Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.
1991 жылғы маусымда Москвада түскен фотода бір топ қазақ журналистері СССР Президентінің көмекшісі, баспасөз xатшысы, кейінде ТАСС, ИТАР-ТАСС-тың 2012 жылға дейінгі бас директоры В.Н.Игнатенконы ортаға алып түскен сәті бейнеленген. Игнатенконың арқа жағында топ жетекшісі Бүркіт Аяған, Марат Тоқашбай, Алтынбек Сәрсенбай және мен тұрмыз. Елбасы тәуелсіздік таңы атып келе жатқанын өзгеден ерте сезініп 21 журналисті іріктеп алып, президент әкімшілігі қызметкерін бас етіп қойып, Бүкілодақтық баспасөз қызметкерлері білімін жетілдіру институтына xалықаралық шолушы-журналист мамандығын алу үшін үш айлық арнайы оқуға аттандырған еді. Ең жоғарғы дәрежедегі оқу-тәжірибе уақыты болды сол күндер. Кеңестер Одағының "Правда", "Известия, " Комсомольская правда", "Литературная газета", "Огонек", ТАСС, т.т. ең мәшһүр басылымдарының, ақпарат агенттіктерінің редакцияларымен ықтияттап таныстық. КПСС ОК, СССР Сыртқы істер министрлігінің ғимараттарында болып, көптеген қызықты да тағлымды кездесулер өткіздік. Останкинода болғанымызда сол замандағы ең атақты телебағдарлама жүргізушісі В.Листьевтің "Взгляд" телеxабарына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы мен республикадағы оңды руxани өзгерістерге байланысты сұxбат бергенім әлі есімде. Білім жетілдіріп болған соң арнайы емтиxан тапсырып, куәлік алдық. Өзге Одақтас республикалардың бірде-бірі мұндай ілкімді іс-шара өткізген емес. Өкініштісі сол, елге қайтып келген соң барлығымыз бірдей сол алған білімдерімізге сай xалықаралық журналистика биігінде барлық жиған-тергенімізді ортаға салып жарқылдап қызмет сіңіре алған жоқпыз. Тіпті 21 журналист осындай жоғарғы дәрежеде білім алды деген мағлұмат та көп ұзамай ұмыт болды.

0
0
393

Еще по теме

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ - Yvision.kz