Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саясаттанушы деген қандай маман?

Қоғамдық пікір айтқанның бәрін қазір саясаттанушы, саясаткер немесе қоғам қайраткері дейтін әдет пайда болыпты. Алдымен, журналистер сауатты болуы - шарт. Себебі, халықтың көзін ашатын да, басқа жерін ашып күлкіге қалдыратындар да журналистер.
Сонымен, менің түсінігімдегі саясаттану туралы.
Негізі "политология" ұғымын аударуға қарсымын. Неге? Өйткені ол "мемлекетті басқару туралы өнерді зерттейтін ғылым" дегенге келеді. Ал қазақта саясат түсінігі жалпылама. Отбасы ішіндегі саясат, көрші-қолаң мен ағайынға қатысты саясат дегендей. Бұл - бір. Екіншіден, осы ғылымнан атақ қорғағандарды "саясаттану ғылымдарының кандидаты/докторы". Ал доктор политических наук дегенді тікелей тәржімаласақ, саяси ғылымдар докторы болып шықпай ма? Хош... қысқасы осы саладан арнайы білімі барларды саясаттанушы деп атап кеттік. Солай қалсын. Ал, саясаткердің мамандығы политолог болуы тіпті де міндетті емес. Саясаткер/политик - ол күрескер. Ананы-мынаны сылтау еткенімен, бәрібір билік, ықпал үшін күреседі. Партия құрады, сайлауға қатысады, яғни нақты процестің адамы. Шатастырмайық.
Билікті зерттейтін ғылымымыз сан салалы. Конфликтолог, политтехнолог,  т.б. Сол салалардың бірі мына жерде әңгіме болыпты. Бірге тыңдайық.
 
0
0
3124

Осы тақырып бойынша

Саясаттанушы деген қандай маман? - Yvision.kz