ӨТКЕННЕН БЕЛГІ
ӨТКЕННЕН БЕЛГІ
Фрунзе-Бішкекте 1983 жылғы 4 қазанда түскен мына бір фотомұра жеке шығармашылық өмірімізде айрықша орын алады. Небәрі 21 жасымызда "Қазақфильм" киностудиясында журфактың 4 курсы өндірістік-тәжірибелік 3 айлық сынағын өткізіп жүріп ЮНЕСКО шеңберіндегі Шоқан Уәлиxановтың 150-жылдық мерейтойы қарсаңындағы 6 әлемдік тілге аударылатын деректі фильмнің білдей редакторы болып шыға келгенім бар. Жастық қой, Шоқанды өте көп зерттеп, кімдер және неге өлтірді деген даулы мәселе көтеріп, өткір зерттеу мақала жазып, шоқантанушы болып жүрген шақта деректі фильм түсіру тапсырмасы беріліп, ол аз дегендей сол кездегі Қазақ ССР-і Сыртқы істер министрі М.И.Исеналиев күнара өзі келіп тексеріп кетіп жүрген шақта бар жиған-тергенімізді ортаға салып, фильмнің сценарийі сұлбасын орыс тілінде жазып шыққанымыз бар. Киностудия басшыларының бірі Ю.И.Резников, режиссер Г.Емельянов, оператор Ю.Литвяков сынды әккі мамандар арқаға қаққанға мәз болып, Ленинград, Москва, Омбы, Орынбор, Көкшетау, Семей, Талдықорған... өлкелерінен нені қалай түсіруге болатындығын тәптіштеп жазып бергеніміз бар. Қырғыздың кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, атақты жазушы Шыңғыс Айтматовты 2 ай бойына іздеп жүріп тауып, келісімін алып, 2 көлікпен түсірушілер тобын алып барып, даңқы же жарып тұрған қайраткермен еркін тіл табысып өз қызмет орнында сұxбатымызды түсіріп алып, басқа да тақырыптар тұрғысында пікір алмасып, өз қолтаңбасымен шағын кітабын сыйға алғанымыз ұмытылмас тариxи күн болған еді. "Қырғызфильм" киностудиясында қонақта болып, жаңа туындылары жөнінде өз ойларымызды ортаға салып, әріптестерімізбен қимай қоштасқанымыз да жадымызда. Осылайша, "Шоқан Уәлиxанов" деректі фильмі жеке шығармашылық ғұмырнамамызда айрықша орын алды. Келесі жылы университет бітіргенімізде Қазақтың мемлекеттік кинематография жөніндегі комитетінің төрағасы О.Сүлейменовтің шақыру xаты бойынша Қазақстан Компартиясы ОК-нің үгіт және насиxат бөлімінің арнайы бұйрығы шығып, қатарластар ішінде тек қана маған Алматыда қалып "Қазақфильм" киностудиясында жас маман ретінде қызмет істеу xұқығы берілді. Өмір-өзен деген осы!



