Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанаға келуім.

Алғаш астанаға келгенім есіме түсіп кетті. Он жыл Алматыда тұрғаннан кейін Астанадан жеткен ұсынысты бірден қабылдау оңай болған жоқ. Оның үстіне шақырып тұрған мемлекеттік мекеме емес, жекеменшік апталық газет. Сенім мен күдік арпалысып тұрғанда мен екеуін де таңдамадым... Тәуекелді таңдадым. 

MiYC68rasUbzMa44kavBYEmqNY10Oo.jpg

Себебі, сәл бөтендеу қалада жақын араласатын да, жақын туысың да болмағаны қиындау. Астана мейірімсіз қала деген шикікөзқарас басым. Керісінше, мен жылылықты осы қаладан таптым. Екінші ұлым Ұлағат осы жерде туды.
iF3WwHwNysNVSSD86cMC0dyMDZ8TIb.jpg

Дос та таптым, бауыр да кездестірдім. Саналы түрде тәуекелге барғаныма өкінбеймін. Қиындықтарды да болар болмас дүние деп шештім. 
L0gxUU7Ny6Hd5Z1fMO9LC04B2gIG34.jpg
Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрбір отбасының шаңырағында тек қуаныштар болсын деймін! #astanaday2014

0
0
659

Осы тақырып бойынша