Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлттық музей көру арманым үш жылдан кейін орындалды

Мен америкалықтардың өзіне соншалықты сенімді ұлт екеніне қайран қалатынмын. Себебін сол елге барғанда жақсы түсіндім. Үш ғасырдан асатын ғана тарихы бар держава өзінің өткенін керемет әспеттейді. Әрбір штат жеке-дара заңмен өмір сүреді десек те сол әрбір штатында ұлттық орталықтар мен музейлер бар. 

l4N1RV1eL3H859JMObh6k2JZDsSONX.jpg

"Ночь в Музее" фильмдері бір ғана музейде түсірілмеген. Соншалықты бай етіп көрінетіні де сондықтан. Мұны мен сол кинода кіре берісте тісі сақ-сақ етіп тұратын динозаврды өз көзіммен көрген адам ретінде жазып отырмын. Сол кезде бізде неге осындай құнды орталық жоқ деп ойланып кеткен едім. Тіпті, Башқұртстанның Уфада қал-қадырынша салып қойған ұлттық мұражайы бар. 
Бізде Ұлттық мұражай ашылды дегенді естігеннен уақыт болмап еді. Бір жағынан үйдегі мәдениеттанушының ауылдан келуін күттім. Сөйтіп бүгін жол түсті.
i0HN40MuCK36B76Rw0jo8Rp5lEsEbz.jpgbJ6xiTE9QMqfdbdG9ptHgS97QG57D5.jpg

Айтпақшы Ұлағат батырсыз тағы болмайды, ерте бардық)
x7F802v3sIhp0UXl4qJ8v65Vo1q210.jpgcLwAv4DYkTFR3yydHJ97BIrNqfyOWM.jpg

Алтын Қыран қанатын кере қағып, сізге ғаламат рух сыйлап күтіп алады.

vi7UFbkIEizF6WulDZ2pmAyMNyJ7Z4.jpg

8PIVv5ZRQzCh7TqTWZ84sYVUNm8aPe.jpg
"Өз елім" ойнағанда бұл өмірде дым бітірмесеңіз де дүниені қырып тастағандай арқаланып кетеіз.


Бүгін осылай демалып қайттық. Халық арасындан Ұлттық Музейдің директоры Дархан Мыңбайды да көріп қалдық.

Жалпы, сәл асығыстық байқалады. Біздің мыңжылдықтар үшін дәл қазіргі жәдігерлер тым жұпыны. Музей қызметкерлеріне жатпай-тұрмай еңбектену қажет. Барып дем, рух алып қайтуға болады, достар!
0
0
1146

Осы тақырып бойынша

Ұлттық музей көру арманым үш жылдан кейін орындалды - Yvision.kz