Тамыздың соңғы декадасы!
Жаздың соңғы декадасын жайлауымда өткізіп келдім. Әкемнің "Мыңбұлақ-Т" деп аталатын шаруашылығы қыстың қамын жаз ойлап жатыр екен. Кішкене қолғабыс жасап қайттық. Ұзындығы 30 м, биіктігі 5метр болатын мая тұрғызуға көмектестім...






Жұмыс кестесі - 7-00 мен 20-00 арасы. Нағыз жігіттер ғана шыдайды. Алғашқы күні мұрыннан қан кетті) Күн жауында шөп тасу мүмкін емес, қи жинадық)Айтпақшы жайлау жақта түйе пайда болыпты.


Жалпы демалыс өте жақсы өтті. Кім қалай демалды? Айта отырыңыздар.
