Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.
1980 жылғы күзде әкеміз Төлеубай Алматыға келіп әсем қаланы біршама аралағанбыз. Компартия ОК бас ғимараты, шеру алаңы ол кезде сұсты көрінетін. Күн көсемдер бейнесі мен КПСС 26-сьезі жарнамасы ең басты назарда болатын. 1945 жылы Берлинді алғаннан кейін тағы бес жылға қалпына келтіру науқанына іліккен әкеміз әскер қатарында кәсіби фотограф мамандығын игеріп, елге оралған соң да сол қадетін тастамай, мемлекеттік қызметіне қосымша Абай ауылындағы тариxи тұлғаларды түсірумен бертіңгі кезеңге дейін шұғылданып жүрген. Атақты Мұxтар Әуезовтің Шыңғыстауға барған барлық тариxи фотолары әкеміздің қолтаңбасы екенін айтсақ та жеткілікті. Міне, сол ықтиятты әкеміз "Зенит" фотожиһазын тастамай, жиені Дәурен екеумізді әр тарапта сүгіретке тартқан. Қазіргі жастар Тәуелсіздік алаңын тап мына ескі күйінде елестете алмайды. Ал сол 1980 жылы арада алты жыл өткеннен кейін Желтоқсан оқиғасы кездерінде біздер де тап осы алаңда көтерілісші қазақ жастары арасында бірнеше күн ереуілдеп жүреміз деп ешбір елестете алған емеспіз.

0
0
558

Еще по теме