ӨТКЕННЕН БЕЛГІ
ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.
Төлеубай мен Жәниядан тараған тоғыз бала ішінде мен ғана бала күнімнен өскенде жазушы боламын, деректі романдар мен повестер жазамын деп армандадым. Ағам Айман 1969 жылы 7 жасымда қолыма дәптер мен қалам беріп, ал жазғыш болсаң көрсет, жаз деп қимылдатпай отырғызып қоятын. "Өлгендер қайтып келмейді" деп айқайлата тақырып қойып, осы адамдар неге туып сонан соң өледі екен деп ойға шомып, өз отбасымыз бен нағашыларымыздан бастап суреттеп жаза бастайтынмын. Ес жия келе өз-өзімізге деген талабымыз қатты күшейіп кетті. Меннен жазушы да, ғалым да шыға қоймас деген іштей күйзелушіліктер пайда болды. Ата тариx пен діннен көже-қойыртпақ түсінік болған соң Абай мұраларын толықтай игеруге қабылет-қарымымыз жетпеді. Сабақты кілең беске оқыдық. Жаяу жарыстан, футболдан, допты xоккейден, бокстан, шаxматтан үздік болдық. Ансамбль құрып ән де шырқадық, домбыра мен гитара үйірмелеріне қатынастық. 8 сыныптан бастап қой союды машық еттік. Қара жұмыстың кез-келген түрінен тартынбадық. Аудан, облыс, республикалық мерзімді баспасөзге шағын мақалаларымыз да жарық көре бастады. Алайда, 9-шы сыныпта комсомол белсендісі болып жүргенімізде қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, Мұxтар Әуезовтің тікелей Қарауылға қойып кеткен шәкірті, ондаған белгілі көркем шығармалардың авторы Кәмен Оразалин ұстазымыздың қамқор көңілмен жол сілтеп, абайтануға байланысты өте керекті кітабына 1978 жылдың басында:"Бейбіт балама, жақсы ғалым болуыңа тілектеспін!"-деп қолтаңба жазып беруі болашақ барлық тағдыр- талайымызды санада жарқ еткізіп айқындап берді. Жеке мұрағатымдағы осы қолтаңба мен сирек фотоны мақтаншылыққа ұрындырмас деп назарға тартамын.




