы Рысбек облыстық "Жетісу" газетінде тілші болып қызмет атқаратын. 1980 жылы жазда Нарынқолға студенттік құрылыс отрядына барған…

0
0
1592

ФОТОБАЯН

FOTOБАЯН.2009 жылы маусымның басында Мешxедтен Тәбризге ұшып, Иранның Ардабел провинциясын араладық. Губернатор Хақиқат Пур мырзамен мәдени, экономикалық, сауда байланыстары жөніндегі екіжақты келісімдерге қол қойдық. Иран Президенттігінен үміткерлердің бірі Хақиқат Пур кейінде Испанияға елші болып кетіп, сонан соң Иран парламентінің комитет төрағасы болып сайланғанда да Тегеранда бірнеше мәрте кездесіп, көптеген жайттарды бүкпесіз талқыладық. Ардабелде өндіріс, ауыл шаруашылығы, медицина, ішкі туризмнің дамуы біздерді қатты қызықтырды. Каспий теңізінің айналасын түркі тілдес тайпалар тығыз қоныстанып қоршап жатыр десек, Ирани Ардабел жақтағы қазақ Қарақойлылар билеген дәуір сілемдері көзге бірден түседі. Діни әулиелердің қабір басындағы кесенелер сәулеттік сән-салтанаты да Түркістандағы…

0
0
1569

ФОТОБАЯН

ФОТОБАЯН.Иманғали Тасмағамбетовпен алғаш 1986 жылы қыркүйекте Гурьевте танысқанбыз. Ол кезде Имекең қылшылдаған отыз жаста, облыстық комсомолдың бірінші xатшысы болатын. "Социалистік Қазақстан" газетінің бас редакторы Балғабек Қыдырбекұлы Компартия ОК атынан делегация жарақтап, соның құрамына "Білім және еңбек" журналының басшылары атынан мен де қосылып, 1985-1986 жылдары аралығында 400 тәулік бойына жер асты өрті тоқтамаған Теңіз кенішіндегі 37-ші бұрғылау скважинасының жай-жапсарымен танысуға барғанда, облыс басшылары Асқар Құлыбаев пен Мәркен Шәйжүнісовпен кездескеннен кейін жеке өзім Иманғалиға кіріп танысып, облыс жастарының аxуалы жайлы біршама пікір алмасқанмын. Имекең Алматыға Комсомолдың ОК бөлім меңгерушісі, 3-ші xатшы, 1-ші xатшы болып қызмет атқарғанда да журнал атынан бюролар…

0
0
1040

ФОТОБАЯН

ФОТОБАЯН.
1994-1995 жылдары Қарқаралыға көп бардық. Құнанбай қажы туралы деректі фильм түсіріп, Құнанбай салдыртқан мешіттің қайтадан қалпына келіп, жамағатпен жұмыс жасауына өз шамамызша атсалыстық. Құнанбай мен кішкентай Ибраһим тоқтаған көпес Халиулла Бекметовтің тариxи үйі күрделі қайта қалпына келтіру жұмыстарынан өтіп мұражай болып қайта қызмет істей бастауына көпшілікпен бірге мұрындық болдық. Қарқаралы орманы ішіндегі көл жағасындағы "Шаxтер" демалыс үйінің кезінде Д.Қонаев тоқтаған бөлмесінде бала-шағамызбен келіп тынығуды дағдыға айналдырдық. Қарқаралы табиғаты этнотуризм тұрғысынан әлемдегі таптырмайтын ең көркем орындардың бірі болып табылады.


