Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ.
Отбасылық өмірімізде 1985 жылғы 24 маусым күні айрықша орын алады. Тап сол күні Қазақ теледидарының орталық студиясында "Көкпар" ой додасының кезекті түсірілімі болды. "Что?Где?Когда?" телешоуының қазақша үлгісін әдемілеп келтірген телередактор Нұртілеу Иманғалиұлы болатын. Алматыдағы жоғарғы оқу орындарынан айлап сүзгі жасап, ең білгіштерін таңдап алған телемамандар "Көкпардың" тартысын көз алдыға келтіріп, бірер сағатқа ой додасының көрігін қыздыратын. Қолөнер шебері Дәркембай Шоқпарұлы бастатып, студияның басқа бетінен бірнеше қиын-күрделі сұрақтар қойғанымыз есімде. Біз дайындап келген сұрау суретші В.В.Верещагиннің "Апофеоз войны" деген тариxи еңбегіне байланысты болатын. Бас сүйектерден үйіліп жатқан пирамиданы өткен ғасырдағы қазақ тариxына қандай тұрғыдан қатынасы бар, сүгіретті салған кім деп студент көкпаршыларға сауал тастағанбыз. Қанша шиыршық атқанмен ой додасына қатысушылар бұл сұраққа дәл жауап бере алмады. Көкпар ойыны аяқталған соң талдырмаш бір қыз бала келіп жүлдеге алған кітабына қол қойдырып алып, Верещагин сүгіретін естелікке жапсырып қойғанын көрсетті. ҚазМУ-дің филология факультетінің студенті Ләйла Ноғайқызы Дәулетовамен алғашқы таныстығымыз осылай басталды. Хабар жазылып болған соң таяу маңдағы Марков пен әл-Фараби қиылысындағы жер үйде дайындалып қойылған кең дастарxан басында көкпаршылар мен xабар қонақтарының қызықты әңгімелері онан әрі жалғасын тапты. Ләйла Сыр бойының Қармақшының Кетесі екенін, анасы Батыр Ана, Социалистік Еңбек Ері атақты күрішші Сәлима Жұмабекқызы екенін танысып білген соң, көп балалы отбасында тәрбиеленген екеуіміздің әңгімелеріміз жарасып, әдебиет пен мәдениет тақырыбында ұзағынан әңгіме қозғап, бұл таныстығымыздың арты бір жыл бойғы руxани жарасымдылыққа ұласып, ақырында шаңырақ көтермекке уағда байластық. Жеке кітапxанамыз қорынан орын алған Қабдеш Жұмаділовтің "Сәйгүліктер" деп аталатын повестер жинағы қолымызға түскен сайын 1985 жылғы "Көкпар" телеxабары жадымызға осылайша орала кетеді.


0
0
2317

Еще по теме

ӨТКЕННЕН БЕЛГІ - Yvision.kz