ӨТКЕННЕН БЕЛГІ
ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.1980 жылы көктемге салым Алматының нақ ортасында түскен мына фотода ҚазМУ-дегі Араб тілі пәні бойынша ұстазымыз Мәрзия Мәженованы қоршап-қаумалап тұрған сәтіміз бейнеленген. Солдан оңға қарай: Сейдәлі, Бейбіт, Биғайша, Еркін, Мәриям, Мәрзия апай, Нұртөре, Төлеш, Батырбек, Ләззат. Журфак, 1-курс. Ленинград мемлекеттік университетінің шығыстану факультетінің түлегі, араб тілінің өте жетік маманы, филология ғылымының кандидаты, профессор Мәрзия Аxметжанқызы Мәженова ұстазымыз біздерге алғашқы дәріс бере бастаған күннен бастап, яғни әлифті таяқ деп үйрете бастаған кезден бермен қарай тек қана оқытушы емес, өмірден, кәсіптен, тілден, мәдениеттен, қажет десеңіз Құран аяттарын оқытып қойған шақтарда діннен де тағлым үйреткен ұстазымыз, кей сәттерде тіпті анамыз сияқты ең жақын қам…