ФОТОБАЯН
ФОТОБАЯН.
1995 жылғы тамыздағы Абайдың 150 жылдық мерейтойы ресми мен бейресми араласқан ұлан-асыр іс-шара болды. Алматыдан ресми делегация құрамында келгенімізбен, Семейде және Абайда жерлестерімізбен, Маңғыстаулықтармен, Қарқаралылықтармен, ауылдағы сыныптастарымызбен бірге болуға тырыстық. Жүз мыңдай адам жиналған ерекше той болғаннан кейін ұйымдастыру тарапынан олқылықтар да орын алып жатты. Дегенмен, ешкімге өкпе артпай Ибраһим-Абай мұрасын шын ниетпен қадір тұтып келгендерге Шыңғыстау баурайындағы ғажайып күндер мен түндер болды. Бұрында еш жерде жарық көрмеген фотоларды көпшілік назарына ұсынып отырмын. Мұның сыртында жеке мұрағатымызда сарғайып жатқандары қаншама?!




