ФОТОБАЯН
FOTOБАЯН.
2009 жылы маусымның басында Мешxедтен Тәбризге ұшып, Иранның Ардабел провинциясын араладық. Губернатор Хақиқат Пур мырзамен мәдени, экономикалық, сауда байланыстары жөніндегі екіжақты келісімдерге қол қойдық. Иран Президенттігінен үміткерлердің бірі Хақиқат Пур кейінде Испанияға елші болып кетіп, сонан соң Иран парламентінің комитет төрағасы болып сайланғанда да Тегеранда бірнеше мәрте кездесіп, көптеген жайттарды бүкпесіз талқыладық. Ардабелде өндіріс, ауыл шаруашылығы, медицина, ішкі туризмнің дамуы біздерді қатты қызықтырды. Каспий теңізінің айналасын түркі тілдес тайпалар тығыз қоныстанып қоршап жатыр десек, Ирани Ардабел жақтағы қазақ Қарақойлылар билеген дәуір сілемдері көзге бірден түседі. Діни әулиелердің қабір басындағы кесенелер сәулеттік сән-салтанаты да Түркістандағы Әзірет Сұлтан айшықтарынан аумайды. 1998 жылдан бері Иранға ондаған іссапарлардың осы жолғысы өзіндік ерекшеліктерімен жадымызда жатталып қалды.