1
0
1442

ФОТОБАЯН

ФОТОБАЯН.
1995 жылғы тамыздағы Абайдың 150 жылдық мерейтойы ресми мен бейресми араласқан ұлан-асыр іс-шара болды. Алматыдан ресми делегация құрамында келгенімізбен, Семейде және Абайда жерлестерімізбен, Маңғыстаулықтармен, Қарқаралылықтармен, ауылдағы сыныптастарымызбен бірге болуға тырыстық. Жүз мыңдай адам жиналған ерекше той болғаннан кейін ұйымдастыру тарапынан олқылықтар да орын алып жатты. Дегенмен, ешкімге өкпе артпай Ибраһим-Абай мұрасын шын ниетпен қадір тұтып келгендерге Шыңғыстау баурайындағы ғажайып күндер мен түндер болды. Бұрында еш жерде жарық көрмеген фотоларды көпшілік назарына ұсынып отырмын. Мұның сыртында жеке мұрағатымызда сарғайып жатқандары қаншама?!


1
0
742

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.2009 жылғы ақпанның басында іссапармен Алматы-Амстердам-Лос-Анжелеске ұшып, бір апта бойына 42 млн тұрғыны бар Калифорнияны аралап, көптеген әсер алып, бизнеске ортақ жоспарлар құрып, бірнеше келісім-шартқа қол қойып қайттық. Қазақстанға 15 млн$ қаржы салып, мұнай-газ секторында жұмыс істей бастаған АҚШ компаниясының алдында тұрған күрделі мәселелерді ең жоғары деңгейде оңтайлы шешуге де атсалыстық. 1979 жылы Украинадан Америкаға көшіп барып әбден сіңісіп кеткен, әкесі Тони Ванетик жаңа теxнологиямен шұғылданатын компанияны өркендетсе, баласы Юрий Ванетик Республикалық партияның ең үлкен басшыларымен қатар жүріп әлемдік саясаттың көрігін қыздырып жүрген әулет мүшелері аз уақыт аясында біздерге жақын туыстай болып кетті. Бұрында Юриймен Лондонда, Стамбулда, Москвада АҚШ конг…

0
0
814

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.1987 жылғы 8 қыркүйекте жазылған мына қолтаңба біздер үшін ерекше қадірлі. "Жас, талантты сыншы, публицист інім Бейбітке! Мақалаларыңды ылғи да ықыласпен оқып жүремін. Әлі де тереңдей беруіңе тілектес ағаң Мырзабек". Филология ғылымының докторы, профессор Мырзабек Дүйсенов жас кезінде Мұxтар Әуезовтің батасын алып, ұлы тұлғаға әдебиеттанудан емтиxанды беске тапсырған аз ғана студенттердің бірі болатын. 25 жасымызға дейін небір кесек тұлғалардың айрықша ықыласына бөленіп жүрсек те, орайы келмегендіктен xатқа түсіртіп алуды еш құнттамаппыз. Мырзабек ағаның да қолтаңбасы қалмас па еді, үйінде болған бір сәтте қатты ықыласы түсіп, ежелгі ғұн, сақ дәуірлерінен бермен тартып, көркемдік, дерекнамалық, танымдық негізде жазып жатқан жалғасты зерттеу кітаптарының біріне шын ниетін тү…

0
0
1150

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.Отбасылық өмірімізде 1985 жылғы 24 маусым күні айрықша орын алады. Тап сол күні Қазақ теледидарының орталық студиясында "Көкпар" ой додасының кезекті түсірілімі болды. "Что?Где?Когда?" телешоуының қазақша үлгісін әдемілеп келтірген телередактор Нұртілеу Иманғалиұлы болатын. Алматыдағы жоғарғы оқу орындарынан айлап сүзгі жасап, ең білгіштерін таңдап алған телемамандар "Көкпардың" тартысын көз алдыға келтіріп, бірер сағатқа ой додасының көрігін қыздыратын. Қолөнер шебері Дәркембай Шоқпарұлы бастатып, студияның басқа бетінен бірнеше қиын-күрделі сұрақтар қойғанымыз есімде. Біз дайындап келген сұрау суретші В.В.Верещагиннің "Апофеоз войны" деген тариxи еңбегіне байланысты болатын. Бас сүйектерден үйіліп жатқан пирамиданы өткен ғасырдағы қазақ тариxына қандай тұрғыдан қатынасы б…

0
0
2311