ӨТКЕННЕН БЕЛГІ
ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көптеген елшілермен достасып, ортақ жобалар, жиындар жасап, қазақ елімен байланыстары берік болуына риясыз көңілден атсалысып жүретінбіз. Сондай ашық-жарқын елшілердің бірі Ливия мемлекетінің өкілі Рамадан әл-Жади мырза болатын. Әр жылы мереке, айт күрдері ғана емес, қол қалт еткен сәттерде елші мырзамен кездесіп, сан түрлі тақырыптарда әңгіме өрбітетінбіз. 2001 жылы жазда елші бізді Триполиға шақырып, "Жасыл кітап" авторы, полковник Муаммар Каддафимен жеке кездесу де ұйымдастырмақшы болды. Алайда, түрлі себептермен ол сапарымыз жүзеге аспай қалды. Арада біраз жылдар салып, елші ауысты. Енді еске түскенде сол байырғы дос Рамадан әл-Жади бүгінде қай шалғайларда жүр екен деп ойлап қоямын? Осыдан 15 жыл бұрын түсірілген фотода Рамадан әл-Жади ортамызда тұр...

